Сенімді халықаралық тұрғынүй кооперативі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Енді сіздің назарыңызға ұсынғалы отырған тұрғынүй кооперативі туралы жан-жақты айтудың мерзімі келгендей. Ол – BestWay тұрғынүй кооперативі. Кооператив 2014 жылы Ресейде құрылған, офисі Санкт Петербург қаласында. Кооперативтің негізін қалаған ресейлік есімі жұртшылыққа танымал кәсіпкер Роман Василенко. Адамдардың қолжетімді баспанаға ие болуына жағдай жасайтын осындай теңдессіз жобаны дүниеге әкелген кәсіпкер осы еңбегі үшін 2014 және 2015 жылдары Ресейдің жыл адамы деген атағын жеңіп алғандығын атап өткен артық болмас.

Кооператив  2015 жылдан бері Қазақстанда тіркеліп, заңды түрде жұмыс жасап келеді. Осы жылдардың ішінде мыңдаған отбасы коопертив берген заим арқылы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Енді кооператив ұсынған шарттарға назар аударалық. Алғашқы жылдары кооперативтен заим алғандар жылына 6 пайыз өсіммен қайтарып келген еді. Ал 2016 жылдан  бастап өсім пайызы 2 пайызға түсірілді. Биылғы жылдың ақпан айынан өсім пайызы мүлдем алынып тасталды, яғни сіз қанша заим алсаңыз соны ғана қайтарып бересіз.

Кооперативтің сенімділігі мынада: кіру жарнасы мен алғашқы жарнаны төлеп, коопертив мүшесі болған әрбір адам мындатті түрде БАСПАНАЛЫ болады, немесе өз қалауымен салған АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП АЛАДЫ. Яғни, кооператив мүшесі ешқашан алданып, ақшасынан немесе баспанасынан айрылу деген қауіп атымен жоқ. Сіз ақша салдыңыз ба, міндетті түрде баспана аласыз, әйтпеген жағдайда егер белгілі себептермен ақша қажет болса онда салған ақшаңызды түгел қайтарып алуыңызға болады. Бұндай шарт бір де бір банк немесе тұрғынүй кооперативінде жоқ. Оның сенімділігі де осында, яғни 100 пайыз кепілдік беріледі.

Сіз кіру жарнасын төлеп, алғашқы жарнаңызды салғаннан кейін тұрғынүй кооперативінің сайтына тіркеліп, жеке кабинет аласыз. Сайттан кооператив пен сіздің араңыздағы келісім-шартты шығарып алып, қол қойып бекітесіз. Онда кооператив басшысының қолы мен мөрі болады және сіздің қолыңыз қойылады. Яғни, бұл құжат заңдық күші бар келісім-шарт болып саналады.

 Баспана алу шарттары

Ең алдымен сіз кооперативке тіркеліп, жеке кабинет аласыз. Бұл – тегін жүргізіледі. Содан кейін кіру жарнасы мен алғашқы жарнаны төлейсіз. Енді осыған кеңірек тоқтала кетейік. Тұрғынүй кооперативінің негізін қалаған ресейлік кәсіпкер Роман Василенко компаниясының атауын  Life is Good деп атап, ол желілі маркетинг жүйесімен жұмыс істейтін болды. Желілі маркетинг жүйесімен жұмыс жасайтын МЛМ компаниялар өз өнімдерін жарнамалау арқылы емес, сол компанияға кірген дестрибютерлер арқылы таратады. Компанияға кірген әрбір дестрибютер оның өнімін тарату арқылы жақсы гонорар, яғни табыс тауып отырады.

BestWay тұрғынүй кооперативі  Life is Good компаниясының өнімі болып табылады. Кооперативке адам тартқан компанияның дестрибютері сол үшін қомақты сыйақы алып отырады. Ал ол  ақша тұрғынүй коопертивіне мүшелікке кірген адамның кіру жарнасынан құралады. Ол жарнаның мөлшері: егер клиенттің алатын пәтерінің бағасы 7500000 теңгеден кем болса, онда кіру жарнасы 1020 евро көлемінде болады. Ал егер 7500000 теңгеден артық болса, онда 2040 евро болады. Міне, осы ақша кооперативке адам шақырған дестрибютерлерге сыйақы ретінде төленеді және ол қайтарымсыз болып саналады. Яғни, егер сіз белгілі себептермен ақша салғаннан кейін үйді алмаймын, ақшамды қайтарып аламын дейтін болсаңыз, онда кіру жарнасы компанияның есебінде қалып қояды да, сіз тек салған алғашқы жарнаңыз бен айлық мүшелік жарнаңызды қайтарып аласыз.

Енді алғашқы жарнаға тоқталайық. Бұл жарнаның көлемі сіз сатып алатын үй бағасының 35 немесе 50 пайызы мөлшерінде. Егер сіз 10 миллион теңгенің үйін сатып алмақ болсаңыз, онда алғашқы жарна ретінде 3,5 миллион немесе 5 миллион теңге салуыңыз қажет болады. Осы арада айта кетелік, компания Центкредитбанкпен және Қазпоштамен жұмыс істейді. Сіз кіру жарнасын Центркердитбанк арқылы төлейсіз, ал алғашқы жарна мен ай сайын төленетін пай жарнасын Қазпошта арқылы төлеп отырасыз.

Бұдан бөлек, тұрғынүй коопертивінің штатын ұстау үшін кооператив мүшесі ай сайын 10 мың теңге көлемінде жарна төлеп отырады және ол сіз коопертивке кірген күннен бастап, зайымды толық төлеп болғанға дейін созылады.

Сіз кіру жарнасын және алғашқы жарнаны төлеп, кооператив мүшесі болған кезден бастап жалпы кезекке қойыласыз. Ол кезек 6-9 ай көлемінде. Кезек Қазақстан аумағында біркелкі, яғни бір кезек. Сіз баспананы республикамыздың кез-келген аймағынан таңдауыңызға құқығыңыз бар. Баспана құны 5 миллион теңгеден 50 миллион теңге аралығында болуы тиіс. Кооператив коммерциялық жылжымайтын мүліктерді сатып алуға және жеке жер үйлерді сатып алуға қатыспайды. Тек көп қабатты жайлы пәтерлер ғана сатып алуға болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика