Мақсатқа қол жеткізудің жолдары
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Қаржылық тәуелсіздік алып, тұрмыс тауқыметіне еш алаңдамай жаныңыз қалаған іспен айналысу үшін өткен мақалаларымызда айтқанымыздай, есеп-шотыңызға үзіліссіз ақша түсіріп отыратын белсенді емес табыс көздерін ашу қажет. Ал ондай табыс көзі – инвестиция арқылы жасалатыны белгілі.
Мәселен, сіз үлкен қаладан екі бөлмелі пәтер сатып алдыңыз делік. Оны жалға беру арқылы ай сайын мың доллар немесе теңгеге шаққанда 185 мың теңге ақша қалтаңызға түсіп отырады. Мұндай табыспен сіз еш жұмыс жасамай-ақ, жақсы өмір сүруіңізге болады.
Шынын айтқанда бұл тамаша мақсат, бірақ оған жету үшін біраз тер төгуіңізге тура келеді. Ең бастысы, ақшадан ақша жасау тәсілін меңгеруіңіз қажет. Тек сонда ғана мақсатқа жете аласыз.
№1 мақсатқа жету тәсілі.
Үлкен қаладан екі бөлмелі пәтер сатып алу үшін сізге 20 миллион теңге ақша қажет делік. Сіздің айлық табысыңыз 100 мың теңге. Мақсатқа жетудің ең қарапайым тәсілі – шұлыққа немесе сандыққа салып сақтау. Иә, сіз тапқан ақшаңыздың бір бөлігін, мәселен, ай сайын 30 мың теңгені шұлыққа немесе сандыққа салып қоясыз.