Діндегі бұрмалаушылықтар қайдан шығады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Саентология шіркеуі деген атпен көп елдерге таралған, дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, шындығында қалтаны қалыңдатуды басты мақсат еткен ұйымның негізін қалаған Рональд Хаббард деген жалған пайғамбар «байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген екен.
Жаңадан дін ойлап тапқан Хаббард миллионер болды. Құранда аяттарды арзан бағаға сатпаңдар деген аят бар. Дін атын жамылып, ақша табуды көздейтіндер Мұса пайғамбардың заманында да болған. Қазір де жетерлік және болашақта та бола беретін сыңайлы. Шындығында дінді бұрмалаушылық дәл сондай діни шарттардан пайдасы үшін бас тартатын немесе бұрмалайтын адамдардың тарапынан шыққандығы анық.

Сайтан санасын улағандардың әрекеті.

Қазақ «адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» дейді. Сайтан санасын улаған пенделер өздерін түзу жолдамыз, бәрін кереметтей етіп жасап жатырмыз деп ойлайды. Шындығында олардың теріс әрекеті өздеріне де, өзгелерге де еш пайда әкелмейді.

Фейсбуктегі бір топта өзін ислам дінінің білгірі санайтын біреу «хадис Құранға қайшы» деп жазды. Мен оған «Құран Алланың сөзі болса, хадис пайғамбардың сөзі, сонда ол Құранға қалай қайшы болады?» деп едім, әлгі сала құлаш қойыртпақ бірдеңені менің электронды поштама жіберіп, осыны оқысаң түсінесің деді.

Бүгінде пайғамбарымыздың заманында адамдар шолақ дамбал киген деп солай киініп жүретіндер, әйелдерінің көзін ғана қалдырып, бар денесін қара матамен бүркеп қоятындар, мұсылман болу үшін міндетті түрде қауға сақал қою қажет деп санайтындар, т.б. қаптап кетті.

Кейде мешітке бара қалсаң, намазға тұрғандардың арасында неше түрлі жандарды кезедстіресің. Екі қолын кеуделеріне айқастырып (мұсылман баласы намаз оқығанда қолын кіндігінің астына байлайды)шәниіп тұратындар, жұрт намаз оқып жатқанда әллаху акбар деп айқайлайтындар, басқалардан бұрын намазын бітіріп, жұрттың үстінен аттап өтіп далаға шығатындар көп.

Солардың әрекетіне қарап, ислам дінінің қаншалықты топтарға жіктеліп, бөлшектеніп бара жатқанын бағамдауға болатындай.

Дінді бөлшектеушілердің көздегені не?

Құранда Мұса пайғамбар Синай тауында Алладан діни шарттарды алуға кеткен кезде сайтан санасын улаған бір кісінің жұртты азғырып, бұрынғы пұтқа табынушылыққа қайта бет бұрайық, сонда жағдайымыз жақсы болады деуі, оған көп адамдардың еріп кетушілігі туралы аяттар бар. Адамның ақыл-ойына ықпал ететін сайтан әлгіндей пенделерді азғырып, солар арқылы арам ниеттерін жүзеге асыратын сияқты.

Мұндай бүтін дінді бөлшектеп, «оппозиция» құру ислам дінінде де кең етек алған. Мәзхабты теріске шығарып, тек Құранды басшылыққа алу керек дегенді жақтайтын уаххабшылар, хадистерді теріске шығаратын ориенталистік топтар, жиһад туралы түсінікті мұсылман еместерге қарсы соғысу деп түсіндіріп, лаңкестік, экстремистік пиғылды ұстанатындар көбейді.

Мұндай бөлшектену тек исламға ғана қатысты емес, христиан діні бүгінде үш мыңнан астам бөлікке бөлінген, буддизм, индуизм және иудей діндері де бөлшектенген. Діндегі бөлшектенудің сыртында адамзаттың дұшпаны сайтан тұрғаны даусыз. Сайтан санасын улаған пенделер өздерін үлкен қасиет иесіміз деп санап, діни шарттарға көңілі толмай, өзінше басқа жаңа бағытты насихаттауға құмар. Сорақылығы сол, ондайлардың соңынан ілесетіндер де кездесіп жатады.

Діннен безінудің зардабы ауыр.

Сіз әйел, бала шағаңыздан, туыстарыңыздан, ұлтыңыздан, тіпті Отаныңыздан бас тартуыңызға болады. Әрине, мұның бәрі адами түсінікпен қарағанда теріс әрекеттер. Соған орай, оның сізге түрлі зардаптары болуы мүмкін. Бірақ, ең ауыр зардап адам діннен безгенде келеді.
Дәстүрлі діндерден басқа, түрлі секталарды ұстанатындардың бәрі, яғни 100 пайызы теріс жолда деп нық сеніммен айта аламын.

Неге дейсіз бе? Егер сіз Алматыдан Астанаға бару үшін сол бағытта жүретін пойызға билет алып, отыруыңыз қажет болады, алда-жалда Үрімшіге баратын пойызға отырсаңыз сіз ешқашанда Астанаға жете алмайсыз. Сол сияқты ислам, христиан, иудей, буддизм және индуизм сияқты негізгі дәстүрлі діндерден басқа секталарды ұстанатын адамның барар орны – тозақ. Бұл – ақиқат.

Сондықтан, ақылыңыз болса, ешқашан секталарға жуымаңыз. Дәстүрлі діндердің бірін ұстанып, түзу жолмен жүруге тырысыңыз. Сонда екі дүниенің игілігінен үмітті боласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика