Жын, сайтан туралы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Жын-сайтан туралы аңыз әңгімелер әлемнің барлық дерлік халықтарында бар. Сайтан туралы түсінік дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптары саналатын Інжіл мен Құранда да баяндалады. Тіпті, Құранда жын деген сүре де бар.

«Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді халық даналығы. Жын-сайтан туралы түсінік бар екен, онда сондай мақұлықтардың да барлығында күмән жоқ. Ол мақұлықтар адамдардың көзіне күнде көрініп жүрмесе де, олардың бар екендігіне дәлел болатын жағдайлар әлемнің әр өңірінде, тарихтың әр кезеңдерінде болып отырған. Өз басым сайтан деп аталатын мақұлықты көзімен көрген бірнеше адамның әңгімелерін тыңдадым.

Қасиетті Құранда Алла адамды топырақтан жаратып, оған рухын үрлеп енгізген соң барлық періштелерді жинап, Адамға сәжде қылуды бұйыратыны туралы аяттар бар. Алланың әмірімен барлық періште Адамға сәжде қылғанда, тек Ібіліс қана сәжде етпейді. Алла одан неге сәжде етпегенін сұрағанда «мені оттан, ал адамды топырақтан жараттың, топырақтан жаратылған адамға сәжде етпеймін» дейді ол. Осылайша, тәкаппарлық жасаған сайтан Алланың қарғысына ұшырап, жұмақтан қуылады.

Құранда сайтан қиямет қайымға дейін өмір сүретіні және адамдарды аздырып, жолдан тайдыратыны жазылған. Қасиетті кітаптан осылайша біз сайтан деп аталатын мақұлықтың қиямет қайымға дейін жерде адаммен қатар өмір кешіп және адамдарды жамандыққа азғыратынын білеміз. Аңыз әңгімелер түрінде түсірілген Құранды тікелей мағынасында түсінетіндер немесе оны ертегі санап, сенбейтіндер де бар. Қазіргі көкірек көзі ашық білімді адамдарға Құранда жазылған адамға сәжде қылмағаны үшін Алланың қарғысын арқалап, жұмақтан қуылған және сол үшін кектеніп, адамдарды жаман жолға азғыратын сайтан туралы әңгімелер ертегі болып көрінері анық. Дегенмен де, осы әңгіменің астарына зер сала қарасақ, одан үлкен ақиқатты тануға болады.

Сайтанның адамдарды азғырып, теріс жолға ынталандыратынына Құранда айтылғандай адамға сәжде қылмағаны үшін Алланың қарғысына кектенуі себеп болды десек, ол жалаң біржақты түсінік болар еді. Бұл мәселеге ғылыми тұрғыда қарайтын болсақ, оның себебі анықтала түседі.

Бүгінде бізге көрінбейтін параллел нәзік әлемді көріп, ондағы болып жатқан жағдайларды бақылай алатын экстрасенстер мен басқа да бойларында қасиеті бар адамдар аз емес. Олардың осы тақырыпта түсірген видеосабақтары мен жазған мақалаларын интернеттен көптеп табуға болады. Соларға назар аударғанымызда, сайтан аталатын мақұлықтың табиғатын біршама біле аламыз.

Сайтан да Құранда жазылғандай, жын нәсілінің бір бұтағы саналады. Жын деген үлкен бір нәсіл болса, оның сан түрлі тармақтары бар. Бұны ақ, сары, қара нәсілді адамдармен салыстыруға болады. Сайтан да жын нәсілінен және олар адамдар сияқты бес дөрекі материалдық тәннен емес, үш нәзік элементтен құралған нәзік тәннен тұрады. Адамда да ондай нәзік тән бар, бірақ, ол жер, ауа, от, су және эфир түріндегі материалдық элементтерден құралған фәни тәннің ішінде орналасқан. Құранда сайтанның тұрағы ет пен терінің арасында делінген. Ал адамның еті мен терісінің арасында ақыл, зерде және жалған эгодан тұратын нәзік тән бар. Оны ғылыми түсінік бойынша астральдық тән деп атайды.  

Осыған қарап, сайтанның астральдық тәнмен астральдық әлемде тірлік кешетінін бағамдауға болады. Бүгінде ет пен сүйектен тұратын адам тәнінің ішінде көзге көрінбейтін оның көшірмесі іспетті нәзік астральдық тәннің барлығы құпия болудан қалды. Астральдық өлшемге шығып, нәзік әлемде сағаттар бойы жүре алатын адамдар аз емес. Американдық Карингтонның астральдық әлем туралы жазылған көлемді кітабы бар. Нәзік тәні арқылы оның табиатын жан-жақты зерттеген ол астральдық тәннің табиғаты мен ерекшеліктері жайында жан-жақты баяндайды.

Қабырғаларды көктей өтіп, суда қара жерде жүргендей жүре алатын, тіпті көкке көтеріліп, бас айналдырар шапшаңдықпен ұшатын нәзік тәннің мүмкіндігі шексіз көп. Міне, сондай астральдық тәнге ие сайтанның адамға қарағанда мүмкіндіктері өте жоғары. Олар мыңдаған шақырымдық қашықтықты қас қағым сәтте жүріп өте алады, судың астында, ауада, тіпті жердің астында да өмір сүре алады. Осындай зор мүмкіндіктерге ие сайтанның ең осал жері – энергиямен қоректенетіндігінде. Олар адам сияқты қуатты тамақтан, ұйқыдан  алмайды және өздері қуат өндірмейді. Сонда энергияны қайдан алады?

Сайтан энергияны адамдардан алады. Иә, адамдар ібілістің өмір сүруіне қажетті қуатты өндіруші негізгі қуат көзі деуге болады. Рас, олар аңдар мен жан-жануарлардан да қуат алады, дегенмен, ең негізгі қуатты адамдардан алады. Осы орайда, адам сайтандар үшін қорадағы малы іспетті рөл атқарады деуге болады. Адам үшін қорадағы малы бір жағы қорек, екінші жағынан көлік, одан қалды жүні мен терісін киім ретінде пайдаланады. Яғни, адам үшін мал өмір сүруге қажетті игіліктерді беретін пайдаланушы құрал сияқты.

Адам да сайтан үшін қорасындағы малы іспетті. Ібілістің ізбасарлары адамдардың өндірген ашу, ыза, қорқыныш, нәпсіқұмарлық, арсыздық түріндегі лас қуаттарын бойларына сіңіріп, өмірлік күш-қуат алады. Осыған орай, сайтан адамдардың әрдайым қорқыныш пен үрейде болып, ашу-ызаға бой алдыруына, нәпсіге еріп түрлі арсыздықтар жасауына мүдделі. Өйткені, адам сондай әрекеттерге барғанда ғана лас қуатты бойынан шығарады.

Ал егер де, адамдар дін жолына түсіп, имандылықты ұстанса, олар ешқашан ашу-ызаға, нәпсіге бой алдырмайды. Осыған орай, сайтанның адамдардан алатын энергиясы азайып, олар әлсізденеді. Сондықтан да, сайтан әрдайым адамдардың діннен, имандылықтан аулақ болып, арақ-шарап ішіп, нәпсіге берілуіне, ұрыс-керіске баруына, мемлекеттердің өзара соғысуына мүдделі болады. Осындай жағдайларда ғана адамдар сайтанға қажетті лас қуатты молынан өндіреді.  Осы орайда, жын нәсілінің өкілдері адамдардың жаман теріс әрекеттерге баруын, сөйтіп өздері үшін қажетті лас қуатты өндіруін сырттай бақылап, күтіп жүрмейді, олар тікелей адамдарды сондай жаман әрекеттер жасауға мәжбүрлеуге күш салады. Құранда айтылған сайтан адамның ашық дұшпаны деген аяттың мәні де осында. Бұл қалай жүзеге асады?

Әрине, бұрын жаман теріс әрекеттерге бармаған пенде ондай жаман ойлардың жетегіне бірден ілесіп кетпейтіні белгілі. Десе де, сайтан әлгіндей теріс ойды оның санасына әлсін-әлсін сіңіріп, оған пендені әбден еліктіріп, сенідіреді. Рухы әлсіз, ақыл-ойын бақылай алмайтын адамдар сайтанның тұзағына тез түседі. Сөйтіп олар еріксіз түрде өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізетін жаман әрекетті қалай жасағанын сезбей қалады.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ақыл өзінің ықпалын ой арқылы таратады. Ой да қуат. Сайтан сол ой қуатын пайдаланады. Нәзік тәнмен астральды өлшемде өмір сүретін ібілістің ізбасарлары адамдардың не істеп жатқанын, бар өмірін көріп, куәсі болып жүреді. Олар адамдардың әрекеті мен сөзін ғана естіп, көріп қоймай, олардың ойларын да оқи алады. Адамдардың сөзі де, әрекеті мен ойы да қуат туғызып, ол қуат телеканалдың эфир арқылы таралатын толқыны іспетті кеңістікке таралады. Оны сайтан көріп тұрады. Енді оған қалғаны түрлі ойларға беріліп, басы қатқан пенденің ой толқынына қосылу ғана. Медитация дегеннің не екенін білмейтін және өз ойын бақылап, басқаруға ешқашан талпынбаған пенденің ойына мың түрлі жайлар келіп, кетіп жатады. Әрнәрсені ойлап, басы қатып, мәңгірген пенденің ой толқынына сырттан қосыла кеткен ібілістің ізбасарлары адамды нәпсіқұмарлыққа, әлдекімдерге жамандық жасауға, ұрлық, тонау сияқты теріс әрекеттер жасауға азғырып, сондай ойларды санасына сіңіре бастайды. Ондай жаман ойлардың қайдан келгенінен бейхабар пенде бұның бәрін өз ойым деп қабылдайды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика