Архив рубрики «Ақиқат»

Адам бір-ақ рет өмір сүре ме?!.

Материалистік түсінікті санасына сіңірген атеистер үшін өмір кездейсоқ пайда болған материяның жемісі және адам бір-ақ рет өмір сүреді.  Ислам, христиан және иудей діндерінің өкілдері де өлімнен кейінгі өмірге сенгендерімен, өмір адамға бір-ақ рет беріледі деп санайды. Буддизм мен индуизм дінін ұстанушылардың пайымынша, өмір мен өлім күн мен түн сияқты ұдайы айналып кезектесіп келетін құбылыс. Осылардың қайсысы дұрыс?

Атеистердің ұстанымын неге қабылдауға болмайды?

Атейстердің өмір дегеніміз осы материалистік дүниедегі тірлік қана, өлген соң адам мәңгі өшіп жоғалады деген ұстанымын қабылдау адамдарды ең алдымен, үмітсіздікке ұшыратады. Өйткені, қартаймайтын, өлмейтін пенде жоқ. Ал материалистің түсінігінше өлім деген мәңгі қаратүнек.  Осыған орай, атейстер қартайған сайын өлім қаупін ойлап, бойларын қорқыныш пен үрейге алдырады, ал жас шағында бір-ақ рет берілетін өмірде нәпсісі қалаған нәрсені жасап, дүниені жалпағынан басуға жанталасады. Оларда ар-ұят, жауапкершілік, қанағат деген болмайды. Бұндай түсінік адамдарды қатыгез аңға айналдырмақ.

Прочитать остальную часть записи »

Ақырзаман туралы Ыбырайымдық діндердің түсінігі

Ақырзаман жайындағы ислам, христиан және иудей діндерінің ұғым-түсінігі бір-біріне ұқсас. Бұл діндердің Қасиетті кітаптары – Тәурат, Інжіл және Құранда ақырзаман жайында егжей-тегжейлі толымды ақпараттар жоқ, бірақ та, осы діндерді ұстанатын теолог әулиелердің еңбектерінде Ақырзаман жайында біршама ақпараттар айтылады. Бұл діндерді ұстанатын қарапайым халықтың ұғымы да сол ғұлама әулиелердің айтқандарына орай қалыптасқан.

Адам ата мен Хауа ана аталатын ер мен әйелден таралған адамзат баласының тарихы ислам теологтарының пайымынша 7-8 мың жылдан бастау алады. Тіпті, Адам атадан бері ұрпақты тарататын ислам шежіресі де бар. Ғылыми түсініктерге біршама қайшылау келетін осы түсінікке орай, адамзат баласы өздерінің тіршілікте жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін сұралатын, жәй сұралып қоймай жақсы-жаман әрекеттерінің толық бодауын алатын, мерзімін Жаратқан құпиялаған Ақырзаман міндетті түрде болады. Бұл туралы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда нақты ашық аяттар бар.

Прочитать остальную часть записи »

Қожа Ахмет Яссауи туралы не білеміз

Ислам әлеміндегі ұлы тұлғалардың бірі саналатын  атақты ғұлама, әулие сопы Қожа Ахмет Яссауидің есімі  қазақ  халқына кең танымал. Яссауидің Түркістандағы кесенесін білмейтін жан жоқ деуге болады. Дегенмен де, көп адамдардың ғұлама әулие туралы білетін бар білімі сол Түркістандағы кесенемен ғана шектеліп қалатыны жасырын емес. Әулиенің өмірі, еңбектері, ислам әлеміндегі орны жайында  осы саланың зерттеуші мамандары мен ғалымдар болмаса, екінің бірі біле қоймайды.

Қожа Ахмет Яссауи өмір кешкен 10-шы ғасырдың басы Орта Азияда ислам дінінің кең таралып, ол туып өскен бүгінгі Оңтүстік Қазақстан аумағында дінді қарапайым ұстанушылармен бірге дін саласының ғұламалары да көптеп шыққан кезең болды. Сол тұстағы  діни жағдайға байланысты халық арасында кең таралған «Түркістанда Түмен бап, Отырарда отыз бап, Самарқанда сансыз бап, ең үлкені Арыстан бап» деген өлең жолдары Орта Азияда сол кезеңде дін ілімінің қаншалықты деңгейде дамығанын көрсетсе керек. Бап  деген «қақпа» деген мағынаны білдіретін араб-парсы сөзі. Аллаға кіргізетін қақпа деген мағынада айтылған «бап» атауы дін ілімінде үлкен биіктерге жеткен ғұлама әулиелерге берілетін дәреже іспетті саналған.

Прочитать остальную часть записи »

Жазаны қатаңдатпай, қылмысты тыю мүмкін емес

Заңды бұзып біреуге залал келтірдің екен, заң бойынша лайықты жазаңды аласың. Заңдылық жолы, әділдік жолы осындай. Жазықты адамды жасаған теріс әрекетінің салдарына орай жазалау ерте заманнан бар. Бұның астарында адамның теріс әрекеті үшін лайықты жазасын алуы ғана емес, жазалану арқылы қиындық көрген заң бұзушы және осыны көрген басқалар теріс әрекет жасаудан бойларын аулақ ұстап жүрсін деген игі ниет те бар.

Батыстық гуманизмнің астарындағы ақымақтық

Қазір біз кез келген істе Батыс елдеріне еліктеп, солардан үлгі алуға құмармыз. Ал сол Батыс елдерінің жыл санап азып-тозып, азғындық пен қылмыстың құрдымына құлап бара жатқандығын көре тұра, көрмеген боламыз.

Таяуда Норвегияның түрмесінде отырған 70-ке тарта адамды өлтірген қылмыскер-лаңкес түрмедегі жағдайға көңілі толмайтынын айтып сотқа шағымданған. Теледидар, кітап, тренажер залы бар үш бөлмеден тұратын түрмедегі әлгіге жасалған жағдай біздің елде пәтер жалдап тұрып жатқан азаматтардан көш ілгері дейтін дәрежеде. Оны ұстауға ай сайын 200 мың евродай ақша жұмсалатын көрінеді.

Прочитать остальную часть записи »

Зинақорлық неліктен күнә саналады?

Дәстүрлі діндердің бәрі де некеден тыс жақындықты, яғни зина жасауды үлкен күнә деп айыптайды. Ислам дінінің қасиетті кітабы Құранда зина жасағандарға жүз дүре салу қажеттігі және оны халық көріп тұруы керектігі жайында айтылған аят бар. Осылайша некеден тыс жақындық дәстүрлі діндерде тозаққа түсіретін ауыр күналардың бірі болып саналады. Неге бұлай? Енді осы мәселеге назар аударып көрелік.

Адамды ақылдан айыратын – нәпсі

Адамдардан басқа барлық хайуанаттар мен аң-құста жыныстық жақындыққа қатысты ешқандай да реттеу жоқ. Рас, қолда үйретілген сиыр, қой, жылқы сияқты түліктерде шағылысу табиғи түрде реттеледі. Бұл жануарлар жылдың белгілі бір кезінде күйлеп, шағылысады да, қалған уақытта ондай әрекеттен аулақ болады. Ал шошқа, ит, мысық сияқты хайуандарда шағылысу еш реттелмеген, олар қалаған уақытында, қалаған жерде шағылыса береді.

Осы арада мынадай сұрақ туындайды: дүниеге адам әкелуге қажетті жыныстық жақындық адамдар арасында не үшін күнә болып саналады? Бұны Алла жаратты, ендеше неге жақындыққа тиым салынған?

Прочитать остальную часть записи »

Талпынған жетер мұратқа

Барша адамдар дүниеге әлжуаз әлсіз және ақылсыз сәби бейнесінде келіп, өмір жолын бірдей деңгейде бастайды. Бірақ біреулер өз саласында биіктерге жетіп, атағы жалпақ жұртқа таралады, кәсіби білікті маманға айналып, бауқаттылыққа, жұрт құрметіне, биік мансапқа  жетеді. Ал басқалар өле өлгенше жолы болмағандардың санатында қалады. Неге?

Қонақүйдің дәлізінде тұрған актер

Бір ресейлік актер шығармашылық сапармен шет елге барады. Өнер ұжымын құрметпен қарсы алған шетелдіктер қымбат қонақүйден әр адамға жеке нөмір береді. Әлгі жас актерге де сондай жеке нөмір тиеді. Бірақ қызығы сол, жеке нөмірде ақжайма, төсеніш, жастығы жоқ шағын диван ғана тұрады. Одан бөлек киім ілетін шкав пен орындық және жатаған шағын үстел бар екен. Аты шықпаған жас актерге соның өзі люкс нөміріндей көрінеді. Дегенмен, қолайсыз жағы, нөмірде терезе жоқ болып шығыпты.

Кедейлеу отбасында өскен актер күй талғамайтын. Сондықтан ол терезесі жоқ жұпыны нөмірде еш ренжіместен тұра береді. Ерте кетіп, нөміріне кештеу қайтады. Таңғаларлығы, оны көргенде кезекші әйел дауыстап үнемі бірдеңе айтады. Ағылшын тілін түсінбейтін актер «сенкю» деген жалғыз ауыз сөзден басқа жауап бере алмайды.

Прочитать остальную часть записи »

Өлгеннен кейін өмір бола ма, әлде өлім мәңгілік ұйқы ма?

«Өзекті жанға бір өлім» дейді қазақ. Кез келген адам өледі, ажал ерте ме, кеш пе бәрімізге міндетті түрде келеді. Қызығы сол, осындай келмей қоймайтын құбылыс туралы адамдардың  99 пайызы өле өлгенше ойламайды. Ондайлар әдетте өздерін ешқашан өлмейтіндей сезініп, өлім туралы, ажалдан кейін не болады деген сауал жайында бастарын ауыртпайды.  

Адам мәңгі тіршілік иесі

Сіз қалайсыз ба, қаламайсыз ба, сенесіз бе, сенбейсіз бе – оған қарамастан адам МӘҢГІ ТІРШІЛІК ИЕСІ. Иә, сіз тіпті, өлгіңіз келсе де, ешқашан өле алмайсыз. Өйткені, сіз ауырып, қартайып және өлетін тән емес, МӘҢГІ ЖАНСЫЗ. Яғни, рухсыз. Мен сізге бұны Құранның немесе хадистерің әржерінен естіген, оқығандарын жаттап алғандай судыратып айта салатын молла-имамдар сияқты емес, қарапайым сөзбен түсіндіріп бере аламын.

Сіз өзіңізге «мен кіммін?» деп осы өміріңіздің ішінде тым болмаса бір рет сауал қойып, соған жауап іздеп ойланып көрдіңіз бе? Мен мынаны нық сеніммен айта аламын: адамдардың 99 пайызы ешқашан өзіне мұндай сауал қойып, бас ауыртпайды. Олар ішіп-жейді, ойнап-күледі, отбасы құрады, балалы-шағалы болады, жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығады… Міне, өмір деген олар үшін осы. Одан басқаны ойлап бас ауыртпайды.

Прочитать остальную часть записи »

Өміріңізге тікелей ықпал ететін екі түрлі әрекет

Адам өлгенге дейін бір сәт те әрекетсіз тұра алмайды. Әрекет ой, сөз және іс арқылы жүзеге асады. Тағы бір ақиқат: әрбір әрекеттің міндетті түрде салдары болады. Яғни, адам әрекет жасау арқылы оның салдарын да жасайды. Адам өмірінің жақсы немесе жаман, жеңіл немесе ауыр болуы – тікелей жасап жатқан әрекеттерінің салдары болып табылады.

Жақсы және жаман әрекет

Адамдардың көбі ешқашан өздерінің әрекеттерінің жақсы немесе жамандығына, оның қандай салдары болатынына оншалықты назар аудара қоймайды. Бір қарағанда айтарлықтай залалы жоқ сияқты көрінетін әректтің өзімізге де, айналамызға да үлкен зардабы болуы мүмкін. Керісінше елеусіз сияқты көрінетін әрекеттің өзімізге де, басқаларға да көп пайдасы тиюі ғажап емес.

Осыған қарап, әрекеттің екі түрлі болатынын бағамдау қиын емес. 1) жақсы салдары болатын әрекет; 2) жаман салдарға ұшырататын әрекет. Жалпы әрекет атаулыны осылайша екі топқа бөлуге болады. Осы жайында терең білген және өмір жолында соны ескеріп жүрген адам ешқашан өзіне де, өзгеге де залалын тигізетін жаман әрекет жасамайтын болады.

Прочитать остальную часть записи »

Дарақы тойшылдыққа тыйым бола ма?

«Күн боранда ит пен бала құтырады» дейді қазақ. Ат құлағы көрінбейтін ақтүтек борандарда ақыл-естен айрылып ойнақ салатын балалар мен ауыл иттері боранда адасып, өледі  екен. Сондықтан күн боранда қазақ балаларын үйге қамап ұстап, иттерін байлап қоятын болған. Баға шарықтап өсіп, дағдарыс жағадан алған қазіргідей қиын шақта боранда құтыратын бала сияқты қазақтар да ақыл-естен айрылып, дарақы тойшылдыққа салынып кетті. Байлар мақтаныш үшін ақшаларын шашса, кедейлер олардан қалмайық деп банктен кредит алып, аста-төк тойлар өткізу әдетке айналды. Қазір әрбір есі дұрыс қазақтың кем дегенде үш-төрттен кредиті бар. «Жау жағадан алғанда, бөрі балақтан тартады» дегендей, дағдарыс пен кедейліктен титықтаған қазақ банктерге жем болып, бар тапқандарын соларға беріп жатыр.

Ресми деректерге қарағанда қазіргі күні 7 млн-нан астам қазақстандықтарда несие бар екен. Олардың банктерден алған кредитінің сомасы 15 трлн теңгеден асады. Кейбір отбасыларында үш, төрт, тіпті бестен несие бар. Бір несиені жабу үшін екінші несие алатындар бар дейді қаржы саласының мамандары. Қалада пәтер жалдап тұратын, жалақылары жан бағуға жетпейтін жандарды түсінуге болады, ал той жасау үшін несие алып, қарызға бататындардың әрекетін қалай деуге болады.

Прочитать остальную часть записи »

Қылмыскерге ізгілікпен қарау қажет пе?

Қылмыс жасап, өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған пенделерге залалын тигізген адамға ізгілік таныту, кешірім жасау қаншалықты қажет? Өкініштісі сол, соңғы кезде батыстан тараған қылмыс саласындағы ізгілендіру деген саясат бізге де жетіп, алдымен ауыр қылмыстар үшін тағайындалатын өлім жазасы алынып тасталды. Содан кейін басқа дәрежедегі қылмыстар үшін ауыр жазалар біршама жеңілдетілді. Қылмыс саласындағы осындай ізгілендірудің бірақ еліміздегі қылмысты азайтуға емес, керісінше белең алуына ықпалын тигізуде.

Батыстық гуманизмнің астарындағы есуастық

Қазір біз кез келген істе Батыс елдеріне еліктеп, солардан үлгі алуға құмармыз. Ал сол Батыс елдерінің жыл санап азып-тозып, азғындық пен қылмыстың құрдымына құлап бара жатқандығын көре тұра, көрмеген боламыз.

Таяуда Норвегияның түрмесінде отырған 70-ке тарта адамды өлтірген қылмыскер-лаңкес түрмедегі жағдайға көңілі толмайтынын айтып сотқа шағымданған. Теледидар, кітап, тренажер залы бар үш бөлмеден тұратын түрмедегі әлгіге жасалған жағдай біздің елде пәтер жалдап тұрып жатқан азаматтардан көш ілгері дейтін дәрежеде. Оны ұстауға ай сайын 200 мың евродай ақша жұмсалатын көрінеді.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика