Архив рубрики «Рухани даму»
НҰРЫН ШАШҚАН ƏЗ-НАУРЫЗ
«Наурыз қазақтың шын мағынасында ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз марттың ескіше 9-нда, жаңаша 22-нде күн мен түн теңеледі. Қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі» деп жазады Міржақып Дулатов.
Наурыз есте жоқ ерте заманнан тойланып келе жатқан шығыс халықтарының мерекесі. Мерекенің қай уақыттан бастап тойланып келе жатқаны белгісіз. Қазақтар жыл мезгіліне орай көктемде Наурыз тойы, жазда Қымызмұрындық, күзде Мизам, қыста Соғым тойларын атап өтетін болған. Кеңес үкіметі тұсында Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынады. 1926 жылдан рұқсат берілмеді. Арада 62 жыл уақыт өткенде елімізде 1988 жылдан бастап Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін атап өту қолға алынды. Атбасар өңірінде алғаш рет Наурыз мейрамы 1990 жылдың 6 мамырында кең көлемде ұлттық деңгейде мерекеленді. Сол кездегі «Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы Бауыржан Ділдәбековтың жетекшілігімен және ұлт жанашырлары Жылқыбай Саберлинов, Сәулет Балғазин, Алмаз Жұмабеков, Рахымжан Әбдірахманов, Бірлік Ережепов, Мұратбек Боранбаев және Амантай ауылынан Серік Омаров, ел ақсақалдары Ғазиз Әубәкіров, Асылбек Аюпов тағы басқалары бірлесе, ақылдаса отырып осы шараны іске асырды.
Таңғажайып мантра
Индустардың ежелден келе жатқан рухани практикасында мантраның (дұғаның) орны ерекше. Санскрит тілінде жазылып, айтылатын мантралардың көмегімен күнадан тазарып, рухани даму жолына түсуден бастап, түрлі дерттерден айығу, еңсені езген ауыр ойлардан құтылып, көтеріңкі көңіл күйге бөлену, жолы ашылып, қырсықтан құтылу, қауіп-қатерден сақтану сияқты игі әсерлері аз емес.
Құдіретті маха мантра
Таяуда Тайванда бір мезгілде 35 мың адам қатысқан шара өтті. Будда дінін ұстанатын монахтар мен қарапайым адамдар бірлесіп дауыстап санккрит тіліндегі маха-мантраны қайталаған. Мантраны қайталауға буддизм дінінің храмдарда жиі орындалатын дұға оқу әуені пайдаланылған.
Рухани әлсіздік
Адамның күштілігі тәнінің алыптығына, салмағының ауырлығына байланысты емес. Адамның күштілігі – рухында. Рухы күшті адам – дене күші мол, бірақ жігерсіз жанды билеп-төстеп бағындырып алады. Адамның өмірде ойына алған мақсаттарына жетуі рухани қуатына байланысты.
Рухы әлсіз адамның болашағы бұлыңғыр
Араққа салынған қырықтың қырқасындағы отбасылы бір жігітті кеше жұмыстан шығарып жіберді. Ол жұмысқа қыста орналасқан болатын. Бір айдай дұрыс жұмыс істеді. Сосын алғаш ақша алған күні араққа бас қойып, содан жұмыс жайына қалды. Жалпы, журналист мамандар бүгінде қай жерде де тапшы. Осыған орай, редактордың орынбасары екеуміз редакторға кіріп, әлгі ішкіш жігітті жұмысқа қайта алуын сұрадық. Ол арағымды тастаймын, адам боламын деп уәдесін берді.
Өзінің тән емес, жан екенін сезіну адамға не береді?
Тән емес, жан екендігін толық түйсінген адамның бойында жанға тән үш қасиет бой көрсетеді. Оны санскрит тілінде сат, чит, ананда деп атайды. Сат – мәңгілік, чит – білімге толы, ананда – жан рахатына кенелген деген ұғымды білдіреді. Яғни, өзінің жан екендігін толық түйсінген адамның бойында мәңгілік, толыққанды білім және жан рахаты сезімі орнығады.
Білім алудың екі түрі.
Буддизм дінінің негізін салушы Будда Шакьямунидің «көз арқылы берілген ілім қара халыққа арналған, ал жүрек арқылы берілген ілім таңдаулыларға арналған» (Знание око – для Прочитать остальную часть записи »
Жалған үміт
Өле өлгенше адаммен бірге болатын туа бітті қасиеттерінің бірі, бәлкім бірегейі – үміт. Үмітсіз сайтан ғана дейді. Адам баласы қандай қиын жағдайда да үмітін үзбейді. Қадам басқан сайын кездесетін қиындығы мен тауқыметі таусылмайтын мына фәниді адам баласына қызықты етіп көрсетіп, ауыртпалықтарды жеңуіне ынталандыратын құдірет те – үміт.
Жарға жығар жалған үміт.
Үміттің екі түрі бар: шынайы және жалған үміт. Шынайы үміт бастауын Жаратқаннан алса, жалған үміттің қайнар көзі – сайтан. Прочитать остальную часть записи »
Ақыл-ой деңгейіңіздің қандай дәрежеде екендігін білесіз бе?
Адамдардың бәрі дерлік өздерін ақыл-ой деңгейі жоғары, данышпандай сезінетіні ешкімге құпия емес. Мұның себебі ақыл-ой деңгейінің қаншалықты дәрежеде екендігін айқындау мүмкіндігінің жоқтығынан болар. Егер сіз осы мақаланы соңына дейін оқысаңыз, ақыл-ой деңгейіңіздің қандай дәрежеде екендігін анықтауға мүмкіндігіңіз болады. Сонымен…
Өзін ғана ойлап, өзгенің қайғысына селт етпейтіндер.
1-ші мысал: Жоғары білімі, жап-жақсы қызметі бар кісі қызын алып қашпақ болған бозбаланың үстінен арыз жазып, қылмыстық іс қозғатты. Шындығында, бұған қыз кінәлі екен. Ол өзі ұнататын Прочитать остальную часть записи »
Жан туралы не білеміз?
Құранда «Оларға айт: жан туралы кем ілім берілді. Негізінен бұл Раббыңның әмірінен» деген аят бар. Қасиетті Құранда жан туралы өте аз айтылса, керісінше Бһагавад Гита кітабында жанның сипаты мен табиғаты жан-жақты және егжей-тегжейлі баяндалады.
«Жан еш уақытта тумайды, өлмейді, өткенде жаратылмаған, қазір де, болашақта да жаратылмайды, ешкімнен тумайды, мәңгі-бақи тіршілік етуші, әуел бастан бар және тән өлген кезде өлмейді» -дейді Бһагават Гита.
«Өмірге келген жан міндетті түрде өлімге ұшырайды және өлгеннен кейін қайтадан дүниеге келеді. Бұдан қашып құтылу мүмкін емес» -дейді аталмыш кітапта.
Тәни түсініктің негізі.
Әуел бастан бар және ешқашан өлмейтін жан мен өткінші, фәни жалғанның заңдарына сай жаратылып, содан кейін жойылып отыратын тәннің от пен су сияқты бір жерге симайтын табиғаты Прочитать остальную часть записи »
Сегіз сатылы иога
Бүгінде иога деген түсінік екінің біріне жақсы таныс. Иогамен айналысатын адамдар қатары да жетерлік. Дегенмен, өздерін иогпыз деп жүргендердің көбі иога дегеннің не екендігін жетік біле қоймайды. Олардың көбі бұл денсаулықты жақсартуға арналған дене жаттығулары деген сияқты түсінікпен шектелген. Шындығында, иога – бұл тек денсаулықты жақсартуға ғана көмектесіп қоймайды, оның ең басты қызметі Жаратқанмен арамыздағы байланысты қалпына келтіру.
Иоганың ең кең таралған классикалық үлгісі – сегіз сатылы иога
Бүгінде иоганың отаны саналатын индиялықтардың көбі сегіз сатылы иогамен айналысады. Екі мың жылдай бұрын өмір сүрген Шығыс ойшылы Патанджалидің «Иога сутра» кітабында иоганың бұл түрі туралы жан-жақты айтылған. Иоганың классикалық үлгісі саналатын сегіз сатылы иога Прочитать остальную часть записи »
Оқыған адам мен оқымаған адам тең емес
«Оқымаса ой тоқырайды» деген сөз бар. Адам өмір бойы оқып, өзін жетілдіруге үнемі көңіл бөліп жүруі тиіс. Сонда ғана ол уақыт ағымынан қалмай, заман талабына сай өсу, өркендеу үстінде болады. Өзін дамыту адамға бұл дүниеде абырой-бедел мен бақуаттылық, денсаулық, қуанышты өмір әкелсе, өлгеннен кейін де жақсылықтан үміт етуге мүмкіндік береді.
Адамдар топастанып барады
Иә, бұл өкінішке орай шындық. Маркстің сөзімен айқтанда «өмір дегеніміз мәңгілік қозғалыс. Қозғалыс екі бағытта жүреді: жоғары және төмен қарай. Егер сіз жоғары қарай дамып, көтерілмесеңіз, онда төмен құлдырайсыз. Бұл даусыз шындық. Ал адамның қай мүшесі жұмыс Прочитать остальную часть записи »