Жалған үміт жарға жығады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өмірде қандай болмасын бір нәтижеге жету үшін міндетті түрде әрекет ету қажет. Әрекетсіз, қол қуысырып отырған адамға еш игілік өздігінен келмейді. Ондай адамдардың болашақтан үміт күтуі – аспанға қарап аузын ашып, аузыма бірдеңе түсіп қалар деп үміттенетін ақымақтың әрекеті сияқты. Өкінішке орай, алдына нақты  мақсат қойып, соған жетемін деп әрекет етпей, жалған үмітпен өмір кешетін адамдар көп. Ондайлар, өкінішке орай, өмір бойы жалған үмітті желеу етіп, өмірлерін босқа өткізеді.

Айқын мақсат, соған жеткізетін нақты әрекет қажет

Мақсаттың үлкен-кішісі болмайды. Егер сіз бірдеңеге жеткіңіз келсе, онда алдыңызға нақты мақсат қойыңыз және соған жеткізуге қажетті әрекеттерді жасаңыз. Ерте ме, кеш пе сонда мақсатыңыз орындалатын болады. Бұл «екі жердегі екі – төрт» деген сияқты ақиқат.

Мәселен, ағылшын тілін үйренгіңіз келді делік. Ол үшін «ағылшын тілін мынадай уақыт ішінде үйренемін» деп алдыңызға нақты мақсат қоясыз. Содан кейін ағылшынша үйрететін оқытушы жалдап, соның көмегімен оқуды бастайсыз. Үзбей оқитын босаңыз, уақыт өткен сайын тіл үйреніп, белгілі нәтижелерге жете бастайсыз.

Ал, бизнеспен айналысқыңыз келсе, онда да дәл осылайша, мен мынадай бизнестің түрімен айналысамын деп алдыңызға нақты мақсат қоясыз да, сосын сол мақсатыңызды жүзеге асыруға кірісесіз. Дұрыс әрекет жасайтын босаңыз, уақыт өте келе ақырындап нәтиже көріне бастайды. Бұл – мақсатқа жетудің қарапайым және жұрт кең қолданатын түрі. Өкініштісі сол, осындай өте қарапайым ақиқаттың өзін адамдардың көбі түсінбейді.

Енді осыған көзіңізді жеткізіп көрейік. Ол үшін мына сауалдарға  шыншылдықпен жауап беріп көріңіз: «сіздің нақты мақсатыңыз бар ма, болса ол не?», «ол мақсатқа жету үшін қандай әрекет жасап жүрсіз және қанша уақыттан бері?», «сол әрекеттеріңіз қандай нәтиже әкелді және өзіңізді мақсатыңызға қарай алға жылжып барамын деп санайсыз ба?».

Егер сізде осындай нақты мақсат және соған жеткізетін әрекет, ақырсында белгілі дәрежедегі нәтиже болмаса, онда сіздің жалған үмітті желеу етіп, өміріңізді босқа өткізіп жүргеніңіз. Жалған үмітке алданған жандардың жайы қандай болады?

Жалған үмітке алданатындардың жайы

Ондайлардың әдетте мақсаттары нақты емес, бұлыңғыр «шіркін, үйім, сұлу жарым, қымбат машинам, көп ақшам болса..»  деген сияқты болып келеді. Және ондайлар сол бұлыңғыр армандарына жету үшін ешқандай әрекет жасамайды. Олар болашақтан кездейсоқ бақыт күтіп, басыма бақ құсы қонып, кенет барлық ойлағандарым бір-ақ сәтте шешіле кетер деген жалған үмітпен көңілдерін жұбатады.

Бұндай жағдайда нәтиже қандай болмақ? Ол — белгілі. Арман бұлыңғыр болғандықтан, адам бірде ананы, бірде мынаны  қиялдап, өзіне нақты не керектігін де дұрыс білмейді. Мақсатына жетер нақты әрекет жасамайтындықтан, еш нәтиже де болмайды. Нәтиже болмағандықтан көңіл жұбататын, қанағат әкелетін қуаныш та болмайды. Яғни,  мұндай пенделер бей-жай  көңілсіз тірлік кешеді және жалқаулыққа салынады.

Енді сіз мына жайды анықтап алыңыз: сіз осы екі топтың қайссынансыз? Егер екінші топта болсаңыз, онда алдыңызға нақты мақсат қойып, нақты әрекет жасау арқылы өміріңізді өзгертуге әлі де мүмкіндігіңіздің барлығын естен шығармаңыз. Мақаламыз сізге ой салса, онда үміттің ақталғаны.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика