
Қытайдан келген қазақтар айтыпты деген «Қытайда жүруші едім қымыз ішіп, сәбетке неге келдім, артым қышып, бұл жақта ішкиім алсаң да жу дейді екен, жумасаң қытайдан келген қу дейді екен» деген өлеңі болушы еді. Сол сәбет заманында сыныққа сылтау табылса болды жу деп, жиналып арақ ішу сән болатын. Ал қазір қазақ үшін ашылып-шашылып ақша шығарып той-томалақ жасау сәнге айналды.
Көңілдік – жаңа дәстүр ме
Бір танысым таяуда «демалыс күні көңілдікке шақырып жатыр, шаруаларым болып тұр, бармасам ұят-ау» дегенді айтты. Көңілдік деген не, деп сұрадым. Сөйтсем, ол қайтыс болған адамды еске алуға арналған бір шара екен. Қазақта ертеден келе жатқан адам қайтыс болған соң өткізетін – үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы деген дәстүрлер бар. Ал көңілдік деген солардың ешқайссына жатпайтын су жаңа дәстүр екен.
Қайтыс болған жақынын есіне алу үшін бір жылдан соң ба, екі, не үш жылдан кейін бе, қалаған уақытында, қалаған күні көңілдік өткізуге болады екен. Оған жиналғандар ет жеп, шәй ішеді, молда дұға бағыштайды. Бұндай шара әрине, үйде емес, дәмхана, мейрамханада өтеді, ондаған, жүздеген адам шақырылады. Яғни, қып-қызыл шығын.
(далее…)







