Инвестициялауға не кедергі келтіреді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген сөз бар. Бойда қуат білекте күш бар жас күнінде адам жұмыс істеп, өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетті. Ал қартайып, білектен күш, бойдан қуат кеткен кезде жас кезіңде жасаған бейнетіңнің зейнетін көрсең, өмірдің қызығы сол емес пе. Өкінішке орай, адамдардың бәрі бірдей солай ойлаймайды. Мәселен, шет елдік бір стаитистика орталығы жүргізген зерттеуге назар аударсақ, 25 жастағы жүз адамның 60 жасқа толғанда 49-ы мемлекетке немесе туыстарына тәуелді болып қалады екен, ал 29-ы 60 жасқа жетпей о дүниелік болса, 12-і жұмысқа жарамсыз болып қалатын көрінеді, ал 5-уі күнкөріс үшін жасы ұлғайғанына қарамастан жұмыс істей бермек, тек 4 адам ғана өз күндерін өздері көретін жағдайға жетеді, олардың 1-уі мол дәулетке ие болмақ. Осыдан көріп отырғанымыздай, 100 адамның тек біреуі ғана 60 жасқа жеткенде мол байлыққа ие болады екен. Мұның себебі неде?

Инвестиция жасауға кедергі келтіретін жайлар

Адамдардың ертеңгі өмірін ойлап, тауып жатқан қаржысының бір бөлігін инвестициялап отыруына кедергі жасайтын бірқатар жайлар бар дейді мамандар. Осы орайда, олар іс-әрекеттеріне қарап адамдарды үш топқа бөледі. Бірінші топ – шегірткелер. Бұлай деп аталуына Крыловтың белгілі «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы себеп болса керек. Шегірткелер мамандардың айтуынша, тек бүгінгі күннің өлшемімен өмір сүреді. Олар енді 20 немесе 30 жылдан кейін не болады деп бастарын ауыртпайды.

Шегірткелер былай ойлайды: «зейнеткерлікке дейін әлі ерте, оған дейін өмір сүремін бе, жоқ па белгісіз, сондықтан қазір ойнап-күліп, қызық көруім керек». Бұл топтағы пенделер ақшаны қанша тапса да, тіпті басқалармен салыстырғанда өте көп ақша тапқандарымен, бәрін де бір тиынын қалдырмай жұмсап отырады. Олар он, жиырма жылдан кейінгі өмірі түгілі, ертеңгі жайларын да ойламайды. Әдетте мұндай жандар қызметтен айрылған күні тақырға отырып, қиындыққа тап болып жатады.

Екінші топ — тарақан басты пенделер. Бұл топтағы адамдардың алғашқылардан ерекшелігі сол, олар ертеңгі күні үшін ақша жинау қажеттігін жақсы түсінеді. Дегенмен де, үнемі түрлі себептермен бұл ниетін әрдайым кейінге шегерумен болады. Олар әдетте былайша ойлайды: «алдымен машина сатып алайын, сосын пәтер керек, әлі басым жас инвестициямен содан кейін айналысармын». Осылайша түрлі себептерді желеу еткен «тарақан басты» пенделер алтын уақыттарын текке өткізіп алғандарын кеш түсінбек.

Үшінші топ – құмырсқалар. Крыловтың «шегіртке мен құмырсқа» мысалының кейіпкері кейпіндегі ертеңгі күнін ойлайтын, сол үшін қор жинаумен күн өткізетін пенделер осы үшінші топқа жатады. Олар уақыттарын босқа өткізбей, ай сайын белгілі сомада ақшаны болашағы үшін инвестициялап отырады. Олар тынбай еңбек етіп, зейнетті қарттығының негізін қалайды. Жоғарыда аталған 60 жасқа толғанда өзін өзі толық қамтамасыз ететін 4 адам да дәл осы топтың өкілдері.

Болашағыңызды бүгіннен ойлаңыз

Қарт адамдардың аузынан «ей, жалған дүние-ай» деген сөзді жиі естіп жатамыз. Уақыт деген зымырап қас қағымдай болмай өте шығады. Егер біз бүгіннен бастап ертеңгі болашағымызды ойлап, зейнетті қарттығымызды қамтамасыз ету үшін қажетті ақша қорын жасай бастамасақ, ертең 60-тан асқанда жоғарыдағы статистикалық деректе келтірілген мемлекеттің, не туыстарының мойнына ауыртпалық болатын, болмаса жасы ұлғайса да күнкөріс үшін жұмыс істейтін 96 адамның қатарынан орын алуымыз сөзсіз.

Осы арада шындыққа тура қарап, мына сауалға жауап беруге тырысып көріңіз: Сіз қай топтасыз – а) шегіртке; б) тарақан басты; в) құмырсқа.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика