Архив рубрики ‘Білім’

Он литр су сыятын ыдысқа он литрден артық суды сыйғыза алмайсыз. Ол ыдыстың өлшемі сол он литр, одан артықты қабылдамайды. Сол сияқты әр адамның өз ақыл-ой деңгейі болады, сол деңгейінен артық ақпаратты, білімді ол қабылдай алмайды. Сіз оған қанша айтсаңыз да, тіпті құлағына микрофонмен айқайласаңыз да, ол өз ақыл-ой деңгейінен артықты қабылдамайды.

Мен ұзақ жылдар осы ақиқатты түсенбей келдім және менің пайымымша, өзім түсінген, қабылдаған шындықты басқалар да міндетті түрде қабылдай алады, оған қабылет-қарымы жетеді деп түсініп келдім. Біраз жылдардан бері діни пәлсапамен айналысып келемін. Осы саладан біршама білім алдым. Сол білгенімді басқаларға жеткізгім келіп, өзіме әлдеқашан белгілі және дау туғызбас ақиқат болып саналатын жайларды басқаларға айта бастасам, бұл әңгіменің олар үшін мүлдем қызықсыз екендігіне және тіпті, дұрыс деп мені мақұлдап қабылдаған сыңай танытқандарымен оны ұқпайтындарына кейін келе ақырындап көз жеткізе бастадым.

(далее…)

Адамдардың басым көпшілігі жалған үмітке алданып, уақыттарын босқа өткізеді. Өйткені жалған үміт адамды әрекетсіздікке, қорқыныш пен үмітсіздікке бой алдырып, қиындықтан қашуға мәжбүрлейді. Мыныдай ақиқатты ешкім де теріске шығара алмайды: кез-келген мақсатқа, нәтижеге жету үшін міндетті түрде нақты әрекет жасау қажет. Өмірдің айнымас заңы мынадай: нақты әрекет — нәтиже. Әрекетсіз нәтиже болмайды. Өкінішке орай, осы бір өмірдің айнымас заңын жалған үмітке алдан5ан пенде қаперіне алмайды.

Адамдар неге жалған үмітке алданады? Оның астарында адамның бойындағы бойкүйездік, жалқаулық, жайбасарлық, жігерсіздік  сияқты табиғи қасиеттермен бірге, адам санасына әсерін тигізетін теріс құбылыстарды да бар. Ал ондай теріс көзқарас пен жаман ойлар адамның санасына өздігінен келе салмайды. Құранда “аса алдаушы” деп аталған сайтан деген адамдарды алдап, теріс жолға салатын мақұлықтың бар екенін айғақтайтын жайлар өмірде аз кездеспейді. Құранда сайтанның адамдарға берер жалғыз игілігі  жалған уәдемен алдау екендігі анық айтылған. Сайтан адамның санасына қалай әсер етеді?

(далее…)

Әр адам дүниеге келген кезден бастап, ақырғы демі біткенге дейінгі аралықтағы тірлігінде жүздеген, мыңдаған адамдармен түрлі қарым-қатынас жасайды.  Адамдармен қарым-қатынастың адамзат өмірінде үлкен мәні бар. Ол пенделердің осы өміріндегі тірлігінің жақсы-жаман, ауыр-жеңіл болуына ғана емес, сондай-ақ, өлгеннен кейінгі тірлігі мен келесі өміріне де айтырлықтай әсерін тигізеді. Осыған орай, дәстүрлі діндердің бәрінде адамдармен қарым-қатынас жайына айрықша көңіл бөлінеді.

Бір сахаба Мұхаммед пайғамбардан бірде “маған көрші тұратын әйел өте тақуа адам, бес уақыт намазын қаза жібермейді, бірақ ұрысқақ, көршілерімен үнемі ұрысып-керісіп жүреді, соның о дүниедегі жайы қандай болмақ?” деп сұрайды. Сонда пайғамбар ойланбастан бірден “оның о дүниедегі орны тозақ” деп жауап береді. Бұл сөздің астарында Жаратқанның алдындағы діни парыздарын қанша жақсы орындағанмен, айналасындағы адамдармен дұрыс қатынас жасамаған жанның тағат ибадаттары далаға кетіп, тозақ нәсіп болатыны жатқаны анық.

(далее…)

“Бай әке және кедей әке” атты әлемге кең таралған кітаптың авторы Роберт Киосаки кәсіби инвестор обьектінің бір қырын ғана емес, барлық қырын көреді, сондықтан дұрыс шешім қабылдайды, дейді. Адамдардың басым көпшілігі таным обьектісінің көзге көрініп тұрған бір жақ қырын ғана көріп, басқа қырларын назардан тыс қалдырады. Сондықтан да, олар сол обьектіге жан-жақты толымды баға бере алмайды. Ал бұның өмірде көп залалы тиіп жатады. Енді осы мәселеге кеңірек тоқтала кетейік.

Ертеректе Югославияның әлемге танымал жазушысының қазақ тіліне аударылған “Бикеш” деген романын оқыдым.  Кітаптың қысқаша мазмұны мынадай. Бақуатты бір кісі әлдекімдерге алданып, ақшасынан айрылады және соған назаланып, жүрегі ауырып, қайтыс болады. Ол өлерінде соңында қалып бара жатқан жалғыз қызына “ешкімге сенбе, туыстардың өзі ақша үшін алаяқтыққа барады” деп өсиет етеді. Бір кезде шалқыған бай болған оның соңында қызына кішкентай үй ғана қалады. Әкесінің кебін кимейін деген қызы ешкімге сенбей азын-аулақ шаруашылығын өзі жүргізеді. Ісі алға басып, ақша таба бастайды. Бірақ ол басқалар сияқты тапқан ақшасын өз қызығына жұмсап, шалқып өмір кешпейді, ақшаны үнемдеп, оны көбейте береді. Өмір зулап өтіп жатады. Тұрмысқа шықпаған қыз ақырындап қартайып, егде жасқа жетеді. Ол әкесінен қалған шағын үйінде тұрады, кең үй алып, тұрмысын түзеп, өмірдің қызығын көрмейді.  Малынып киініп, жарқыратып дүние жинамайды, көңіл көтеріп, қыдырмайды. Сырт қараған адамға кедей сияқты көрінетін оның сандығындағы алтын ақшалар жыл өткен сайын молайып, сандық толады. Ол ақшаға сәулетті үй сатып алып, шалқып өмір сүруге болатын еді. Бірақ та, әкесінің басынан кешкен жайы қатты әсер еткен ол ешбір пендеге сенбейді және ақшасын жасырып, бір адамға бір тиын бермейді. Ол әр тиынын үнемдеп, тіпті қыс түскенше от жақпайды, қараңғы түскенше жарық жақпайды. Осылайша өмірін кедейлікте, тапшылықта өткізген ол қайтыс болғанда соңында сандық толған алтын ақша қалады. Қайыршылықта күн кешкен әйелдің соншама ақшасының барлығын естігенде ағайын-таныстары таң-тамаша қалады.

(далее…)

Ислам әлеміне әйгілі пайғамбардың күйеу баласы Хазырет Әлидің мынадай сөзі бар: “Жұқпалы оба ауруымен ауырған адаммен бір бөлмеде он жыл бірге тұрып, бір ыдыстан тамақ ішіп жүріп ауруды жұқтырмау мүмкіндігі бар, ал жаман адаммен бір күн бір бөлмеде тұрғанда оның жаман мінезін жұқтырмау мүмкіндігі қалмайды”. Бұны қазақы түсінікке салып айтар болсақ: “жаман мінез жұққыш келеді” болып шығады.

Ертеректе бір әулие ұстаздан бір кісі “менің баламның болашақта кім болатынын айтып беріңізші” деп сұрайды. Сонда ұстаз оған “балаңның араласатын жолдастарын ертіп кел, сонда оның кім болатынын айтамын” деген екен. Бұдан ұғарымыз: адамның мінез-құлқы мен өмірлік ұстанымының қалай қалыптасатынын ол араласатын жандар айқындайды. Ұрымен дос болған адам ұрлыққа бейім болады. Ал зинақордың жолдасы зина жасауды әдет етеді. Бұны қазақтар “тең теңімен, тезек қабымен” деп бір ауыз сөзбен түйіндеген. Яғни, адам кіммен араласып, қарым-қатынас жасаса, соған ұқсайды, соның мінез-құлқы мен ұстанымын санасына сіңіреді.

(далее…)

Ислам әлеміне әйгілі пайғамбардың күйеу баласы Хазырет Әлидің мынадай сөзі бар: “Жұқпалы оба ауруымен ауырған адаммен бір бөлмеде он жыл бірге тұрып, бір ыдыстан тамақ ішіп жүріп ауруды жұқтырмау мүмкіндігі бар, ал жаман адаммен бір күн бір бөлмеде тұрғанда оның жаман мінезін жұқтырмау мүмкіндігі қалмайды”. Бұны қазақы түсінікке салып айтар болсақ: “жаман мінез жұққыш келеді” болып шығады.

Ертеректе бір әулие ұстаздан бір кісі “менің баламның болашақта кім болатынын айтып беріңізші” деп сұрайды. Сонда ұстаз оған “балаңның араласатын жолдастарын ертіп кел, сонда оның кім болатынын айтамын” деген екен. Бұдан ұғарымыз: адамның мінез-құлқы мен өмірлік ұстанымының қалай қалыптасатынын ол араласатын жандар айқындайды. Ұрымен дос болған адам ұрлыққа бейім болады. Ал зинақордың жолдасы зина жасауды әдет етеді. Бұны қазақтар “тең теңімен, тезек қабымен” деп бір ауыз сөзбен түйіндеген. Яғни, адам кіммен араласып, қарым-қатынас жасаса, соған ұқсайды, соның мінез-құлқы мен ұстанымын санасына сіңіреді.

(далее…)

Соңғы кезде жасанды интеллект деген сөзді жиі еститін болдық. Бұрын тек фантастикалық шығармаларда ғана кездесетін бұл сөз бүгінде өмірімізге ақырындап еніп, күнделікті тірлігіміздің ажырамас бөлігіне айналып бара жатқандай.  Әзірге адамдар жасанды интелектіні түрлі салаларда  мамандарды ауыстыратын тиімді көмекші ретінде қарастырғанымен, жекелеген салаларда жасанды интеллектінің адамдарды ығыстырып шығарып, оларға залалын тигізіп жатқан жайлары да ұшырасып қалады. Бұл әзірге оншалықты көп кездеспегенімен, уақыт өткен сайын ол адамзат үшін үлкен өзекті мәселеге айналу қаупі бар.

Жасанды интелект сенімді көмекші

Чат бот деп аталатын программаны қазір қызмет көрсету салалары мен сауда ұйымдары өте жиі қолданады.  Арнайы маман  кеңесші ұстап, оған қыруар ақша төлейтін мекемелер қазір осы программаны орнатудың арқасында клиенттердің сұранымына ие жоғары деңгейдегі қызмет көрсететін болды. Мәселен, халыққа қызмет көрсету орталықтарының сайтына кіріп, түрлі мәселелерге байланысты ақпарат алғыңыз келді делік.  Алдыңыздан чат бот программасының терезесі шығады. Не сұрайсыз, қандай мәселе бойынша ақыл-кеңес қажет деп алдыңызды көлденеңдеген терезеге сұрағыңызды жазсаңыз болды, әп сәтте жауабы шығады.

(далее…)

Білімді екі түрлі тәсілмен алуға болады екен. Латын тілінде оның нақты атаулары бар, дегенмен мәселе атында емес, затында болғандықтан, латынша былай дейді деп жаттап алған нәрсені  тықпалағым келмейді. Білімді алуға ықпалын тигізетін бұл екі тәсілдің жеткізер нәтижесі де екі түрлі. Біреуі шынайы білім алуға көмектессе, екіншісі алдамшы елесті қуып, уақытын ысырап қылуға ұшыратады. Енді білім алудың осы екі тәсіліне кеңірек тоқталайық.

