227 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Біз өмір кешіп жатқан Күн жүйесінде сегіз планета бар екен. Олар: Жер, Юпитер, Марс, Венера, Сатурн, Меркурий, Нептун, Плутон планеталары. Жердің бір серігі – Ай болса, басқа планеталардың да оны айналып жүретін үлкенді-кішілі серіктері бар. Мәселен, Юпитердің 22 серігі бар екен. Бұл енді бір ғана Күн жүйесінің планеталары. Ал ғарышта Күннен де басқа жұлдыздық жүйелер жетіп артылады. Солардың бірінде болмаса, екіншісінде жердегі сияқты саналы тіршіліктің болуы мүмкін ғой.

Ғарыш туралы қазіргі ғылыми түсінік

Біз өмір кешіп жатқан қазақ тілінде Құс жолы деп аталатын, ал ғылыми ортада Спирал галактика аталған жұлдыздар шоғырында 3 миллиардтан астам жұлдыздар мен планеталар, басқа да үлкенді-кішілі аспан денелері бар екен. Ал астрономия ғылымы бүгінгі ең жетілген электронды телескоптар арқылы көріп, біле алатын жақын маңдағы галактикаларды – метагалактика деп атайды. Сол метагалактикада мыңнан астам галактикалар бар. Әр галактикада орта есеппен 3 миллиардай аспан денесі болса, енді есептеп көріңіз.

Ал бүгінгі ғылымның мүмкіндігі жетпейтін қашықтықта не бар екендігі жалғыз Жаратқанға ғана аян. Яғни, аспан әлемі шексіз және адам баласы әзірге оның шет-шегіне жетіп, құпия сырларын түсінуге қауқарсыз болап отыр. Ғылым дамыған сайын табиғат алдымызға сансыз көп жұмбақ тылсым сырларын тартуда.

Әлемнің жаратылуы туралы қазіргі ғылымның түсінігіне сай, үлкен жарылыстың салдарынан қатты сығымдалған энергия жан-жаққа таралып, суынған соң аспан денелеріне айналады және бір-бірімен тебілу-тартылу күші арқылы байланыста айналысқа түседі. Аспан денелері уақыт өткен сайын бір-бірінен қашықтай түспек. Қашықтық белгілі бір шекке жеткен соң, арадағы ықпалдастық жойылып, аспан денелері соның салдарынан ыдырап, шығын бөлшектерге анйалып кетеді. Ол шағын бөлшектер уақыт өте келе бір-бірімен баййаныса отырып, алып үлкен энергетикалық масса құрады. Бұл алып масса ішкі қуаттың шексіз көтерілуінен тағы да үлкен жарылыс болып, тіршілік қайта пайда болады. Міне, әрбір 30-40 триллион жылда қайталанып отыратын осындай құбылыс күн мен түннің кезектесіп келетіні сияқты мәңгілікк е жалғасады.

Саналы тіршілік Жерде ғана ма?

Бүгінгі материалистік ғылыми түсінікке сай, саналы адам формасындағы тіршілік миллиардтаған жылдық  эволюциялық дамудың жемісі. Енді мынадай лигикаға сүйенсек, онда саналы тіршіліктің жалғыз жерде ғана болмайтынын ұғыну қиын емес. Жоғарыда айтып кеткеніміздей аспандағы шексіз көп ғарыш денелерінің бірінде болмаса, екіншісінде дәл жердегідей тіршіліктің дамып, саналы тіршілік иелерінің пайда болу мүмкіндігін ешкім де теріске шығара алмайды.

Ендеше, адам сияқты саналы тіршілік иесі тек Жерде ғана бар, шексіз шетсіз ғарыштағы аспан денелерінде ешқандай тіршілік жоқ деу, ақылға сиымсыз есуастық. Яғни, саналы тіршілік иелері ғарышта бар және ол бірлі-жарым емес, көп болуы мүмкін.

Ведалық ілімнің қайнары саналатын Шримад Бһагаватам кітабында біз өмір кешіп жатқан әлем 14 планеталықө жүйеден тұрады дейді. Жоғарғы планеталық жүйелерде періште тәрізді бойларында түрлі тылсым қасиеттері бар ұзақ ғұмыр сүретін тіршілік иелері өмір сүрсе, төменгі планеталарда санасы тағылық деңгейдегі тіршілік иелері мекен етеді. Жер жоғарыдан санағанда 8-ші планеталық жүйде орналасқан, яғни орта деңгейдегі планета болып табылады.

Өз капиталыңызды жасап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді құрал. Сіз салған ақшаңызды қысқа мерзімде екі есеге көбейте аласыз. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы сайтқа кіріп алауға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика