Қорқыныш құрсауында

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамның ең қатерлі жауы қателік емес, қорқыныш. Қателік зерделі адамды ширатады, ал зердесіз пендені ойына алған масқатынан бас тартуға мәжбүрлейді. Қателігінен сабақ алған зерделі жан адаса жүріп, мақсатына жеткізер түзу жолды іздейді және оны табады. Қиындықтар мен кедергілерді жеңген ол ақырсоңында аңсаған арман-мақсатының асқарына көтеріледі. Ал қателіктен сабақ алмаған зердесіз пенде кездескен қиындықтарға шыдамай, ойына алған шаруасын орындаудан бас тартады және санасын қорқынышқа алдырады. Қорқыныш адамды әлжуаз, дәрменсіз һәм қорғансыз етеді. Санасын үрей мен қорқыныш, күмән мен күдік билеген пенде ешқашан мақсатына жете алмақ емес және көлеңкесінен қорқып, өмірін тауқыметпен өткізеді.

Байлыққа бастар жол

Мемлекеттік немесе жеке меншік кәсіпорында жұмыс істеп жүріп, байыған бір адамды көрдіңіз бе? Қандай лауазымды қызмет атқармасын, қаншалықты жоғары жалақы алмасын, әлдекімге жалданып жұмыс істеген адам ешқашан байлыққа қол жеткізе алмайды. Роберт Киосаки байлыққа жетудің жалғыз жолы – бизнеспен айналысу немесе инвестор болу дейді. Яғни, сіз квадранттың оң жағында болсаңыз ғана байлыққа жете аласыз.

Ал бизнес те, инвестиция да тәуекелдің ісі. Ондай тәуекелге бару үшін санаңызды тұмшалаған қорқынышты жеңіп, қателіктеріңізден сабақ алуыңыз шарт. Табысқа жетудің басты кілті де дәл осы, яғни, қорқынышты жеңіп, қателіктен сабақ алу.
Арабтың ежелгі әйгілі ертегілері «Мың бір түнде» мынадай өлең жолдары бар:

Мен ағашпын шыдаймын бәріне де,
Жаздың ыстық, суықтың зәріне де.
Жапырағым жайылып, бойым түзеп,
Саям түсед төгілген дәніме де.
Жетем десең мақсатқа үлгі ал меннен,
Сөл соруға тамырым кеткен төмен.
Хауа тартад жайылған жапырағым,
Сөйтіп жетем мақсатқа мен іздеген.

Мол байлыққа қол жеткізген әлемдегі бақуатты адамдардың бәрі де қателік жасаудан қорықпай, қателіктерінен сабақ алған және кездескен қиындықтар мен кедергілерді жеңу арқылы масқаттарына жеткен. Адамдардың көбі бизнеспен немесе инвестициямен айналысуға тәуекел ете алмайды, себебі олар қателік жасаудан қорқады. Қазақ «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» дейді. Қателеспейтін пенде жоқ. Сондықтан қателіктен қорықпай, мақсатыңыздың биігіне жетемін деген нық сеніммен қиындықтар мен кедергілерге қарамастан алға жылжитын болсаңыз, міндетті түрде жеңіске жетесіз.

Байлық пен кедейлік

Бүгінде адамдардың басым көпшілігі кедейлікте өмір сүреді. Әрине, байлық өмірлік басты мақсат болмауы керек. Дегенмен де, өзіңізді дәрменсіз және қорғансыз етер қорқыныштан құтылу үшін де қаржылық тәуелсіздік қажет. Кедей адам қорғансыз болады. Ол «мына жұмыстан айрылсам қалай күн көремін, бала-шағамды қалай асыраймын» деген күмәнді ойдан тоғышар бастықтардың қолындағы қолжаулық болып, ар-намысы тапталуымен күн кешеді.

Бақуатты адам болса қай жерде де өзін емін-еркін сезініп, ар-намысын аяқ асты етпейді. Байлық пен кедейлік от пен су сияқты қарама-қайшы құбылыс. Кедей болу оңай және оған еш кедергісіз жұрттың бәрі де оңай қол жеткізе алады, ал байлыққы ие болу тек санаулы адамдардың ғана маңдайына жазылған.

Осы екі жолдың қайсысын таңдайсыз: тауқымет пен азаптан арылтпайтын және үрей мен қорқыныш құрсауында ұстайтын кедейлікті ме, кезедскен қиындықтарды жеңу арқылы ширап, қателіктеріңізден сабақ алу арқылы тәжірибе мен білім жинап, қаржылық тәуелсіздікте өмір сүруге жағдай жасайтын байлықты ма? Таңдау еркі – өзсіңізде.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика