6 қазанда, яғни келесі жексембіде бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумда жалғыз мәселе – Қазақстанда атом электр стансасын салу немесе салмау жайы шешімін таппақ. Бұл мәселе көп жылдардан бері көтеріліп, нақты шешілмей келе жатқаны белгілі. АЭС салуды негізінен билік өкілдері мен соның айналасындағылар жақтаса, қарапайым халық оған қарсы. Бұл ақпарат беттерінде айтылып, жазылған пікірлерден анық байқалып жүр.
Қазақстанда халықтық таңдау – референдум бірінші рет өткелі отырған жоқ. Бұдан бұрын негізінен билік ұсынған экс президент Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту және Ата Заңға өзгертулер енгізуге қатысты мәселелер халық талқысына салынған болатын. Ол референдумдардың бәрі де билік ұсынған ұстаным негізінде шешім қабылдаумен аяқталғаны мәлім. Референдум деген аты болмаса, халық өз ұстанымдарын сол арқылы өткізіп, билік ұсынысына қарсы шығып, жеңіске жеткен кезі болмапты. Бұл жолы қалай болмақ?
(далее…)