Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
https://akikat01.com/internet-magazin/
Даналық кітабы
Мына фәнидегі біз қол жеткізген барша игіліктер УАҚЫТША және
ӨТКІНШІ. Бала-шаға, немере-шөбере, атақ-мансап, байлық, сәулетті сарайларыңыз бен автокөліктеріңіз, ұшақтарыңыз бен яхталарыңыз, ашыналарыңыз, тоқалдарыңыз, дос-жарандарыңыз — бәрі ажал келгенде адыра қалады. Бұл 2Х2=4 деген сияқты АҚИҚАТ. Сондықтан адам ертең адыра қалатын УАҚЫТША және ӨТКІНШІ игіліктерді емес, МӘҢГІЛІК ИГІЛІКТЕРДІ, жинауға көңіл бөлгені жөн. Кітаптан сіз осындай өмірлік мәні бар мәселелерге байланысты пайдалы ақпараттар ала аласыз. Кітапты мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: тегін кітап
Қаламмен өрілген өмір
«Қаламмен өрілген өмір» атты жинақта ел өміріне қатысты сал алуан тақырыптағы өзекті мәселелер қозғалады. Жылдар жүгін арқалаған кітаптың құндылығы да осында. Әсіресе, ана тіліміздің жылдар бойы айтылғанымен шешімін таппай келе жатқан сойылдай мәселесі, шалғайдағы ауыл жайы, экономикамыздың негізгі бағыттары ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту жатық тілмен шынайы баяндалады. Кітапты мына сілтеме арқылы жүктеп алыңыз: тегін кітап
Сот төрелігі
Ұзақ жылдар республикалық «Заң газетінде» қызмет ете жүріп, сот саласының жұмысы туралы көп мақалалар жаздым. Кеңес заманында жабық тақырып саналатын сот жұмысы қазір ашық, кез-келген журналист сот тақырыбын қаузап, жаза алады. Дегенмен, көпшілік арасында әлі күнге дейін сот парақорлықтың тұнып тұрған ордасы деген түсінік қалыптасып қалған. Сотпен қоян-қолтық жұмыс істей жүре, судьялардың арасында өз жұмысын өте жақсы білетін және жалақымен ғана жан бағып, адал өмір сүретін азаматтардың көп екендігінің куәсі болдым.
«Сот төрелігі» жинағына біраз жылдар бойы жазған сот тақырыбындағы сұхбаттар мен материалдар енгізілген. Одан сіз қазіргі соттың жұмысы мен судьялардың көзқарасы, өмірлік ұстанымы жайында көптеген ақпараттар ала аласыз. Кітапты мына сілтеме арқылы тегін жүктеп алуыңызға болады.
Сілтемені басып, кітапты жүктеп ал — kitap-5

Интернетпен ақша табу: аңыз бен ақиқат
Бүгінде 7 миллионнан астам қазақстандық интернет желісін пайдаланады. Бірақ адамдардың бәрі бірдей интернет тек ақпарат алу көзі емес, одан табыс табуға да болатынын біле бермейді. Иә, интернет арқылы кәдімгідей қомақты ақша табуға болады. Тіпті, ғаламторды негізгі күнкөріс көзі етіп алған адамдар да көп.
«Интернетпен ақша табу: аңыз бен ақиқат» электронды кітабынан сіз ғаламтор арқылы қалай табыс табуға болатыны жайында жан-жақты ақпарат аласыз. Бірақ та, таяқтың екі ұшы болатындығы сияқты интернет арқылы табыс табумен бірге, жиған-терген ақшаңыздан оп-оңай айрылып қалуыңыз да мүмкін. Өйткені, интернетте жалған уәдені үйіп-төгіп беріп, адамдарыдң ақшасын алдап алатын алаяқтар өте көп. Осындай алаяқтардың арбауына түскен адамдар содан кейін ғаламтор арқылы табыс табуға болады дегенге мүлдем сенбей, онан бойларын аулақ салып жүреді. Мұның басқаларға да теріс ықпалы тиіп жатады. Содан болар, бүгінде интернет арқылы ақша табуға болады деген күмәнмен қарайтындар көп.
Сіз кітаптан интернет арқылы табыс табудың негізгі түрлері мен ғаламтордағы алаяқтық жайында көптеген пайдалы ақпарат аласыз. Кітап тегін. Сіз бір тиын ақша төлемей кітапты тегін жүктеп алуыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз: тегін кітап