Телефонға байланған өмір

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазір адамдардың өмірін смартфонсыз елестету қиын болып кетті. Адамдар, оның ішінде жастар қолдары сәл қалт ете қалса-ақ смартфондарын қарап, түрлі ақпараттарды оқып немесе музыка тыңдап жатады. Бүгінгі пенделердің смартфонға байланғаны соншалық, тіпті көшеде жүріп келе жатып та құлаққап киіп, смартфоннан музыка немесе басқа жаңалықтар тыңдайды. Осылайша, ақпарат ғасыры аталған өзіміз өмір сүріп жатқан заманның адамдары смартфонға байланып, онсыз өмір сүре алмайтындай дәрежеге жетіп қалғандай.

Байлану адамды құрдымға құлатады

Кез-келген сезім нысанына байлану – адамды соған тәуелді қылып, оның өмірін өзгертеді, әлгі сезім нысанынан айрылып қалар ма екенмін деген үреймен күн кешуге мәжбүрлейді. Адамның қол-аяғын байлап тәуелділікке салатын сезім нысандары айналамызда жетіп артылады: ол – сматрфон, арақ-шарап, есірткі, зина жасау, темекі тарту, ақша, байлық, мансап, ақырсында бауыр еті балаларыңыз – осылардың бәрі адамның ақыл-санасын баурап, байлап-матап тастайтын сезім нысандары.

Сезім нысандары алғашында адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, рахат сезіміне бөлейді. Осындай тәтті сезімді қайта-қайта татқысы келетін пенде ақырындап сезім нысанына байлана береді де,

ақырсында онсыз өмір сүре алмайтындай дәрежеге жетеді. Сезім нысанынан айрылу – әлгі пенде үшін өліммен тең.

Смартфонға тәуелді пенделер

Өзбектің «әр кәллада бір қиял» деген нақылы бар. Сол сияқты адамдардың байлану нысандары да әртүрлі болып келеді, бірақ қазір, әсіресе жастардың басым көпшілігі телефонға байланған. Олар жәй байланып қоймай, смартфонсыз күн кеше алмайтындай дәрежеге жақындап қалған.

Күнде таңертең қалаішілік жолаушылар автобусына отырғанда жас жігіттер мен қыз-келіншектердің, тіпті мектеп жасындағы балалардың түрегеп тұрып та, отырып та смартфонға үңілетінін көремін. Олар тіпті, қасына келіп билет алуды сұраған билет сатушының айқайын да ести қоймайды.

Смартфонға тәуелділіктің қандай залалы бар? Ең алдымен уақытыңды ұрлайды. Алтын уақытыңның көбін смартфонға телміріп өткізесің. Одан қалды, ғылым дәлелдегендей телефоннан шығатын залалды сәулелер денсаулығыңызға зиянын тигізеді. Көз жанарыңыз талып, көру қабілетіңіз нашарлайды. Дене қимылын жасамай, таза ауада серуендемей ұдайы телефонға телміретін жасөспірім физикалық жағынан әәлжуаз болып қалыптасады.

Ақырсында, адам айналасындағы өзі сияқты жандармен араласу, қарым-қатынас жасаудан қалады. Осылайша, телефонға байланған жас жігіт, не қыз жақындарынан, туыс, достарынан аулақтай бастайды. Виртуалды өмірге бейімделіп алған жасөспірімнің психикалық ойлау қабілеті де сол өзі қабылдайтын ақпараттардың әсерімен қалыптасады. Қатыгездікті, зорлық-зомбылықты көретін жас соған бейім болады, ал дөрекі жыныс жақындығы жайындағы бейнефильмдерді көретін жастар арсыздықты саналарына сіңіреді.

Мектеп оқушылары, оның ішінде қыз балалар арасындағы асқан қатыгездік жайында БАҚ әредік айтып, жазып қояды. Өз құрбыларын аяусыз ұрып-соғып, соны видеоға түсіріп интернетке салатын жасөспірімдердің әрекетінің астарында смартфон арқылы қалыптасқан бұзылған психикалық еліктеу жатқаны анық.

Түйін: егер сіз  күнұзақ смартфонға қарап, ақпараттар алуды берік әдетіңізге айналдырсаңыз, онда бұл сіздің телефон ауруына ұшырғаныңыздың белгісі. Байлану деп аталатын тәуелділікке салу дерті санаңызды меңдеп алмай тұрып, одан құтылудың шарасын жасаңыз. Ең алдымен, ерте тұрып, таертең дене жаттығуын жасау, салауаттылықты серік қылу, күндіз бірер сағат таза ауада серуендеу, түрлі әдеби кітаптарды күн сайын белгілі уақыт оқу, жақын туыс-бауырларыңызбен күн сайын белгілі бір уақытта сөйлесіп, хал-жағдайын білу, яғни тірі қатынаста болу – осыларды сақтауға тырыссаңыз, ақырындап телефонға тәуелділіктен құтыла бастайсыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика