Жын-перінің тұзағында

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Көзге көрінбейтін, бірақ адамдарға түрлі залал келтіріп жататын жын-пері аталатын мақұлықтың барлығы туралы ел арасында айтылып жүретін әңгімелерді былай қойғанда, жынның барлығын растайтын Құран аяттары да бар. Ол аз десеңіз, сондай тылсым тіршілік иелерімен кездескен адамдардың айтқандарына негізделген ақапарт құралдарында жарияланып жататын мақалалар мен теле-радиохабарлар да жетерлік.

Жынның азабы

Жақында әлеуметтік желіде бір қазақ әйелі өзін көптен бері жын азаптап жүргендігі жайлы видеоролик жариялады. Әлгі әйелдің айтуынша, құлағына түрлі дыбыстар келеді, өзіне де, өзгеге де залалын келтіретін әрекеттер жаса деп әмір етеді екен. Тіпті, ол бірде мысықтың баласын тірідей жұтып қойыпты. Әбден запы болған әйел дәрігерлерге де, молдаларға да барған. Бірақ нәтиже жоқ.

Ондаған, тіпті жүздеген қыз-келіншекті зорлап, артынан өлтірген ағылшындық Үрейлі Джо, ресейлік Чикатило сияқты маньяктар туралы жазылған мақалалаларда олардың бұндай әрекетті әлдебір күштің ықпалымен жасағандығы туралы айтылады. Енді мынаған назар аударып көріңізші: ақыл-есі дұрыс адам жүздеген қыз-келіншекті зорлап, өлтіре ме?

Жын-перінің құрығына түскен пенде ақылға сыйымсыз шаруалар жасап, соны өзі жақсы әрекет деп бағалайтынын бағамдаймыз. Сырт қарағанда олардың бұл әрекеттері нағыз есуастық, ал өздері үшін ол қажетті және дұрыс әрекет.

Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын аулада ойнап жүрген бес жастағы қыз баланы алдап көлігіне мінгізіп алып, саяжайға апарып зорлап, сосын қылғындырып өлтірген жасы қырықтардағы отбасылы азамат туралы сол тұста БАҚ айтып, жазды. Өзіңіз ойлап көріңіз: әйелі, балалары бар ақыл тоқтатқан қырықтың қырқасындағы азамат бес жастағы бүлдіршінді зорлайды. Бұны енді есуастық демеске еш лажың жоқ. Содан кейін сәбиді қылғындырып өлтірмек болады, бірақ  шала өлтіріп кетеді. Сәби ауруханада жатып, азаппен өлді. Осы азғындық әрекеті үшін әлгі азаматты сот өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесті. Иә, қаршадай қызды зорлап, ол қаншалықты рахат алды дейсің. Ал сол үшін қанша адамнан қарғыс естіді, өле өлгенше түрмеде отырады және өлген соң тозаққа түсіп, өртенеді. Сайтанның тіліне ергеннің жемісі осы.

Жынның тұзағына кімдер түседі?

Үшінші көз дейтін өзгелер көрмейтін нәрселерді көретін қасиеті ашылған адамдар бүгінде жер-жерде кездеседі. Соларыдң айтуынша, адамдарыдң сыртын түрлі түсті ғылыми тілмен  аура аталатын сәуле қоршап тұрады. Құдайсыз, дінсіз тірлік кешіп, арақ-шарап ішетін, зина жасайтын, басқа да күнәкарлық әрекетке бейін жандарыдң аурасы қарақошқыл түсті болса, керісінше таза тірлік кешетін адамдарда ол ақ түсті болады екен. Ақ түсті аурасы бар адамдардың қорғанысы мығым, сондықтан оларға жын-пері жуымайды екен.

Күнәкар тірлік кешетін пенделердің аурасы қарақошқылданып, сыртқы жаман күштерге тосқауыл қою қабілеті әлсірейді. Осыдан келіп, ондай жандарға жын-сайтан үйір болып, тәніне кіріп, ақыл-ойына әмір жүргізбек. Ондайлардың құлағына түрлі дыбыстар естіліп, көздеріне неше түрлі қорқынышты құбыжықтар елестейді. Бұны ғылыми тілмен «белый горячка» деп атайды.

Нәзік формалы, біздің материалдық сезім мүшерлерімізге сезілмейтін тіршілік иелерінің тірлік ететінін қазіргі ғылым да теріске шығара алмайды. Видеокамераларға түсіп қалып жататын түрлі жұмбақ бейнелердің жиі кездесіп жататыны осы шындықты айқындай түседі.

Жынның тұзағына түспеу үшін не істеу керек? Ең алдымен, шариғат жолын ұстанып, таза жүрген жөн және нәпсіні тыйып, түрлі арсыздықтарға итермелейтін жаман кинолар мен хабарларды қараудан бас тартқан дұрыс болады. Бүгінде интернеттің қолжетімділігін пайдаланып, үлкен де, кіші де ер мен әйелдің жақындығын ашық көрсететін арсыз фильмдерді көп көретін болды. Бұндай арсыздықтар туралы ақпарат ақырындап санаға сіңіп, алдымен адамның ақыл-ойын ластайды. Ақыл-ойы ластанған пенденің сөзі бұзыла бастайды. Оның соңы арсыз теріс әрекет жасауға итермелейді. Сырт қарағанда отбасылы, жақсы тәрбиелі, тәуір қызметі бар адамның ақылға сыймайтын лас әрекет жасауының түпкі себебі де осында екені анық. Мәселен, осыдан екі-үш жыл бұрын өзінің мектепте оқитын ұл баласын зорлап келген мектеп директоры сотталды. Бұндай арсыздықты ол бірден жасай салмағаны, ақыл-ойы бұзылып, сайтанның ықпралына түскен соң сондай арсыздыққа барғаны даусыз. Ендеше, жынның тұзағына түспеймін десеңіз, ақыл-ойыңызды таза ұстаңыз, ол үшін жақсы ақпараттар алуды әдетке айналдырыңыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика