Қиындық жауыңыз емес

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың көбі қиындықтан қорқады. Олар өмір жолым тақтайдай тегіс, жеңіл болса, ойлаған арман-мақсаттарымның бәрі жедел және оңай орындалса деп тілейді. Шындығында жеңіл жолмен келген игіліктің берекесі болмайды және қиындық адамды шыңдап, өмірге бейімделуге көмегін тигізеді. Яғни, қиындық жауымыз емес, керісінше досымыз.

Қиындықпен келген дүние берекелі болады.

Ертеде бір бай кісі өмір сүріпті. Ол қайтыс боларында жалғыз ұлын шақырып алып, мынадай өсиет айтады: «қала сайын үй сал, жұма сайын қатын ал, ас жесең, бал же». Баласы әкесін жерлеп, одан қалған мол дүниеге ие болады.
Ол әкесінің өсиетін айнытпай орындайды. Қала сайын үй салады, жұма сайын үйленеді және не ішіп-жесе де бал араластырып тамақтанады. Содан көп ұзамай мол дәулет сарқылып, кедейленеді. Бар байлығынан айрылып, қатты жүдеген әлгі жігіт бірде көшеде мұңайып отырады.
Сол кезде оның жанына келіп отырған бір қария «аяқ-қолың бүтін, денің сау жап-жас жігітсің, неге осынша мұңаясың» деп сұрайды. Сонда ол басынан кешкен жайын баяндап береді. Мұны естіген қария «Әттеген-ай, балам, әкеңнің айтқан сөзінің мәнін ұқпаған екенсің. Әкең өте ақылды адам екен. Оның қала сайын үй сал дегені, әр қалада таныстарың болсын, сонда өрісің кеңиді, жұма сайын қатын ал дегені әйеліңмен жұмасына бір рет жүздес, сонда денсаулығың жақсарып, ұрпағың көбейеді, ал ас жесең бал же дегені, еңбек етіп тапқан мал балдай тәтті және берекелі болады дегені екен» -депті.

Жеңіл жолмен келген байлықтың қадірі жоқ.

Жасыратын не бар, КСРО құлап, нарыққа көшкеннен кейін жекешелендіру саясаты арқылы қолдарында билігі бар адамдар оңай жолмен мол байлыққа кенелді. Олардың өздері де, балалары да бүгінде байлыққа ие болып отырса да, шын мәнінде соның қадір-қасиетін білмейді.
Бұл пікіріміздің дәлелі әлгіндей байлардың аста-төк тойлар жасап, ақшаны еш себепсіз ысырап етулерінен анық көрінеді. Былтыр жазда бір бай баласының үйлену тойына 150 миллион доллар жұмсапты деп жазды ғаламторда. Ысырапшылдық, дүниенің қадірін түсінбеушілік дегеннің айқын дәлелі осы болар.
Байлардың балалары да ақшаның қадір-қасиетін мүлдем түсінбейді. Бір телеарнадан байдың баласы күнде мейрамханаға барып, көңіл көтеретінін, күн сайынғы жұмсайтын қалта шығыны – 3 мың доллар болатынын мақтана айтты. Айына 90 мың долларды мейрамханалар мен сауналарда арақ-шарап ішіп, жеңіл жүрісті қыздармен көңіл көтеруге жұмсайтын ондайлар байлықтың қадірін ұғады деуге бола ма?

Жеңіл жолмен келген байлық бақыт әкелмейді.

Күн сайын үш мың долларды көңіл көтеруге жұмсайтын әлгі бозбаланы бақытты деп айта аласыз ба? Шындығында мына дүниеде барлық игілік ерте ме, кеш пе адамды мезі қылып жалықтырады. Күн сайын мейрамхана бару, казинода ойнау, жеңіл жүрісті қыздармен қыдыру, т.б. нәрселердің бәрі көп ұзамай адамды жалықтырып, олар енді мұндай тәсіл арқылы рахаттана алмайтындай жағдайға жетеді.
Содан болар, байлар көңілдерін көтеру үшін ойларына келгенді жасап, көрінген нәрсені ермек етіп жатады. Бірақ қандай нәрсемен айналысса да ерте ме, кеш пе бәрі жалықтырмақ. Яғни, мол байлық адамға шексіз қуаныш пен бақыт әкеледі деген жаңсақтық.
Керісінше, өз күшімен, адал еңбегімен байыған адам байлықтың қадірін түсінеді және орынсыз ысырапшылдыққа бармайды. Сондай-ақ, адал еңбекпен тапқан ақша адамға қуаныш сыйлайды. Өзіңіздің еңбегіңіздің жемісін ақша түрінде ме, не басқа да нәтиже түрінде ме көру, қашанда адамға қуаныш пен қанағат сезімін әкеледі.
Жоғарыдағы мысал әңгімедегі байдың ұлына айтқан «ас жесең, бал же» дегенінің мәні де осында болса керек. Сондықтан өмірде кездескен қиындықтардан қашпау керек және қиындықты жау санау жөн емес. Қиындық біздің ұстазымыз. Қиындықтан шығар жол қашанда табылады. Сондай жолды табу арқылы біз өсіп, шыңдаламыз және қиындықпен келген игіліктің жемісін татып, қуанышқа кенелеміз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика