Тәуекелсіз инвестиция

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақшаға ақша қосып, бақуаттылыққа қол жеткізуден кім қаша қойсын, дегенмен бұған жетуге кедергісін келтіретін біраз жайлар бар. Оның ең бастысы – адамдардың тәуекелге барудан  бас тартуы. Шындығында, кез-келген инвестиция адамнан міндетті түрде белгілі бір мөлшерде тәуекелге баруды талап  етеді. Ал тәуекелсіз инвестиция деген бұл тек алаяқтардың  өзгелерді алдап, ақшаларын алдап алу үшін жасаған ойдан шығарылған ертегісі ғана.

100 пайыз кепілдікті кім  береді?

Халық арасында «уайым түбі — теңіз, түсерсің де кетерсің, тәуекел түбі — қайық, мінерсің де өтерсің» деген нақыл сөз бар. Егер айналаңызға ақылменен ой жүгіртеп қарайтын болсаңыз, тәуекелсіз өмірдің мүлдем жоқтығын бағамдар едіңіз. Кез-келген тіршілік иесі бар өмірін үнемі тәуекелдің үстінде өткізеді.

Мәселен, сіз өзіңізді бес минуттан кейін не күтіп тұрғанын білмейсіз. Мынадай бір жағдай болды. Бір танысымның ағасы көктемде көшемен жүріп келе жатқанда басына үй шатырында салбырап ілініп тұрған мұз құлап түсіп, содан мерт болды. Үлкен мұз биіктен құлап дәл басынан соққанда ол тіл тартпай бірден қайтыс болған. Ал тағы бір танысымның қызы көшенің ақ жолақты жолаушыларға арналған жерінен өтіп бара жатқанында есерсоқтау біреу қымбат көлігімен жүйткітіп келіп соғып, содан табан астында қаза тапты. Міне, бұндай мысалдарды жүздеп, мыңдап келтіруге болады.

Осыдан не түйеміз? Сіз банкке салған депозитіңіздің ертеңгі күні не болары түгілі, өзіңізді бес минуттан кейін не күтіп тұрғанын да біле алмайсыз  және сізге ешкім де ереңгі күнді аман-есен көретініңізге 100 пайызбен кепілдік бере алмайды. Сонда тәуекелсіз инвестиция болады деп соған сенетіндердің сүйенгендері не? Бұның астарында адамдарды алдауға негізделген АЛАЯҚТЫҚ пен жұртшылықтың сондайларға сеніп, 100 пайыз кепілдік талап ететін НАДАНДЫҒЫ тұр.

100 пайыз кепілдікті сізге ешкім де, МЕМЛЕКЕТ те, ҮКІМЕТ те, БАНК те, басқа құрылымдар да бере алмайды. Осыған орай, егер сіз ақшадан ақша жасап, бақуатты боламын десеңіз мынаны есте мықтап ұстағаныңыз жөн: 100 ПАЙЫЗ КЕПІЛДІК  деген болмайды; кез-келген ақша салу, яғни инвестиция тәуекелді талап етеді; бірақ та, нәтижеге жету – тәуекелдің аз-көптігіне байланысты болмақ.

Инвестиция тәуекелдің ісі

Инвестор болып, ақшадан ақша жасау өнерін меңгеремін десеңіз, ең алдымен, тәуекелді таразылап, неғұрлым тәуекел деңгейін азайту ғылымын меңгеруіңіз қажет. Байлығы жөнінен әлемдегі ең алдыңғы үштікке ілінген инвестор Уоррен Баффеттен журналист: «сіздің өз ақшаңызды жыл сайын 20 пайыз өсіру құпияңыз неде?» деп сұрағанда ол: «мен ақша салатын обьектіні алдын ала оқып, зерттеп, тексеріп аламын және сенімді екендігіне көзім жеткенде ғана ақша саламын» деп жауап береді.

Инвестицияда жетістікке жетудің ең қарапайым және ең сенімді тәсілі – осы. Яғни, ақша салатын обьектіні алдын ала зерттеп, сенімділігіне барынша көз жеткізіп алып барып, ақшаңызды салуыңыз қажет. Бірақ бұл тәуекелсіз инвестиция деген сөз емес. Сіз қанша зерттеп, зерделегеніңізбен, онда тәуекел деңгейі бәрібір сақталып қалады.

Ақылды, білікті инвестордың білімсіз, наданнан айырмасы мынада: ол инвестициялық тәуекел деңгейін барынша азайтуға күш салады. Ол үшін ақшасын неғұрлым тәуекелі аз, табыс түсіру мүмкіндігі жоғары нысандарға салады және қажетті сақтық шараларын барынша алдын ала қарастырып қояды.

Ол тәсіл бәлкім ақшаңызды аз-аздап салып, өсім дегейін көбейтіп, содан кейін салған ақшаңызды шығарып алып, тек өсімі арқылы өсім алып отыру бола ма, немесе қаржыңызды бір «себетте» емес, әртүрлі қаржы көздеріне салу арқылы тәуекелді азайтуға негізделе ме, оны әр инвестор өзі қарастырады.

Тәуекелді азайтудың тәсілі

Инвестицияда бас айналдырарлық биік нәтижеге жеткен миллиардер Уоррен Баффеттің тәжірибесіне назар аударып көрелік. Ол ақша салатын әрбір обьекті туралы барынша алдын ала мол мәлімет алуға тырысады екен. Әлгі компания туралы қажетті барлық деректерді қарастырып, соларды ақыл таразысына сала отырып, сенімділігіне көзі жеткен кезде ғана ақша салады.

Тәуекелді азайтудың осы тәсіліне жете назар аударып көрелік. Ең алдымен, назар аударатын жай: сіз ақша салғалы отырған компания қанша уақыттан бері жұмыс істеп келеді, осы мәселеге назар аудару қажет. Әлбетте жұртшылықты алдап, алтыннан тау тұрғызамыз деп жалған уәдеге тойдыратын алаяқ компаниялар нарықта көп жұмыс істей алмайды. «Өтіріктің  құйрығы бір-ақ тұтам» демей ме. Әу баста адамдарды алдап, алаяқтықпен ақша табуға негізделген компаниялардың ғұмыры ұзақ болмайды. Ал керісінше, байыпты инвестициялық компаниялар нарық талабына төтеп беріп, ұзақ жылдар ырғақты жұмыс жасайды.

Екінші назар аударатын жай: компанияның табыс көлемі және қаржы жағдайы. Қаржы айналымы көлемі жоғары және инвесторларға жоғары деңгейде өсім беретін компания – бұл өз жұмысын дұрыс жолға қойған байыпты компания. Ондайларға сенуге болады.

Үшінші назар аударатын нәрсе: компанияның орналасқан орны, жұмыс істеп жатқан ортасы, қандай заңмен, қалай жұмыс жасайтындығы. Төртінші көңіл бөлетін жай: компанияның ұсынған шарты, онда белгілі бір кепілдіктер қарастырылған ба және инвестормен мөр басылған шынайы шарт жасала ма, оыған назар аударған жөн.

Бесінші ден қоятын жай: компанияны басқарып, жұмысын жүргізіп отырған мамандары, ұстанған жұмыс тәсілдері туралы деректердің болуы, яғни кері байланыс қаншалықты жолға қойылған, егер сіз түсінбестік жайларыңыз туралы сұрай қалсаңыз, қанша уақытта, қалай жауап аласыз, осы жайға да жете назар аударған дұрыс болады.

Алтыншы назар аударатын жай: компания ұсынған шарттары қаншалықты қолжетімді, мәселен салатын инвестиция деңгейі, алатын өсім пайыздарының мөлшері, ақшаны шығарып алу тәсілдері, т.б.

Жетінші көңіл бөлетін мәселе: адамдардың сол компания немесе жоба туралы пікірлері қандай? Ол туралы интернеттен ақпараттарды көптеп  таба аласыз.  Міне, негізгі деген осы жайларды толық анықтап алсаңыз, онда ақшаңызды әлгі компанияға сеніп салуға бола ма, жоқ па деген сауалдың жауабын табатын боласыз. Бұл арада тағы да мына жайды естен шығаруға болмайды: ешқандай да компания ешбір адамға 100 пайыздық кепілдік бере алмайды және кез-келген инвестиция – бұл белгілі бір деңгейде тәуекелдің ісі. Инвестиция арқылы табыс табуға ниеттендіңіз екен, онда осы АҚИҚАТТЫ ешқашан есіңізден шығармауыңыз шарт.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика