Өзіміз өмір кешіп жатқан өмір-мектебінің басты мәні неде? Жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты — балаларға білім беру. Өмір-мектептің мақсаты да адамдардың рухани ілім-білім алып, дамуына жағдай жасау. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі өмір-мектептің мақсат-мәнін дұрыс ұғынбайды және соған орай өздерін рухани дамытуға мүлдем көңіл бөлмейді.
Нәтижеге жету үшін алдымен нақты мақсатты айқындап алып, соған жетуге қажетті әрекеттер жасау керек болады. Бұл жайды түсінбеген пенде ешқашан дұрыс нәтижеге жетпейді. Жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында 35 бала оқыдық. Ал арада он жыл өткенде солардың 23-і ғана мектепті бітіріп шықтық. Қалғандары үлгірімі төмен болып орнында қалып қойды немесе сегізінші сыныптан шығып кетті. Ал сол орта мектепті бітірген 23 баланың 7-уі жоғары білім алды. Бұны енді талдау жасап қарасақ, мынадай қортындыға келуге болады: мектеп табалдырығын аттаған 35 баланың 7-уі басты мақсат — ілім-білім алу міндетін толық орындады деуге болады, ал 16 бала өз міндеттерін орташа дәрежеде орындап онжылдықты бітіріп шықты, сегізінші сыныптан шығып кеткен 12 бала мектеп алдарына қойған орта білім алу міндетін орындай алмады.
(далее…)








