Ақша ағымы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Байлыққа бастайтын ең сенімді және қолжетімді жол – инвестиция. Сіздің жалақыңыз қанша жоғары болғанымен, егер инвестиция жасауды үйреніп, жүзеге асырмасаңыз, онда тапқан ақшаңыздың бәрі құмға сіңген судай із-түзсіз жоғалады.
Мұны төлдемейтін түлікпен салыстыруға болады. Мәселен, бір кісінің бес сиыры бар делік, ал екінші кісінің бір сиыры бар. Бес сиыры бар адамның малы төлдемейді, осыған орай сиырлар қаратайғанда өнім беруін тоқтатады. Яғни, ол барлық малынан айрылады. Екінші жалғыз сиыры бар адамның сиыры жыл сайын бұзаулайды, соған орай оның мал басы да, оның өнімі де уақыт өткен сайын көбейе бермек.

Ақшаны инвестициялау неден басталады?

Ең алдымен сіз өз кіріс-шығысыңыз туралы бухгалтерлік есеп жүргізуді үйренуіңіз қажет. Ақша ағымыңызды бақылау және басқару оншалықты қиын шаруа емес. Оны сіз әдетке айналдырып алсаңыз, көп ұзамай нақты нәтижесі көріне бастары анық.

Қанша табыс табасыз, ол ақшаны қайда жұмсап жатырсыз, жұмсалғаннан кейін қолыңызда қанша ақша қалады? Жеке бухгалтерияңызда осының бәрі тайға таңба басқандай анық көрініс табуы тиіс. Ол үшін арнайы дәптер ашыңыз және үнемі жазып жүруді дағдыға айналдырыңыз.
Яғни, инвестиция алдымен жеке бухгалтерияңызды ашып, жүргізуден басталады. Бірақ оның жалақы берумен ғана шектелетін мекеменің бухгалтериясынан айырмашылығы — кіріс пен шығысты есептеп қана қоймай, шығыс көлемін қысқартуға, табыс көлемін көбейтуге қажетті шараларды қарастыратындығында.

Ақша ағымын басқаруды үйреніңіз.

Американдық инвестор Роберт Киосаки өзінің «Бай әке, кедей әке» кітабында байлыққа бастайтын басты жол ақша ағымын бақылау және басқару деп түсіндіреді. Сіз алдыңызға бай-бақуатты болып, қаржылық жағынан ешкімге тәуелді болмай қалауыңызша өмір сүремін деп нақты мақсат қойсаңыз, содан кейінгі әрекетіңіз ақша ағымын бақылау және басқаруды меңгеру болмақ.

Ақша ағымы мынадан тұрады: сіздің 1) жалпы табысыңыз және 2) шығындарыңыз. Егер табысыңыз шығындарыңызды жұмсауға жетпесе немесе 0-ге теңелсе, бұл нашар көрсеткіш. Ал шығындарды жұмсағаннан кейін де қолыңызда ақша қалса, онда ақша айналымыңыз дұрыс бағытта деп санауға болады.

Сіздің ең басты міндетіңіз сол шығынды жұмсағаннан кейінгі қалған ақша көлемін арттыру. Ол үшін шығындарды қарап, маңызы төмендеулерін қысқарту қажет болады. Өкінішке орай, адамдардың көбі ақша ағымын бақыламғандықтан, мүлдем қажетсіз шаруаларға ақша жұмсап жатады. Ақша ағымын бақылап, басқарудың тигізетін әсері сол, сіз қажетсіз шығындарды азайтасыз.

Көп адамдар табысым көп болса, соғұрлым бақуатты боламын деп қате ойлайды. Мәселен, біреу 10 мың доллар, екінші адам 100 доллар жалақы алады дейік. 10 мың доллар алатын адамның қалтасында шығындарын жұмсаған соң 0 доллар қалады. Ал 100 доллар табатын адам табысының 10 пайызын сақтап отырады, яғни оның қалтасында шығындарды жұмсағаннан кейін 10 доллар қалады. Қайсынының табысы жоғары? Әрине, екінші адамның

Ақша ағымын басқарудың мақсаты.

Ақша ағымын басқару және бақылау арқылы сіз шығынды жұмсағаннан кейін қалатын, яғни инвестиялау арқылы ақшаңызға ақша қосатын болашақ байлығыңыздың іргетасын қалайсыз. Сондықтан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлу қажет.
Егер сіздің қолыңызда шығындарды жұмсағаннан кейін қалатын ақша көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым алдыңызға қойған мақсатыңызға жылдам жетесіз. Ол ақшаны көбейтудің бір жолы жоғарыда айтқанымыздай артық шығындарды қысқарту болса, екунші жолы табыс көлеміңізді арттыру.

Табыс көлемін арттыру үшін сіз бір жерде ғана жұмыс жасап, жалғыз жалақымен жан бақпауыңыз қажет. Қолыңыздан келетін шаруалармен айналысу арқылы тағы да қосымша бір, не екі табыс көзін тауып алғаныңыз жөн. Міне, сонда алға тез жылжисыз.

Сонымен сіз инветициялауға қарай алғашқы қадамды жасадыңыз: яғни, алдыңызға нақты мақсат қодйыңыз және ақша ағымыңызды бақылап, басқаруға кірістіңіз. Ал онан әрі не істеу қажет? Бұл жөнінде блогымызда алдағы уақытта жан-жақты айтатын боламыз.

Инвестиция — видео: http://my.mail.ru/inbox/ttsentr/video/_myvideo/286.html

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика