
Қазақ «өзекті жанға бір өлім» дейді. Оның мәні: ажалдан қашып құтылушы жоқ, әр пенде міндетті түрде өледі дегенге саяды. Өкініштісі сол, барша жұртқа әйгілі осы ақиқатты адамдардың 99 пайызы мүлдем ескермейді, өздерін мәңгі жасардай көріп, ажалды естеріне алмайды. Ондай қаперсіз жандарға ажал күтпеген жерден келіп, бар жиған-тергенінен, мансабы мен байлығынан, атағы, бала-шағасынан, дос-жарандарынан түгел айырады.
Миллиардер өлді
Күні кеше әлеуметтік желілерде Қазақстаннан шыққан миллиардер Алиджан Ибрагимов дегеннің корноновирус дертінен өлгендігі туралы айтып, жазды. Соңында 2,5 миллиард доллар байлығы қалған миллиардер 67 жасында дүниеден өтіпті. Ол байлыққа қалай жетті, адал жолмен бе, ұрлап-жырлап алды ма – біздің онда шаруамыз жоқ. Басты мәселе, сонша байлығы бола тұра, ол өзінің өмірін бір сәт те ұзарта алмады. 67 жас деген оншалықты жер таянып тұрған қарттық шақ емес.
(далее…)