Жаратқанның бір сипаты — Уақыт
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Жанды, жансыз заттардың бәрінің ғұмырын өлшеп, ескіртіп, тоздырып, ақырсында жойып отыратын мына әлемнің әміршісі – уақыт. Уақыттан жеңілмейтін, оның әміріне бағынбайтын тірі мақұлық, не өлі зат жоқ. Таулар да мүжіліп, құмға айналады, мұхит та сарқылып, жоғалады. Мәңгілік деп санайтын Жер де, Күн, жұлдыздар да уақыты келгенде сөніп, жоғалады. Осылайша уақыт барша әлемге өзінің шексіз әмірін жүргізеді, оның ықпалына түспейтін, оған бағынбайтын жанды-жансыз нәрсе жоқ.
Уақыт деген не?
Бүгінгі материалистік түсінік уақыт жайында тұщымды ешнәрсе айтпайды. Белгілісі – уақыт деген абстрактылы ұғым, ол өткеннен болашаққа қарай бір бағытта жылжиды деген сияқты бұлыңғыр түсініктер ғана. Ал, ведалық ілімде уақыт жайында жан-жақты және нақты тұжырымдар берілген.
Шримад Бхагаватамда атомнан да кіші барша әлемге жайылған өте ұсақ бөлшектердің бір-бірімен қосылу, содан белгілі бір жағдайға жеткенде қайта ажырау процесі жайында айтылады. Әлгі ұсақ бөлшектердің қосылуы ырғақты түрде, бірқалыпты жүреді екен. Міне, сол қосылу процесі уақыт болып табылады.
Веда ілімі уақыт өткеннен болашаққа қарай біржақты жылжиды деп санамайды. Уақыт кезеңді түрде өтеді. Яғни, жыл мезгілдері: көктем, жаз, күз, қыс немесе күн мен түн сияқты уақыт та кезеңдер арқылы үнемі қайталанып отырады. Және Шримад Бхагаватамда Құдайдың бір сипаты – Уақыт деп айтылған, ол санскрит тілінде Кала деп аталады.
Уақыт – ұстаз
Алла барша әлемнің Әміршісі, Жаратушысы және Ұстазы. Мына өзіміз өмір сүріп жатқан дүние – мектеп секілді. Бұл фәниге ешбір пенде тектен-тек келген жоқ. Әрбір адамның өмірдегі орны, міндеті немесе миссиясы болады. Өмір-мектепте оқып, білімін толықтырып, өз миссиясын орындаған адам уақыт баспалдағымен биіктерге көтерілмек. Ал, өз міндетін түсінбей, миссиясын орындамай уақытын босқа өткізген пенде керісінше, төмен құлдырамақ.
Алланың бір сипаты ретінде Уақыт-Кала адамға үнемі мүмкіндіктер беріп, оны биіктерге жетелеп отырады. Егер сіз бір шаруаңызды бүгін атқара алмасаңыз, оған алдағы уақытта тағы да мүмкіндіктер беріледі. Адам өмірі веда ілімі бойынша 7 сатылық уақыт кезеңі бойынша өтеді. Әр сатыға лайықты мінез, көңіл күй және мүмкіндік бар. Егер пенде сол сатылардың бәрінен белгіленген уақытында өтіп, өз міндетін адал атқарса, онда 7 жетілік сатыдан өтіп, 49 жасында даналыққа қол жеткізеді. Егер уақыт-мектептің сатыларынан өте алмаса, онда жоғары оқу орындарындағыдай «хвост» деген пайда болады. Яғни, бұл сіз тапсырмаған емтихандар. Оны тапсыру үшін сізге тағы да мүмкіндіктер беріледі.
Осылайша, адам уақыт-мектептің бағдарламасын оқып, аяқтағанша білім алуын жалғастыруға мәжбүр болмақ. Сіз уақыт-мектептің баспалдақтарынан түгел өттіңіз бе, жоқ па, оны анықтау үшін өзіңіздің қазіргі жайыңызға назар аударсаңыз жеткілікті. 49 жасында уақыт-мектепті аяқтаған адам дана болады. Оның бойында сабырлылық, байыптылық, қайрымдылық, айналасындағыларға деген жанашырлық, дүниенің жалғандығын ұғынушылық сияқты қасиеттер берік орнығады. Тағы бір ерекшелігі: даналыққа жеткен адамда нәпсі деген атымен болмайды, яғни ол адам жыныс жақындыына еш құштарланбайды.
Егер сіз 49 жастан ассаңыз, бірақ бойыңызда жоғарыда аталғандай жақсы қасиеттер орнықпаса және жыныс жақындығына деген құштарлығыңыз жойылмаса, онда сіз уақыт-мектептің баспалдақтарынан толық өтпегенсіз. Яғни, сіздің тапсырылмаған емтихандарыңыз бар. Уақыт-ұстаз сол емтихандарды тапсыруға мәжбүрлейді.
Адамның қартайған соң бала сияқтанып кететіні, жасына қарамай «ғашық» болып немесе сән қуатыны, қылжаңдап жас балаша жеңілтек күйге түсетіні, т.т. – бәрі сол тапсырылмаған емтихандардың салдары.
Мына жайды есіңізде ұстаңыз: егер сіз уақытыңызды тиімді, яғни мақсатқа сай пайдаланбайтын болсаңыз, онда Уақыт сізді жазалайды. Ол мына жайдан анық байқалады: сіз үнемі асығып-үсігіп жүресіз, бірақ қанша асықсаңыз да үнемі уақытыңыз жетпей, ісіңіз шала болып жатады. Сондай-ақ, уақытыңыз зымырап өте жылдам өтеді, таң атса кештің қалай батқанын сезбей қаласыз. Уақыттың асқан жылдамдықпен өте тез өтуі де уақытты дұрыс пайдаланбаудың белгісі.