
Инвестиция, инвестор деген сөзді бүгінде БАҚ арқылы жиі естіп, оқитын болдық. Дегенмен де, көбіміз осы сөздің астарында не бар екендігін жете біле қоймаймыз және онша мән де бермейміз. Шындығында, инвестиция деген – бұл тек ақшадан ақша жасайтын бай алпауыттар ғана емес, кез-келген адам инвестор болып, инвестициямен айналыса алады және инвестиция тек ақшаға ғана қатысты емес.
Болашақ бүгіннен бастау алады
Өзін өзі дамыту ғылымының білгір сарапшысы Брайан Трейсидің пайымынша, өмірде барша тіршілік иелеріне ықпалын тигізетін бірнеше заңдар бар, солардың бірі – себеп-салдар заңы. Бүгінгі жасаған әрекетіңіз себеп болса, ертең оның салдары міндетті түрде алдыңыздан шығады. Яғни, себеп – бұл әрекет, ал салдар – сол әрекеттің нәтижесі. Кез-келген әрекеттің міндетті түрде нәтижесі болады. Инвестиция дегеніміз дәл осы заңға, яғни себеп-салдар заңына негізделген құбылыс болып табылады.
(далее…)