
Қазіргі технология шарықтап дамыған заманда әлем елдері бұрынғыдай оқшау өмір сүре алмайтын болды. Жаһандану деген құбылыс адамзатты миша араластырып жіберді. Ендігі уақытта ешбір мемлекет басқа елдердегі болып жатқан түрлі құбылыстардың бізге қатысы жоқ деп айта алмайды. Барша адамзатқа тән түрлі проблемалар соңғы жылдарда көбейіп барады. Оны шешу бір ғана елдің шаруасы емес, енді әлем халықтарының бірлесе жұмыс істеуі ғана бұндай мәселені шешуге жағдай жасамақ.
Жұқпалы дертке қатысты кереғар пікірлер
Өткен жылдың басында пайда болған короновирус атты жұқпалы дерт алғаш шыққан кезден-ақ, бір-біріне қарама-қайшы екі түрлі пікір ел арасында айтылып жүрді. Мемлекеттік ақпарат құралдары мен мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін осы саланың мамандарының айтуынша, бұл аса қатерлі дерт және одан сақтанудың ең сенімді жолы – адамдарды оқшаулау, карантин шараларын енгізу, ал вакцина шығарылған кезде жұртшылыққа жаппай екпе жасау.
(далее…)







