Нәпсінің құлақ кесті құлына айналған, ар-ұяттан жұрдай, адамшылық қасиеттен айрылып, хайуаннан да төмен деңгейге түскен педофиль деп аталатын пенделердің қатары жыл санап көбейіп барады. Бойы бекіп, бұғанасы қатпаған қыз немесе ер баланы зорлап, бүкіл өміріне өшпес дақ түсіретін мұндай пенделер қайдан шығады?
Адамды ақылдан айыратын нәпсі
Адамның ақыл-ойын баурап алып, еріксіз өз дегенінен көндіретін және айтқанын істетіп, айдауына жүргізетін нәпсі атты күшке екі аяқты пенденің қарсы қояр жалғыз қаруы бар, ол – діни шарттарды орындап, шариғат жолымен жүру. Нәпсінің жетегіне ермеудің жалғыз амалы – осы.
Кез келген дәстүрлі дін нәпсімен күреске ерекше мән береді. Нәпсі деген жалғыз ер мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы емес, ол: мансапқа, атақ-даңққа, байлыққа, арақ-шарапқа, құмар ойындарына, басқа да осы дүниенің игіліктеріне деген құлшыныс.
(далее…)








