Қазір біз бір кезде қанды төңкеріс арқылы өз қолымызбен жойған капиталистік құрылысты қайта құрып, нарық қоғамында өмір сүріп жатырмыз. Бәрі сатылатын капиталистік қоғамның заңы қатал, өліп бара жатсаң да ешкім аузыңа су тамызбайды. Бұл қоғамда әрбір пенде өз қамын өзі жасап, аштан өлмеуді жайын ойлауы тиіс. Сөйтіп капиталистік қоғам біздің кеңес заманындағы жайбасар, марғау тірлігіміздің шырқын бұзып, өмірге деген көзқарасымызды түгел өзгертті. Ұлы Абай айтқан «есектің артын жусаң да мал тап» дейтін заман келді.
Байлық жұрттың бәріне бұйыратын бақыт емес.
Бүгінде бай-бауқатты болғысы келмейтін жан жоқ. Бірақ байлық деген бақ құсы екінің бірінің басына қона салмайтын, адам талғайтын болып шықты. Өз бизнесін ашуға талпынған 100 адамның 80-і бір жылдың ішінде банкрот болып, барынан айрылады екен. Сол 20 адамның 15-і содан кейінгі үш жылда бизнеспен қоштасатын көрінеді. Осылайша, 4 жылдан кейін өз кәсібін ашқан 100 адамның тек бесеуінің ғана маңдайы жарқырап, жолы болады дейді әлемдік (далее…)







