Атаулары әртүрлі айтылатындықтарына қарамастан, барлық халықтарда адамдардың санасына әсер ететін көзге көрінбейтін қараңғы күштердің болатындығы жайында түсінік бар. Ағылшындар оны гном, трол деп атаса, орыстар домовои, черт дейді. Қазақтар жын, пері, сайтан деп атайды. Ондайлар көзге көрініп, адамдармен қатар өмір кешпегендіктен, бұны ойдан шығарылған ертегі санайтындар бар. Әсіресе, атейстік түсінік үстем болған кеңес заманында адамдар ондайларға мүлдем дерлік сенбейтін.
Өз басым сондай қараңғы күштердің барлығын дәлелдейтін бірқатар жайлардың куәсі болған едім. Енді соған тоқталайын. 1990-шы жылдардың ортасы, ол кезде Атбасарда аудандық газетте қызмет ететінмін. Әкімдік екі бөлмелі пәтер берді. Дүкендердің бәрі босап қалған тапшылық кез. Жихаз деген атымен жоқ, оны тек жеке адамдардан ғана сатып алуға болады. Содан аудандық газетке шыққан жарнама арқылы ағаш керует сатып алдым. Иесі орыс екен. Керуетті үйге әкелген соң сол күні түнде сонда жаттым. Көзім іліне бере әлдебір күштің өзімді тұншықтырып баса бастағанын сезіндім. Жандәрмен оянып орнымнан тұрдым. Қайта жатсам, әлгі кеудемді басып тағы тұншықтыра бастайды. Анда-санда бастырылып қалатыным болатын еді, сол екен деп ойлағанмын. Бірақ олай болмады. Көзімді жұма бергенімде кеудеме мініп алған бірдеңе бар күшімен езгілеп тұншықтыра бастады. Оны анық сезініп жатырмын. Орнымнан тұрайын десем, қозғала алмаймын. Содан «бісміллә, бісіміллә» дедім жандәрмен. Сол кезде ғана мені басқан күш әлсіреп, көзімді ашып орнымнан тұрдым. Содан қорқайын дедім. Бұның жәй бастырылу еместігін сеземін. Есіме біреулерден естіген отпен аластау туралы әңгіме түсті. Ол кезде свет жиі өшетіндіктен шырақ алып қойғанмын. Сол шырақты жағып төсегімді айналдырып «алас-алас, бісіміллә-бісіміллә» деймін күбірлеп. Осылайша төсегімді аластаған соң енді сол бөлмені, одан әрі бүкіл пәтердің ішін отпен аластап шықтым. Міне, содан кейін барып бастырылмай еркін ұйықтадым. Сол жағдайдан кейін әлгі пәле мені қайтып мазаламады.
Толығырақ »
Материалист ғалымдардың пікірінше адам кезедйсоқтықтан пайда болған тіршіліктің эволюциялық дамуының жемісі. Энгельстің «Адамның пайда болуындағы еңбектің рөлі» деген кітабында маймылдардың еңбек, оның ішінде саналы еңбек ету арқылы ақырындап адамға айналғандығы айтылады. Осылайша, материалистердің ұғымынша адам деген ет пен сүйектен жаратылған түрлі химиялық элементтердің қосылысы ғана. Шынында да солай ма?
Алманияда өмір сүрген бір кісі автокөлік апатынан қайтыс болып, оны медициналық сараптама барысында тексерген кезде дәрігерлер өмірі көрмеген таңғажайып жайға тап болады. Елуді еңсерген әлгі кісінің миы жоқ болып шықты. Кәдімгі түрлі иірімдер мен сайлардан, қатпарлардан тұратын мидың орнында қоймалжың сұйық қана бар екен. Миы жоқ адамның қалай өмір сүргендігі, айналасындағы адамдармен араласып, қалай жұмыс істегендігі белгісіз. Кейін анықталғандай ол ақыл-есі түзу және қарапайым басқа да пенделер сияқты отбасы құрып, кәдімгідей тірлік кешкен. Одан ақыл-ойының ауытқушылығы сияқты келеңсіз құбылысты айналасындағылар ешқашан байқамаған.
Толығырақ »
Ғылыми тілмен салыстыра айтар болсақ, әйел мен еркек теріс және оң зарядтар сияқты. Яғни, минус және плюс зарядтар. Қарама-қарсы бұл зарядтар бірін-бірі тартады, ал екі бірдей заряд тоғысса, бірін-бірі кері тебеді. Физиканың заңы осындай. Дегенмен де, табиғат заңдарын мансұқ етпейтін екі аяқты адам атты пенделердің арасында бір зарядтылардың бірін-бірі тартатын жайлары да кездеседі. Ондайларды гомосексуалист немесе гей және лесбиан деп атайды.
Жаратылыс тану ғылымы әйел мен еркектің табиғаты жайында тек физиологиялық сипатын ғана қамтып, зерделейді. Шындығында, әйел мен еркектің табиғаты тәни, яғни физиологиялық сипатпен ғана шектелмейді. Бһагавад Гитада Құдай екі бөліктен: еркек және әйел бастауынан тұратыны айтылады. Еркек бастауының еншісіне барлық қуаттың 75 пайызы тисе, әйел бастауы 25 пайызын иеленеді. Екеуі қосылып, толымды бүтінді құрайды. Құдайдың мәңгі ажырамас бөлшегі болып саналатын саналы адамдар да екі бөліктен: әйел және ер бастауынан тұрады.
Толығырақ »
Бһагавад Гитада адамдардың өз міндеттерін орындамауының салдарынан рухани азғындыққа ұшырап, дүниеге тексіз ұрпақ әкелетіні айтылады. Веда ілімінде адамдардың Жаратқан белгілеп берген міндеттерін мүлтіксіз орындауы — дхарма деп аталады. Дхарма ұғымы — дінге қарағанда әлдеқайда кең және ұлттық салт-дәстүрлермен астасып кеткен. Үлкенді сыйлау, неке тазалығын сақтау, өтірік, өсек, ұрлық сияқты жаман әдеттерден аулақ болу — бәрі дхарма саналады. Дхарманы сақтаған адам діни шарттарға да, ұлттық салт-дәстүр мен қағидаларға да қайшы әрекет жасамайды.
Веда өркениетінде дүниеге жақсы өнегелі ұрпақ әкелу үшін жасалатын Самскара аталатын шарт бар. Ерлі-зайыптылар отбасы құрған соң бірге біраз уақыт Самскара шарты бойынша ораза ұстап, тамақ ішуді шектейді, ұрыс-керіс сияқты жаман әдеттерден аулақ болады. Сырт қарағанда бұл шарт мұсылмандардың ораза айында ұстайтын ауыз бекітуіне ұқсайды. Ораза кезінде аузын бекіткен мұсылман күнұзақ ішіп-жеуден тиылып, оған қоса ешкіммей ұрыспай, жаман әрекеттер жасамай, ақыл-ой, эмоциялық жағынан да тазаруға күш салады.
Толығырақ »
Ұстазға қол тапсырып, рухани даму жолына түскен буддашыларда мынадай түсінік бар: рухани практикамен айналыса жүріп, белгілі бір деңгейге жеткенде адам айналасындағыларды өзгеріссіз шынайы қалпында көре бастайды. Өмірді өзгеріссіз шынайы қалпында көру деген не? Енді осы жайына кеңірек тоқталайық.
Бһагавад Гитада адамдарды өзіне де, өзгелерге де залалын тигізетін теріс әрекеттер жасауға еріксіз мәжбүрлейтін күштің барлығы, ол күштің нәпсі екендігі айтылады. Нәпсі дегеніміз, бұл жыныс жақындығына деген құштарлық қана емес, мансапқорлық, атаққұмарлық, дүниеқоңыздық, мақтаншақтық, арақ-шарапқа, есірткіге құмарлық — бәрі де нәпсі. Нәпсі адамға өзіне залал келтіретін жаман нәрселерді әдемі, тартымды етіп көрсетіп, соны жасауға еріксіз мәжбүрлейді.