Өз ақылымен ақиқатты тапқысы келетіндердің жайы

Білім алудың бірінші түрі: адам ешнәрсеге сенбейді, бәрін өз көзімен көріп, тәжірибе арқылы көзін жеткізгенде ғана оны шындық деп қабылдайды. Бүгінгі материалистік ғылым осындай түсініккке негізделген. Материалистік ғалымдар Құран,Інжіл сияқты қасиетті кітаптарған сенбейді, өйткені онда айтылған жайларды өз тәжірибелері арқылы анықтағылары келеді.

Мәселен, Құранда адамды Алла топырақтан жаратты деп айтқан. Бүгінгі ғылым адам топырақтан жаратылмайды, ол белоктан, басқа да қоспалардан жасалады деп пайымдайды. Осы түсінікті олар тәжірибе жүзінде дәлелдеуге күш салып келеді. Бірақ та, осы күнге дейін оны іс жүзінде дәлелдей алған жоқ. Соған қарамастан, ақылдан айрылған қыңыр ғалымдар алған беттерінен қайтпай, өз түсініктерін дәлелдеу үшін жанталасып жатыр.

(далее…)

«Үш күндігін ойламаған әйелден, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деген сөз бар. Адамдардың көбі бүгінде өкінішке орай, үш жылдығы немесе үш күндігі түгілі, үш минуттан кейінгі жайын да ойлап, бас қатырмайды. Ондайлар әдетте ойларына келгенді жасап, өздеріне де, өзгелерге де үлкен залалдарын тигізіп жатады. Соған орай, ондайлар екі дүниеде де игілік таппайды.

Рухани білім не үшін қажет?

Өлгеннен кейінгі өмір жайлы қасиетті Құранда аздап жазылғаны болмаса, онда не күтіп тұрғандығы баршамызға жұмбақ. Бүгінгі ғылым, тіпті о дүние деген жоқ, өлген соң адамның тәнімен бірге өмірі де түгел өшіп жоғалады деген түсінікті санаға сіңіруде. Содан болар, адамдардың көпшілігі көз алдындағы осы дүниенің ғана игілігін ойлап, бақи дүние дегенді мүлдем қаперіне алмайды.

Зерделі адам бүгінгісін ғана еемс, ертеңгісін, үш, он жылдан кейінгісін, оны айтасыз өлгеннен кейінгі жайын да ойлап, соның қамын жейді. Егер сіз ертеңіңіздің жайын бүгін ойлап, болашағыңыз үшін

(далее…)

Біреулер өмір соқпағымен тез алға басып, өмірден өз жолын тауып, биік табыстарға жетіп жатады, ал енді біреулер әрнәсенің басын бір шалып, өмірде орныға алмай, қызметте де, тұрмыста да жолдары болмай жатады. Әлемдік бестселлерге айналған Напалеон Хиллдің «Ақылменен ақша тап» кітабында адамның табысқа жетуіне кедергі келтіретін 30 қасиет туралы айтады. Солардың бәріне болмаса да, негізгі деген бірнешеуіне тоқтала кетейік.

Нақты мақсаттың жоқтығы

Кітап авторы сол тұста АҚШ-тың бір институтының адамдар арасында сұрау салу өткізгендігін, соған тартылғандардың 98 пайызының алдарына қойған нақты мақсаттарының жоқтығын айтады. Ол адамдардың бәрі өмірде орындарын таба алмай, сәтіздіктерге ұшырап, тұрмыс тауқыметін тартып жүргендер екен.

Егер адам алдына нақты масқат қойып, соған жетемін деп саналы түрде әрекет жасамай, өмір ағысымен жүре берсе, оның табысқа жету мүмкіндігі – ноль болмақ, яғни ешқашан табысқа жете алмайды деген сөз. Сондықтан, алдыңа нақты мақсат қоюдың маңызы қашанда зор болмақ.

Білімнің жетіспеушілігі

Қазақта «арзанның сорпасы татымас» деген сөз бар. Мектепте тегін берілетін білім жастарға өмірде алға басуына көмектесетін нық негіз бере алмайды. Өз басым қазақ мектебінде он жыл оқып, бірақ қазақша сөйлей алмайтын жігітті білемін. Ондайлар өкінішке орай, өте көп.

(далее…)
Яндекс.Метрика