Қазақстанда қаржы нарығында жұмыс істейтін банктердің бәрін дерлік тұрақты өсіммен жұмыс жасайды деп айта алмайсың. Қарызға белшеден батып, банкротқа ұшырау қаупі төнген мықты деген талай банкті мемлекет бюджеттен миллиардтар бөліп, құтқарып жатады. Бұл – әбден әдетке айналып кеткен шаруа. Сондай-ақ, банкрот болып, басқа үлкендеу банктердің өңешіне жұтылып жататындар да жетерлік. Биылғы жылдың өзінде екі банк лицензиясынан айрылып, тақырға отырды. Ал оның салымшылары өсім пайызы түгілі, салған ақшаларын ала алмай қиындық тартуда. Бұның себебі неде деген мәселеге келсек, шет елдік жоғарыда айтып кеткен «Гермес менеджмент» сияқты қаржылық компаниялар ең алдымен дұрыс менеджменттік жұмыстар жүргізіп, тұрақты өсімге қол жеткізген.
Қазақстандық банктердің табыс көзі – негізінен халыққа және заңды тұлғаларға жоғары өсіммен берген кредиттен және ақша аударымдары, басқа да банк операцияларынан түсетін төлемдерден құралады. Ал шетелдік банктер мен қаржы институттарының табыс көздері – басқарушы компаниялардың түрлі жобаларға қатысу арқылы табатын табыстарына негізделген. Ол компаниялар ақша түсіретін ірі инвестияциялық жобаларға қаржы салады және қор нарығына (далее…)