Дәстүрлі діндердің бәрінде адамды осы ең қатерлі жауы — нәпсіден тыюға қатты көңіл бөлінеді. Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед пайғамбардың айтқан: “нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін созылады” деген сөзі ислам дінінде нәпсіні тыюға қаншалықты назар аударылатынын аңғартады.
Толығырақ »
Бір жыныс өкілдерінің бір-біріне ынтығуы ерте заманнан келе жатқан құбылыс. Рас, ертеде бұндай ауытқушылықтар сирек кездесетін, ал соңғы кезде, әсіресе Батыс елдерінде ол қатты белең алып кетті. Батыс елдерінде, тіпті екі еркектің шіркеуге барып некесін қиғызу оқиғалары көбейген. Азшылықтың құқын қамтамасыз ету деген желеумен бұл елдерде гей аталатын еркектердің, лесбиан аталатын әйелдердің бір-бірімен жақындығын насихаттау, заң шеңберінде құқықтар беру кең таралған. Соның нәтижесінде жыл өткен сайын бір жыныс өкілдерінің арасындағы некеге тұру оқиғалары көбейіп барады.
Егер осы мәселенің астарына тереңірек үңіліп, ақыл таразысына салып қарасаңыз, мына жайды бағамдауға болады: бір жыныс өкілдері арасындағы жақындықты дәстүрлі діндердің бәрі айыптайды, оған қоса, жалпы қоғам бұны арсыздық деп танып, оған жол бермеу қажет деп санайды. Осындай көзқараспен бір мезлгілде оған қарама-қайшы екінші түрлі көзқарас өмір сүріп жатыр, ол — бір жыныс өкілдерінің жақындығын қалыпты жағдай деп санап, ондай адамдардың құқығын қорғау, оларға өз қалауларынша өмір сүруге заң шеңберінде барлық жағдайларды жасау керек деп түсінетін адамдар да бар. Өкініштісі, бұндай жандардың саны уақыт өткен сайын көбейіп келеді, ал Батыс елдерінде ЛГБТ аталатын бір жыныс өкілдерінің құқын қорғауға арналған заңдар толыққанды жұмыс жасауда.
Толығырақ »
Ақыл таразысына сала, өз өміріңіз бен өзгелердің тірлігін салыстыра талдап байқар болсаңыз, адам өмірінің астарында тылсым мән бар екенін ұғынуға болады. Ол қандай мән? Енді соған кеңірек тоқталайық.
Жалпылама сипатта баяндар болсақ, барша адамдардың өмірі ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан былайша өрбитінін бағамдар едік. Дүниеге келген сәби өсіп ержете бастаған шақта мектепке барып, білім алады. Мектеп бітірген соң колледжге немесе жоғарғы оқу орнына түсіп, білімін жалғастырады. Мектеп бітірген соң оқымай, бірден жұмыс істеуге баратындар да бар.
Колледж, университетті бітіріп, мамандық алған жас енді үйленіп, отау құрады және еңбекке араласып отбасылық өмірдің ащысы мен тұщысын татады. Балалары ержетіп, отбастарын құрған кезде егде жасқа жеткен адам белсенді еңбектен қол үзіп, пенсияға шығады. Одан әрі қарттыққа жетіп, Жаратқанның берген жасын жасап, ақырсында дүниеден өтеді. Адамдардың өмір жолын жалпы алғанда осылай беп баяндауға болады. Әрине, әр адамның өмірінде өзіне тән ерекшеліктер болады, дегенмен де, жалпылама алғанда барша адамның өмір жолы осы сценарии бойынша өрбиді.
Толығырақ »
Бһагавад Гитада адамдардың өз міндеттерін орындамауының салдарынан рухани азғындыққа ұшырап, дүниеге тексіз ұрпақ әкелетіні айтылады. Веда ілімінде адамдардың Жаратқан белгілеп берген міндеттерін мүлтіксіз орындауы — дхарма деп аталады. Дхарма ұғымы — дінге қарағанда әлдеқайда кең және ұлттық салт-дәстүрлермен астасып кеткен. Үлкенді сыйлау, неке тазалығын сақтау, өтірік, өсек, ұрлық сияқты жаман әдеттерден аулақ болу — бәрі дхарма саналады. Дхарманы сақтаған адам діни шарттарға да, ұлттық салт-дәстүр мен қағидаларға да қайшы әрекет жасамайды.
Веда өркениетінде дүниеге жақсы өнегелі ұрпақ әкелу үшін жасалатын Самскара аталатын шарт бар. Ерлі-зайыптылар отбасы құрған соң бірге біраз уақыт Самскара шарты бойынша ораза ұстап, тамақ ішуді шектейді, ұрыс-керіс сияқты жаман әдеттерден аулақ болады. Сырт қарағанда бұл шарт мұсылмандардың ораза айында ұстайтын ауыз бекітуіне ұқсайды. Ораза кезінде аузын бекіткен мұсылман күнұзақ ішіп-жеуден тиылып, оған қоса ешкіммей ұрыспай, жаман әрекеттер жасамай, ақыл-ой, эмоциялық жағынан да тазаруға күш салады.
Толығырақ »
Ақыл таразысына сала, өз өміріңіз бен өзгелердің тірлігін салыстыра талдап байқар болсаңыз, адам өмірінің астарында тылсым мән бар екенін ұғынуға болады. Ол қандай мән? Енді соған кеңірек тоқталайық.
Жалпылама сипатта баяндар болсақ, барша адамдардың өмірі ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан былайша өрбитінін бағамдар едік. Дүниеге келген сәби өсіп ержете бастаған шақта мектепке барып, білім алады. Мектеп бітірген соң колледжге немесе жоғарғы оқу орнына түсіп, білімін жалғастырады. Мектеп бітірген соң оқымай, бірден жұмыс істеуге баратындар да бар.
Колледж, университетті бітіріп, мамандық алған жас енді үйленіп, отау құрады және еңбекке араласып отбасылық өмірдің ащысы мен тұщысын татады. Балалары ержетіп, отбастарын құрған кезде егде жасқа жеткен адам белсенді еңбектен қол үзіп, пенсияға шығады. Одан әрі қарттыққа жетіп, Жаратқанның берген жасын жасап, ақырсында дүниеден өтеді. Адамдардың өмір жолын жалпы алғанда осылай беп баяндауға болады. Әрине, әр адамның өмірінде өзіне тән ерекшеліктер болады, дегенмен де, жалпылама алғанда барша адамның өмір жолы осы сценарии бойынша өрбиді.
Толығырақ »
Қазір әлем елдерінің назары Ирандағы оқиғаларға ауған. Халық наразылығы елдің барлық аумақтарында өтіп жатыр. Иран астанасы Тегеранда жарты млн-нан астам адам наразылық шеруіне шыққан. Уақыт өткен сайын жағдай шиеленісіп, бейбіт шеру қарулы төңкеріске ұласу қаупі күшеюде. Ресми емес ақпарат көздерінің хабарлауынша, 30-дан астам мешіт өртелген.
1978-79 жылдардағы монархиялық Иран мемлекетінде болған революцияның нәтижесінде билікке аятолла Хомеини келген еді. 1979 жылы өткізілген референдум нәтижесінде Иран ислам республикасы құрылды. Сөйтіп, елдегі билік түгелдей дінбасыларының қолына өтті. Әлемдегі мұнай өнімдері қоры бойынша бай елдердің бірі саналатын Иран толықтай діни мемлекетке айналды. Шах Пехлеви Риза АҚШ-қа барып паналады.
Толығырақ »