Қазақта «дүмше молда дін бұзар» деген мақал бар. Қазір исламда білімсіз дүмшелер өте көп. Олардың ислам дініне тигізіп жатқан залалын санасаң, сан жетпейді. Оларды ислам дінінің бітіспес қаскөй дұшпандары десе, артық айтқандық болмайды. Бір қарағанда сол дүмшелер өздерін исламның қорғандары сияқты, діннің игілігіне қызмет етушілер тәрізді сезінеді және сырт көзге де солай көрінеді. Дегенмен де, зер сала қарасаң, олардың әрекеттерінің дінге қаншалықты залалын тигізіп жатқанын бағамдайсың.
Соңғы кездерде әлеуметтік желілерде өздерін ислам дінінің білгір ғұламалары сияқты көрсетіп, дін туралы неше түрлі пікірлер айтатын блогерлер көбейді. Сөздерін тыңдай қалсаң, исламның дәстүрлі түсінігін бұрмалап, тіпті Құранды өздерінше тәпсірлейтінін, хадистерге, пайғамбарға қатысты ойдан шығарылған пікірлерін естисің. Өкініштісі сол, сондайлардың сөзін ақиқат деп қабылдап, соңдарынан еретін ізбасарлары да бар.
(далее…)






