74 жастағы темір капсулаға қамалған адам қалай өмір сүреді

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Александ 6 жасынан бастап темір құрсауға қамалды, содан бері оның өмірі темір капсуланың ішінде өтіп келеді. Темір капсула оның жасанды өкпесі, одан шықса тұншығып, тыныс ала алмай қалады. Сондықтан да, ол бар өмірін темір құрсауда өткізуге мәжбүр. Бүгінде Александрдың жасы 74-те. Осы өмірінің 68 жылын ол темір құрсаудың ішінде өткізді. Бір қарағанда оның өмірі ақылға сыйымсыз сияқты, дегенмен Александр осы тірлігіне әбден еті өліп үйреніп кеткені сонша, тағдырына еш реніші жоқ.

Қорқынышты аурудың басталуы

1952 жылы алты жастағы сәбидің бойында белгісіз дерт басталды,: температурасы көтеріліп, беті бозарып, денесі әлсіреді. Анасы оны бірден төсекке жатқызып, өзінше ем-дом жасаған болды. Дегенмен баланың денсаулығы күн санап нашарлай берді. Шақыртқан дәрігер баланы тексергеннен соң полиемиелит деген қорқынышты диагноз қойды.

Сол жылы аурудың ең күшті өршуі болды: тек АҚШ-та 52000 жағдай тіркелді. Полиомиелит вирусты тудырады, ол денеге еніп, алдымен буын мен бұлшық еттің қатты ауырсынуын тудырады. Содан кейін вирус жүйке жүйесіне еніп, сал ауруына ұшыратады. Бұл ауруды емдеп жазуға дәрігерлердің шамасы жетпейтін еді. Сондықтан осы дертпен ауырғандар сал ауруына ұшырап, болмаса дүниеден өтіп жататын.

Ол камерада оянды

Диагноз қойған дәрігер ауруханаға әлі бармай-ақ қой деп кеңес берді. Оның айтуынша, ауру қатты асқына қоймаған, инфекция жұлынға жетпей тоқтау мүмкіндігі бар. Ал ауруханада осындай дертке шалдыққан балалар өте көп еді.

Бірақ та, дәрігер қателескен болып шықты. Келесі күні Александрдың дерті қозып, бұлшық еттерінің қысып ауырғаны сонша, жан дауысымен айқайлай бастады. Оның қатты әлсірегені сонша, тіпті сөйлеуге шамасы келмеді. Осыны көрген анасы сәбиін көтеріп ауруханаға жүгірді.

Бұл кезде тынысы тарылып, тұншыққан Александр есінен танып қалған еді. Ол есін кең аурухана бөлмесінде жиды. Оны темір капсулаға салып тастаған екен. Темір капсула өкпе қызметін атқарып, оның тыныс алуына жағдай жасайды. Айналасы өзі сияқты темір құрсауға қамалған балалар. Міне, осы күннен бастап оның бар өмірі сол темір құрсауда өтіп келеді.

Бұл камера қалай жұмыс істейді?

Камерадан ауа механикалық түрде сорылып алынады да,  ішінде вакуум арқылы  теріс қысым пайда болады. Осының салдарынан адамның өкпесі кері қарай керіледі. Соның арқасында дем алуға мүмкін болады.  

Содан кейін камера қайтадан толтырылады, адам демін шығарады. Осындай процесс үнемі қайталанып отырады. Бұның өзі жасанды өкпе қызметін атқаратын құрылғы сияқты. Темір құрсаудан шықса-ақ, тынысы тарылып, тұншыға бастайды. Жуыну немесе дәретханаға бару үшін ол тыныс алмай, суға сүңгіген сүңгуірлер сияқты біраз уақыт демалмай тұруы қажет болатын..

Ол ауруханада 18 ай болды. Оның айтуынша, бұл кезең өмірінің ең ауыр шақтары болды.  Бастапқыда ол, тіпті дұрыс сөйлей алмады және өзін өте әлсіз сезінді. Осындай темір құрсауға қамалған көп балалардың көз алдында тынысы тарылып, өліп жатқандарының куәсі болды. Бірақ Александрдің өмірге деген құштарлығы зор еді. Содан болар, ол нағыз тозақ сияқты көрінген құрсаудағы өміріне ақырындап бейімделе бастады.

Көп ұзамай ол біртіндеп қалпына келе бастады, тіпті арнайы тыныс алу техникасын меңгеріп алды. Ол тәсіл камерадан тыс бір-екі сағаттай еркін жүруге мүмкіндік береді. Осылайша ол бір тәуліктің 1-2 сағатын камерадан тыс  өткізуге мүмкіндік алды. Осыдан кейін оны дәрігерлер үйіне жіберді. Енді ол өз үйінде темір капсудлада өмір сүре бастады.

Темір өкпеге байланған Александр 68 жылын осылай өткізіп келеді. Осы уақыттың ішінде ол мектепте оқып, білім алды, университет бітірді, тіпті отбасы құрды. Оның мамандығы адвокат еді. Ол сот отырыстарына да қатысты. Бұл үшін тік тұратын арнайы капсула жасалды. Темір құрсаудан оның басы ғана шығып тұратын. Ол құрсауда өзін еркін сезінеді және адвокаттың қызметін қиналмай атқара алды.

Соңғы жылдарда оның жағдайы біршама нашарлай түсті. Бұған жасының егделігі де әсерін тигізгені анық. Енді ол камерадан мүлдем дерлік шыға алмайтын болды. Дегенмен де, осыған қарамастан оның өмірге деген құштарлығы әлсіреген жоқ. Айналасындағы адамдармен де қарым-қатынасы жақсы.

Түйін: Жасы 74-ке келген, сол өмірінің 68 жылын темір құрсауда өткізген Александрдың тағдыры өмір алға тартқан қиындықтарға шыдамай, өздеріне қол жұмсайтын немесе түңіліп маскүнемдікке салынатын рухы әлсіз адамдарға сабақ боларлық. Темір капсулаға қамалған адамның орнына біз өзімізді ойша қойып қарайықшы: оның орнында болсақ не істер едік? Екінің бірі бұндай өмірге төзе алмайтыны анық. Сондықтан, әрбір қол-аяғы бүтін, дені сау адам осы жайына шүкірлік етіп, өмір үшін күресуге тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика