Өзінің тән емес, жан екенін сезіну адамға не береді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеТән емес, жан екендігін толық түйсінген адамның бойында жанға тән үш қасиет бой көрсетеді. Оны санскрит тілінде сат, чит, ананда деп атайды. Сат – мәңгілік, чит – білімге толы, ананда – жан рахатына кенелген деген ұғымды білдіреді. Яғни, өзінің жан екендігін толық түйсінген адамның бойында мәңгілік, толыққанды білім және жан рахаты сезімі орнығады.

Білім алудың екі түрі.

Буддизм дінінің негізін салушы Будда Шакьямунидің «көз арқылы берілген ілім қара халыққа арналған, ал жүрек арқылы берілген ілім таңдаулыларға арналған» (Знание око – для простых людей, знание сердце – для избранных) деген сөзі бар.

Қазір жасыратыны жоқ адамдардың 99 пайызы көз арқылы білім алады. Біздің мектептен, жоғары оқу орындарынан алып жатқан біліміміз түгелдей көз арқылы, яғни сезім арқылы алынған ілім.

Ал жүрек арқылы алынған білімнің ерекшелігі сол, ол толымды және ақиқат. Осындай тәсілмен білім алудың мысалын ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед пайғамбардан табамыз. Ол білімді уахи (видение) түрінде ғарыштан алды. Иса пайғамбар мен Мұса пайғамбардың білімі де сондай уахи түрінде алынған.

Қазір әлемнің көптеген елдерінде миллиондаған адам қолданатын рэйки сауықтыру және емдеу тәсілінің негізін салушы жапондық ғұлама Микао Усуи де білімді уахи түрінде алған. Ол санскрит тілінде жазылған ескі жазбаны түсіну үшін 21 күн бойы нәр татпай таудың үңгірінде медитациямен айналысады. 21-ші күні таң алдында көктен түскен жарық сәуледен есінен танып құлаған ол, сәлден кейін есін жиғанда, санскрит әріптерімен жазылған жазба құпиясын ашып, әп-сәтте толыққанды білім алады.

Мәңгілік өмір, білім және жан рахаты.

Жан екенін түсінген адам мәңгілік екендігіне күмәнсіз сенеді, яғни оның бойынан ажал мен ауру, кәріліктің алдындағы қорқыныш сезімі түгел кетеді. Содан кейін ол әлем мен жаратылыс жайлы толыққанды білімге ие болады. Ол үшін мыңдаған том кітап оқып, зертханаларда тәжірибе жасаудың еш қажеті болмайды. Мұндай білім әп-сәтте адамның санасын жарықтандырып, өздігінен келеді. Бұны мынадай мысалмен суреттеуге болады.

Егер сізді қараңғы бөлмеге енгізіп, осының ішіндегі заттарды қолыңызбен сипалап анықтаңыз десе, сіз қаншалықты дәл анықтар едіңіз. Үйдің ішіндегі мыңдаған заттың белгілі бір бөлігін ғана дәл тауып, қалғандарын болжамдап, көбін қате айтар едіңіз. Ал егер терезенің пердесін ашып, үйге жарық түсірсе, онда сіз әп-сәтте үйдің ішіндегі заттар туралы толыққанды ақпарат аласыз. Көз арқылы алған білімді қараңғы бөлмеде сипаланып жүріп заттарды анықтаумен, ал бөлмеге жарық түсіру арқылы алған білімді жүрек арқылы білім алумен салыстыруға болады.

Үшінші жетістік – ананда, яғни мәңгілік жан рахатына кенелу. Жан екенін толық сезінген адамның бойынан қорқыныш пен үрей ғана емес, жабығу, зерігу, жалығу, ашулану сияқты жаман қасиеттер кетіп, көңілі көктем, жаны жаз дейтіндей қайғы-мұңсыз күйге бөленеді және мұндай көңіл күй оны ешқашан тастамайтын мәңгі серігіне айналады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика