Майтхуна агаре

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Біз өмір кешіп жатқан мына фәни жалғанды Веда ілімінде майтхуна агаре, яғни ер адам мен әйелдің жыныс жақындығына құштарлығы арқылы қосақтап байланған әлем деп атайды. Егер ақыл көзімен байыптай қарайтын болсақ, шынында да мына жалғанның қозғаушы күші – әйел мен ер адамның бір-біріне деген құштарлығы екенін бағамдау қиын емес.

АҚШ-тың бір зерттеу мекемесі ер адамдар арасында сұрау салу арқылы еркектердің әр 4 минутта қыз-келіншектер, жыныс жақындығы жайлы ойлайтынын анықтаған. Бұның өзі мына дүниенің қозғаушы басты күші – еркек пен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы екенін айғақтайды.

Бһагавад Гитада мына жалған фәни дүниеге адамды байлап, имандылықты, Құдайды ұмыттыратын басты күш – нәпсі, оның ішінде жыныс жақындығына деген құштарлық екені айтылған. Сондықтан да болар, Мұхаммед пайғамбар хадистерінде «нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін созылады» дейді. Нәпсісін жеңген адамның ғана жүрегіне имандылық ұялайды.

Имандылық пен нәпсіқұмарлық от пен су сияқты бір-бірімен ешқашан үйлеспейтін қарама-қайшы құбылыс. Осыған орай, барлық дәстүрлі діндерде нәпсіге беріліп кетпес үшін жасайтын амалдар, оның ішінде реттеушілік қағидаттар бар. Діннің сол ұсынған реттеушілік қағидаттарын сақтар болсақ, ақырындап нәпсінің құрығынан шығып, имандылық жолға түсетін боламыз. Енді соған кеңірек тоқтала кетейік.

Ислам дінінде ішіп-жеуге болатын және болмайтын тағамдар, сөйлеуге болатын және айтуға болмайтын нәрселер, істеуге рұқсат етілген және істелуі міндетті, сондай-ақ тыйым салынған әрекеттер бар. Бұлардың бәрін – шариғат заңдары деп атайды. Шариғат заңдарын немесе шариғат шарттарын сақтау әрбір мұсылманның қасиетті міндеті. Шариғат талаптарын сақтап, соны орындау арқылы жүрекке имандылық ұялайды.

Мәселен, мұсылман баласына Алланың атын айтпай сойылған мал еті, шошқаның, бірқатар аң-құстардың еті харам деп саналады, яғни ондай етті жеуге болмайды. Сондай-ақ, мұсылман баласының арақ-шарап ішуіне, есірткі заттарын тұтынуына тыйым салынған. Өзін мұсылманмын деп санаған адам өтірік айтудан, жалған куә болудан, ұрыс-керістен аулақ болуы шарт. Мұсылман баласы некеден тыс байланыстан, яғни зина жасаудан барынша аулақ болуы тиіс, оған қоса, кісі ақысын жеу, адамдарды алдау, ұрлық істеу, өсімқорлықпен айналысу – бұның бәрі де тозаққа түсіретін ауыр күнәлар деп саналады.

Сонымен бірге, ислам дінін ұстанған адам күніне 5 мәрте дәрет алып, намаз оқуы, қасиетті Рамазан айында 30 күн ауыз бектітіп ораза ұстауы, оған қоса қайыр-садақа беруі міндет. Осы аталған шарттардың бәрі қосылып, шариғат заңын құрайды және әрбір мұылман баласы оны қатаң сақтауы тиіс болады. Бұл не береді?

Реттеуші қағидаттарды сақтау – адамның мінез-құлқын, дүниетанымын, жалпы санасын өзгертуге ықпал етеді. Мысалы, өзін мұсылманмын деп санайтын адам күніне 5 рет намаз оқиды. Таң намазы күн шықпай, таң енді алагеуімденіп атып келе жатқан шақта оқылады. Яғни, мұсылман адам күн сайын, мейлі демалыс немесе мереке күндері болсын, оған қарамастан таңсәріде оянып, дәрет алып, намаз оқиды. Күнде-күнде жылдар бойы осылай жасаған адам ақырындап ерте тұруға, дәрет алып таза жүруге бойы үйреніп алады. Әсіресе, қыстың күндері жылы көрпеде жатып таңғы тәтті ұйқыны қиып намазға тұру оңай шаруа емес. Бірақ, сол жалқаулық пен бойкүйездікті жеңіп, ұйқыдан тұруға өзіңді мәжбүрлеу арқылы ерік-жігер күшің артады, өзіңді тәртіпке үйретесің. Бұл – діннің психологиялық-эмоциялық  әсері.

Ал күнде ерте тұру, бес рет жуынып дәрет алып намаз оқу – тәннің тазалығын сақтауға, күн режимін қалыптастыруға әсерін тизеді. Отырып-тұрып, иіліп-бүгіліп намаз оқу қиымларын жасау, буындардың жұмысын жақсартады, былайынша алғанда бұл дене жаттығуы іспетті. Бұның бәрі  – діни реттеуші қағидаттың физикалық жағынан тигізетін игі әсері.

Күн сайын намаз оқу, жылына 30 күн ауыз бекітіп ораза ұстау, қайыр-садақа беру, харам астан тыйылу, залалды жаман сөз бен әрекеттен аулақ болу – бұның бәрі адамды тәртіптілікке, өзін-өзі бақылап, басқаруға бейімдейді және пенде осының бәрін Алланың разылығы үшін орындап жүрмін деген сенімде болса, жүрегіне имандылық ұялайды. Бұл – діннің рухани игі әсері.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика