Сіз қай квадранттасыз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазір біз бір кезде қанды төңкеріс арқылы өз қолымызбен жойған капиталистік құрылысты қайта құрып, нарық қоғамында өмір сүріп жатырмыз. Бәрі сатылатын капиталистік қоғамның заңы қатал, өліп бара жатсаң да ешкім аузыңа су тамызбайды. Бұл қоғамда әрбір пенде өз қамын өзі жасап, аштан өлмеуді жайын ойлауы тиіс. Сөйтіп капиталистік қоғам біздің кеңес заманындағы жайбасар, марғау тірлігіміздің шырқын бұзып, өмірге деген көзқарасымызды түгел өзгертті. Ұлы Абай айтқан «есектің артын жусаң да мал тап» дейтін заман келді.

Байлық жұрттың бәріне бұйыратын бақыт емес.

Бүгінде бай-бауқатты болғысы келмейтін жан жоқ. Бірақ байлық деген бақ құсы екінің бірінің басына қона салмайтын, адам талғайтын болып шықты. Өз бизнесін ашуға талпынған 100 адамның 80-і бір жылдың ішінде банкрот болып, барынан айрылады екен. Сол 20 адамның 15-і содан кейінгі үш жылда бизнеспен қоштасатын көрінеді. Осылайша, 4 жылдан кейін өз кәсібін ашқан 100 адамның тек бесеуінің ғана маңдайы жарқырап, жолы болады дейді әлемдік статистика.

Содан болар, бизнеспен айналысуға тәуекел ететіндер қатары онша көп емес.
Американдық белгілі инвестор Роберт Киосаки адамдарды төрт квадрант (бөлікке) бөледі. Сол жақ квадрантта жалданып жұмыс істейтіндер (мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, жеке фирмаларда жұмыс жасаушылар) және шағын кәсіпкерлер (қызмет көрсету, басқа да салаларда өз ісін ашқандар) орналасса, оң жақ квадрантта бизнес өкілдері мен инвесторлар тұр.

Квадранттың сол жағында орналасқан адамдар ешқашанда мол дәулетке ие бола алмайды дейді Киосаки. Шындығында қанша жоғары жалақы алғанына қарамастан, жалданып қызмет етіп жатқандардың бай-бақуатты болғанын көрген емеспіз. Мәселен, бізде ірі компанияларда топ менеджер болып қызмет істейтіндер айына 10-15 мың доллар жалақы алады деседі. Айына 70-80 мың теңгемен жан бағып отырғандар үшін 1,5-2 миллион теңге жалақы дегенің үлкен байлық сияқты сезілері анық.

Табыс көбейсе, шығын да көбейеді.

Дегенмен де, сондай қомақты жалақы алатындар анау айтқандай бақуатты емес. Яғни, табыс көбейген сайын шығын да көбейе беретін сияқты. Өзінің аяқ киім жөндейтін немесе суретке түсіретін шағын кәсіпорны бар ұсақ кәсіпкерлер мен лицензия алып жұмыс істейтін нотариус, дәрігер сияқты мамандық иелерінің де қанша жақсы табыс тапқандарына қарамастан, байлыққа қол жеткізуге еш мүмкіндігі жоқ. Квадранттың оң жағында орын тепкен бизнесмендер мен инвесторлар ғана мол дәулетке ие болады дейді Киосаки.

Байлыққа қол жеткізудің басты жолы көп табыс табуға мүмкіндік беретін ірі бизнеспен айналысу немесе инвестор болу. Ірі бизнеспен айналысу екінің бірінің қолынан келмейді. Жоғарыда айтып кеткеніміздей 100 адамның 5-уі ғана табысқа жететін болса, бизнеспен айналысу арқылы байлыққа жетемін деудің мүмкіндігі шектеулі екендігін көреміз. Енді қалғаны – инвестиция. Инвестор болу үшін көп табыс табу міндет емес. Азын-аулақ жалақымен де жолын тапсаңыз біраз жылдан кейін мол дәулетке ие болуыңызға әбден болады.

Сонымен, сіз бен бізге қалған мол дәулетке қол жеткізудің жалғыз жолы – инвестиция екен. Ал инвестициямен қалай айналысуға болады, ол жайында алдағы мақалаларымызда жан-жақты тоқталатын боламыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика