Жалқаулықтан құтылудың жолы қандай?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

25Жалқаулық адамдардың бәріне тән қасиет. Ол біреуде көбірек, енді біреулерде азырақ болады. Жалқаулыққа бой алдырған адамның ешқашан ісі өнбейді, отбасында да, жұмыста да абырой-беделден айрылады. Жалқау адам өзінің уәдесі мен міндеттерін орындамайтындықтан үнемі сылтау айтып, ақталуды әдетке айналдырады. Сондықтан жалқау адамдар әдетте өтірікші болып келеді.

Жалқаулық қазақтың қанына сіңген қасиет пе?

Жалқаулық барлық адамның бойында болады десек те, мұндай қасиет жалпы алғанда ұлттық салт-санаға да байланысты болмақ. Бір халықтарда жалқаулық көбірек те, екіншілерінде аздау болып жатады. Мәселен, іргелес Қытай халқын алып қарайық. Жері тау-тасты қытайлықтар 1 млрд-тан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Кеңес заманында Қытайға барып қайтқан адамдар олар, тіпті үйлерінің төбесіне дейін көкөніс немесе басқа да дақылдарды егіп тастайды екен деп келетін.

Кеңес заманында Қима деген шалғайлау ауданда газетте қызмет істедім. Тілші ретінде ауылдарды көп аралаймын. Сонда байқағаным, таза қазақтар тұратын ауылдарда ағаш, бау-бақша болмайды. Кеңшар салып берген үйлердің сырты қарақотырланып, сылағы түсіп сұрықсыз болып тұрады. Немістер көп тұратын Запорожье деген село болды. Көкпеңбек бау-бақша, үйлері әппақ қардай ақталған, сол кездің өзінде хан сарайындай зәулім үйлерді немістер өздері тұрғызып алатын.

Біз жалқау емеспіз деп қанша жарияға жар салсақ та, шындығында жалқаулық қазақтардың қанына сіңген қасиет пе деп қаласың. Ұлы Абайдың қара сөздерінде қазақтардың жалқаулығы жайында көп айтылады. Абай заманынан бері көп уақыт өтсе де, әлі күнге дейін қазақ сол ескі әдеттен арыла келмей жатқан сыңайлы.

Мысалы, басқа жерді білмеймін Көкшетауда (мұндағы қазақтарыдң көбің орысша сөйлейді) тойға сағат 8-де шақырса, 10-нан өте келе бастайды. Бай-бақуатты кәсіпкердердің көбі өзге ұлт өкілдері. Қазақтардың бәрінде дерлік банктен алған кредиттері бар. Әйтеуір шықпа жаным-шықпамен күн көріп жүргендер көп.

Орыстардың арақ ішпесе жүре алмайтыны сияқты, қазақтар істен гөрі, сөзге үйір болып, жалқаулыққа бой алдыратыны малмен күн көретін ата-баба кәсібіне байланысты ма екен деген ой келеді. Малды өріске жіберген соң қыр басында шынтақтап жатып әңгіме соғуды әдетке айналдырған қыр қазақтарының бүгінгі ұрпағы да істен гөрі, сөзді жақсырақ көретіні байқалады.

Жалқаулықтан қалай құтылуға болады?

Жалқаулық мойынға мінсе, ол ешқашан, еш жерде опай таптырмайды. Одан құтылу үшін не істеу қажет? Алдымен жалқаулықтың неден пайда боларын, түп тамырын бағамдап алған жөн болады. Жалқау адамдар әдетте, бүгін істейтін шаруаны үнемі ертеңге ысырып тастауға әуес келеді. «Ертең-ақ жасармын, жау қуып бара жатқан жоқ, үлгіремін ғой» деген дайын сылтауды көңілге медеу ететін жалқау әрдайым бүгінгі атқарылатын істерін кейінге ысырумен болады.

Жалқаулықтың тағы бір себебі – салдыр-салақтық. Салақ адам істейтін шаруаларының ретін білмейді, әйтеуір ыңғайы келгенді жасап, жұмыс істеген болады. Реттілік болмағасын кейбір шаруаларын ұмытып кетіп немесе маңызды шаруаларын қойып, ұсақ-түйекпен уақыт өткізеді.

Жалқаулықтан арылу үшін, өзіндік даму ғылымын жетік меңгерген, қайыршыдан миллионер болған Алекс Яновскийдің айтуынша, ең алдымен, бүгін жпасайтын шаруаңды ешқашан ертеңге қалдырмау қажет. Тіпті, уақытыңыз болмай, басқа шаруалар киіп кетіп жатса да, бүгінгі ісіңізді міндетті түрде бүгін істеп машықтаныңыз. Бұл – жалқаулықты жеңудің бірінші және негізгі тәсілі.

Екіншіден, таңертең («утром вечере мудренее» дейді орыстар) бүгінгі атқаратын барлық шаруаларыңызды пысықтап, қағазға түсіріп жазып қойыңыз. Маңыздыларын бірінші орынға, маңызы төмендеулерін кейінірек жасаймын деп белгі соғыңыз. Осыдан кейін сол өзіңіз ойластырған жоспар бойынша шаруаларыңызды рет-ретімен атқарыңыз. Бұны күнделікті берік әдетке айналдырыңыз.

Міне, қарапайым осы екі жаттығу арқылы сіз жалқаулықтан жүз пайыз болмаса да, 90 пайыз көлемінде құтыла аласыз. Бұны жүзеге асыру сізден ақшалай шығынды, көп күш-қуат немесе уақыт жұмсауды қажет етпейді. Тек ниет пен ынта болса болғаны.
 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика