Өлімге қатысты атеистік көзқарас

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазіргі ғылым мен техника шарықтап дамыған заманда адамдардың басым көпшілігі ғылым ұстанған материалистік көзқарасты мойындайды. Дінді басты иделогия ретінде ұстанатын жекелеген мемлекеттер болмаса, әлемнің басқа елдерінің бәрінде жалпы білім беретін мектептерде Дарвиннің эволюциялық теориясы оқытылады және жас ұрпақтың санасына құдайсыздыққа негізделген материалистік түсінік сіңірілуде. Осы түсінікке сай тіршілік кездейсоқ пайда болып, эволюциялық дамудың нәтижесінде қарапайымнан күрделіге қарай жоғары дамуды бастан өткеруде.

Алғашында суда бір клеткалы қарапайым тіршілік пайда болса, кейін олар көп клеткалыға, содан кейін балыққа, одан әрі дамып қос мекенділерге, құсқа, сүт қоректілерге айналып, дамып жетіле түсуде. Осындай материалистік көзқарасты негізге алған бүгінгі ғылымның пайымынша, адам өлген соң тәнмен бірге санасы да мәңгіге өшіп жоғалады, яғни аз уақыт тірлік кешкен пенде мәңгі ұйқыға кетеді.

Бұл көзқарасты жақтайтындар үшін оның жағымды жағы – еш жауапкершілікті мойныңа алмайсың, нәпсің қалаған істі жасауға еш кедергі жоқ, іш-же, қысқа ғұмырда барынша шалқып өмір сүр. Өйткені, ертең өлген соң мәңгіге өшіп жоғаласың, діндарлар айтқандай осы дүниеде жасаған жақсы-жаман істерің үшін ешқандай да жауапкершілік болмайды. Осындай теріс көзқарастың кесірінен бүгінде зинақорлық, тәнін ақшаға сататын жезөкшелік, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің, адамдардың түрлі хайуандармен шағылысуы түріндегі арсыздықтар, маскүнемдік пен нашақорлық сияқты жаман әдеттер көбейіп барады.

Сонымен бірге, барша әлемді Жаратушы, әлемнің әміршісі – Құдайдың жоқтығы адамдарды өздерін құдайдай санап, менменшіл сезімдерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Материалист дінсіз пенде үшін жер және оның байлығы – сезімін қанағаттандыруға жағдай жасайтын құрал болып саналады. Қазір әлем елдері жер асты байлықтарын ысырапшылдықпен пайдаланып, қоршаған ортаны әбден ластандырды. Соның салдарынан кейбір өзен-кеөлдер, тіпті Арал сияқты теңіздер тартылып, ауа құрамындағы улы заттар шектен тыс көбейіп кетті. Соған орай, түрлі ауру-сырқау белең алуда. Осылайша адамдар өздері отырған ағаш бұтағын кесіп, жарға құлауға жақындап келеді.

Дәстүрлі діндерде ауыр күнә саналатын өзіне қол салу, яғни суицид деген де жыл санап өсе түсуде. Бұл да өлімнен кейінгі өмірге сенбеушіліктен туындаған жаман әдеттердің бірі екендігі күмәнсіз.

Жалпы, қазіргі адамзат қоғамы өздері өмір кешіп жатқан Жер атты планетаның, болашақ ұрпақтың алдындағы жауапкершілікті мүлдем ұмытып, нәпсілері қалаған әрекеттерді жасау арқылы өз өмірлерін өздері нағыз тамұққа айналдырып алғандарын сезбеуде. Бұның ең басты себебі – өлімнен кейінгі өмірге, дәстүрлі діндерде мойындалған Жаратқанның сотына сенбеуде жатқаны анық.

Атеистік түсініктің бұл жалпы адамзатқа, қоғамға тигізіп отырған теріс әсері десек, оның сол көзқарасты ұстанатын адамға тигізетін залалы да жетіп артылады. Ол – кәріліктен, аурудан, ақырсында ажалдан қорқу түріндегі жан азабы болып келеді.

Мына ақиқатқа  назар аударып қараңыз: «Адам жалқы тіршілік иесі, ол жалғыз келіп, жалғыз кетеді және жалаңаш келіп, жалаңаш кетеді». Адамдар тірі күнінде айналасына басқаларды жинап, өз отбасын құрады, туыс-бауырлары, дос-жарандары болады, солардың арасында жүргенде ол жалғыздығын ұмытып, мәңгі бірге болардай көреді. Ал ажал келген сәтте әрбір пенде өзінің ЖАЛҒЫЗДЫҒЫН жан тәнімен анық түсінеді. Өйткені, ажал дәл сол пендеге аранйы келді және ол  алдында не күтіп тұрғанын білмейтін беймәлім әлемге жалғыз кететін болады. Кеше айрылмастай бірге жүрген жақындарының ешқайссы онымен бірге бақи дүниеге аттанамыз демейді.

Осы жалғыздықты сезіну өлімнен кейінгі өмірге сенбейтін атеис үшін ЕҢ ҮЛКЕН ҚОРҚЫНЫШ болмақ. Ол 60, болмаса 70, тіпті 80, 90 жыл жасай ма, сол ғұмырында ешқашан өлім туралы шындап ойламай, өлімнен кейін не болатынын айқындап білмей, күмәнді көңілмен бақиға аттанады. Ол айналасындағыларға бәлкім «мен атеиспін, Құдайға да, дінге де, о дүниеге де сенебймін» деп айтқан да шығар, тіпті сонысын кейбір кездерде мақтаныш етіп, өзі надан санайтын діндарларға шекесінен қараған да болар, бірақ шын мәнінде оның жүрегінде әрдайым күмән болған. Ол күмән «менің көзқарасым дұрыс па, о дүние деген мәңгі қаратүнек ұйқы ма, болмаса мына діндарлар айтқандай бәлкім өлімнен кейін өмір бар шығар, Құдайдың соты болса, күнәм үшін тозақ отына тасталсам, халім не болмақ?!.» деген ойлармен өріліп, бұрын ешқашан ой жүгіртпесе де, ажыл төніп келген сәтте жанын қинайтыны даусыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика