«Апат айтып келмейді» дейді қазақ. Алматыда түн ортасында жер сілкінді. Сейсмикалық белсенді аймақ саналатын таудың етегінде орналасқан Алматыда жер сілкінісі ара-тұра болып тұрады. Бірақ та, үлкен апатқа ұшыратқан жер сілкінісі соңғы жүз жылдықта болмапты. Солай дегенмен де, қауіпті аймақта орналасқан қалада апат болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды. Өткен жылы Түркияда болған жер сілкінісінен мыңдаған адамның қаза тапқанын жақсы білеміз. Сондықтан қауіпті сейсмикалық аймақ саналатын екі миллион тұрғыны бар қалада тиісті қызметтер қатерге сақадай сай тұруы тиіс. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты.
Түнгі сағат екілерде болған жер сілкінісі кезінде көп қабатты үйлердің тұрғындары үйлерін тастап далаға шыққан. Апатты ескертетін қызметтер еш жұмыс істемеген. Кейін белгілі болғандай, бұл кәсіпорын экс президент Назарбаевтың немересі Нұралы Әлиевтің меншігінде екен. Апатты ескертетін дабыл жұмыс істемеген. Ақауы болды ма, әлде қызметкерлерінің кінәсінен бе, белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қатер туралы ақпаратты тек орыс тілінде ғана берген. Үйлеріне кіруге қорқып, жер сілкінісі тағы қайталана ма деген қорқынышпен таң атқанша суықта далада жүрген адамдарға бір де бір құзырлы орган өкілдері келіп, сөйлеспеген, істің жайын хабарламаған.
(далее…)








