Діни парызды Құранды тікелей басшылыққа алып жасаған дұрыс па?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Сұрақ: Бүгінде Құранның мән-мағнасы көптеген тілдерге аударылды. Осыған орай, Құранды басшылыққа алып, сондағы нұсқаулармен тікелей жүру қажет деп санайтын уаххабшылар сияқты діни ағымдар шықты. Бұл туралы не айтасыз?
Жауап: Арабтың тілі өте бай. Тіпті, бір сөздің 15-20 мағына беретін жайлары да кездеседі. Сондықтан да, Құранды тікелей қабылдап, оның мән-мағынасын дәл түсінеміз деу мүлдем қате. Қазіргі таңда Құранның исламтанушы ғалымдар 10-20 пайыздайын ғана түсіндіре алады. Ал қалған 80-90 пайызы бізге жұмбақ күйінде қалып отыр. Шын мәнінде Құранның мән-мазмұны шексіз терең.

Құранның мағынасы шексіз.

Оның ішкі және сыртқы мағынасы бар. Сыртқы мағынасына қарап түсіндіру толық түсінік болмайды. Мәселен, шкафтың алдынан қарасақ, ол жалпақ болып көрінеді, ал жанынан қарасақ, ол жіңішке сияқты көрінеді. Шкафқа дәл сипат беру үшін оны жан-жағынан, яғни алдынан да, бүйірінен, артынан, төбесі мен табанынан назар аударып, содан кейін барып сипаттауымыз қажет болады. Сол сияқты Құран Кәрімді де ішкі, сыртқы мағыналарын жан-жақты зерттеп, зерделеген соң ғана толық түсінік ала аламыз.

Жоғарыда айтқанымыздай, араб тілі өте бай тіл. Мәселен, Құранда намазға тұрғанда жүздеріңді, аяқтарыңды жуып, шаштарыңа мәсіх тартып тұрыңдар деген аят бар. Жуыну, яғни арабша «би» деген сөзді бір ғалымдар толық жуыну деп түсіндірсе, екіншілері ішнәра жуыну деп қабылдайды, ал енді бір ғалымдар денеге су тисе жуынған болып саналады дейді. Біздің Ханафи мәзхабында дәрет алу үшін дененің төрттен біріне су тигізу шарт. Ал енді осыны, яғни дәрет алуды тікелей Құранға сүйеніп жасасақ, не болар еді? Әркім әртүрлі түсініп, өзінше дәрет алу рәсімін жүргізер еді.

Құранды оқып, оған ой жүгіртудің жайы.

Осы орайда, ертеде болған мынадай оқиғаға байланысты әңгіме бар. Пайғамбарымыздың заманында алғашқы мұсылмандардың бірі болған бір сахаба рамазан айында ораза ұстайды. Ол Құранда айтылғандай қара жіп пен ақ жіптің арасы айрылған кезге дейін ішіп-жейді. Бұл үшін терезесінің алдына қара және ақ жіп қойып, сол көрінген кезге дейін тамақтанатын болған.
Ақ жіп пен қара жіптің анық көрінен кезі таң әбден атып, күн қызарып шығатын кезге тура келеді екен. Бірде ол пайамбарымызға осы жайды айтады. Сонда пайғамбарымыз күліп, ақ жіп пен қара жіптің айрылған кезі деген қараңғылық кетіп, таң шапағы енді ғана біліне бастаған кез екендігін айтып түсіндіреді.

Егер де біз де сол сахаба сияқты ақ жіп пен қара жіптің айрылған кезіне дейін ішіп-жейтін болсақ, онда ұстаған оразамыз түгел бұзылар еді. Құранда Құранды оқып, оған ой жүгіртпей ме деген аят бар. Оның мәні Құранға философиялық ой жүгірту емес, ислам діні шеңберінде ой жүгірту болып табылады.

Құранда барлық сауалға жауап бар.

Құранда күші осы күнге дейін сақталған үкімдер және күші жойылған үкімдер бар. Мәселен, Құранда араққа қатысты бірнеше аятта айтылған Намазға есін білмейтіндей мас күйде тұруға болмайды делінеді. Осыған қарап, аздап арақ ішіп, қызып тұрған кезде намаз оқуға болады екен ғой деп ойлауға болады. Бірақ кейін келген аятта доңыз еті, өлексе, Алланың атын айтып бауыздалмаған мал еті харам делініп, алдыңғы аяттың күші жойылады.

Құранның мән-мағынасын түсіндіретін фикх негіздері (усул а фикх) деген ғылым бар. Жалпы Құраннан және хадистерден барлық сауалдарға жауап таба аламыз, егер біз оның мән-мағнасына дін шеңберінде ой жүгіртіп, ақыл таразысына салар болсақ. Ал егер тікелей түсінер болсақ, Құраннан бүгінгі күнгі көптеген мәселелерге жауап таба алмаймыз. Мұның өзі Құранды әлсіретіп, оның Алладан келген ақиқаттығына күмән туғызар еді.

Мәселен, пайғамбарымыздың заманында болмаған ұялы телефон, компьютер, интернет деген қазір күнделікті өмірімізде көп қолданылады. Егер бір имамнан біреу «скаип желісі арқылы күйеу бала Алматыда, қалыңдық Лондонда, бір куә Астанада, екінші куә Көкшетауда болса, осындай жағдайда неке қиюға бола ма?» деп сұраса, оған Құран арқылы не деп жауап бере аласыз? Әрине, бұл туралы Құранда да хадисте де ештеңе айтылмаған. Осыған қарап, Құранда барлық сауалға жауап бар дегені қайда деп күмән келтірушілер болары анық.

Құранды түсіндіру.

Негізінен Құранға логикалық ой қисыны тұрғысынан қарап, ислам діні шеңберінде оның шарттарын түсіндіру қажет. Осы орайда, тәпсір ілімі бұл маңызды мәселені зерттеп-зерделеуге үлкен ықпалын тигізеді. Құранды Құранмен тәпсірлеу, яғни түсіндіру деген бар. Мәселен, Құранда бір аяттың мағынасын басқа бір аят арқылы түсіндіреді. Сондай-ақ, Құран аяттарын хадис арқылы түсіндіру бар. Онан қалды, тілдік мағынасы арқылы да түсіндіріледі.

Бір сөзбен айтқанда, Құран түпсіз терең мұхит іспетті. Оның мән-мағнасын дәл тауып түсінеміз деу мүмкін емес. Әсіресе, Құранның ішкі тылсым мағынасы терең. Сондықтан да, діни шарттарды Құранды тікелей басшылыққа ала отырып жүргіземіз деу дұрыс емес.

Пайғамбарымыздың заманында пайғамбарымыздың өзі тікелей діни шарттарды қалай орындау қажеттігін түсіндіріп отырды. Ал кейін ислам ілімін жан-жақты меңгерген ғалымдар Құранның мән-мағнасы мен діни шарттарды қалай орынаду қажеттігін түсіндірді. Осындай жол – мәзхаб. Діни парыздарды сол мәзхаб нұсқаған үкімдер арқылы орындауымыз шарт. Сонда қателесуден аулақ боламыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика