Өзін өзі дамыту (самосовершенствование) соңғы жылдарда сәнге айнала бастаған түрі бар. Ертеректе темекі тарту, арақ ішу «мәдениеттіліктің» белгісі саналып, оқыған, көзі ашық адамдар жасайтын іс ретінде сәнге айналса, енді өзіндік даму дегенге алдыңғы қатарлы адамзаттың саналы өкілдері жете назар аудара бастағаны аңғарылады. Бұл саланың маңыздылығы сонда, адам өзін өзі дамыту арқылы ойына алған барлық мақсаттарына жетуге жол ашады.
Өзін өзі дамыту деген не?
Қазақта «қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» деген сөз бар. Егер адам өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп, дамытуға көңіл бөлмесе, ол дамымайды, кері кетеді. Адам ғана емес, барша тіршілік үшін даму – өмірлік қажеттілік. Даму тоқтаса, өмір де тоқталады. Мәселен, дүниеге жаңа келген нәресте уақыт өте келе өсіп бала, онан жігіт, сосын ересек адам болып дамиды.
Мұндай даму хайуанға да, өсімдіккке де тән. Яғни, тіршілік дегеніміздің өзі ұдайы қозғалыс пен дамып, жетілуге негізделген құбылыс сияқты. Даму тоқталғанда кері кету, яғни тоқырау басталады.
(далее…)