Жоғалу қаупі төніп тұрған мамандықтар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Технологияның дамуы барлық уақытта адамдардың қызмет салаларындағы өзгерістеріне әсерін тигізеді. Егер тарихымызға көз жүгіртсек, 20 ғасырдың ортасында автоматтандыру енгізіле бастаған кездегі ғылыми-техникалық революция, электроникаға негізделген құрылғылар мен өндіріске арналған жаңа материалдар өмірімізге елеулі өзгерістер әкелгенін бағамдар едік. Мұның бәрі жаппай жұмыссыздыққа әкеліп соқтырды, өйткені машиналар өндірісте мыңдаған адамды алмастырды. Ал жаңа ақпарат ғасырында жаңа технологиялардың өмірімізге одан әрі тереңдей енуі жасанды интеллектілерді алға шығарып, жұмыссыздықты одан әрі көбейте түсуде. Қазіргі жағдайға зер сала отырып, таяу болашақта қандай мамандықтардың жоғалып кету қаупі барлығын болжамдауға болады. Енді соған назар аударып көрелік.

Таяу болашақта қандай мамандықтарға қауіп төніп тұр және неге бүгінгі күннің басты себебі интернет пен жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы болып отыр. Жасанды интелектілер әзірге саналы адамның деңгейіне жете қоймаса да, көптеген істерді, оның ішінде, тіпті күрделі шаруаларды да оңай атқарады.  21 ғасырдың алдағы онжылдықтарында жоғалып кетуі мүмкін мамандықтар туралы не айтуға болады?

Жоғалып кету қаупі бар мамандықтардың алдыңғы легінде бухгалтер мамандығы тұр. Қазір бухгалтерлік операцияларды тез және қатесіз өңдейтін және есеп жүргізетін мамандандырылған бағдарламалық жасақтама бар. Осыған орай қазіргі күні бірқатар кәсіпкерлер бухгалтердің қызметіне сүйенбей-ақ, осы шаруаларды интернет-сервистердің көмегімен атқаруда.  Бухгалтерлік есепті автоматтандырудың бірдей даму тенденциясымен бухгалтер мамандығы қазіргі түрінде жоғалады деп айтуға толық негіз бар.

Таяудағы онжылдықта қажетсіз болып қалатын мамандықтар қатарында копирайтер мамандығы да бар. Сайттардың көптеп ашылуына орай қазіргі күні олар үшін мақала жазатын копирайтерлер қажет. Дегенмен де, копирайтерлерге ақша төлеп жатқанша, интернетте дайын сервистер арқылы бұрын жазылған мақалаларды өзгерте отырып, оның жеке даралығын (уникальсность) 90 пайыздан асырсақ, ол өз мақаламыз болып шығады. Ал бұндай сервистерге  азын-аулақ ақша төлеу арқылы веб сайт иелері өздеріне қажетті ондаған, тіпті жүздеген мақалаларды әлгі бағдарлама арқылы жасап алуына болады.

Сонымен бірге, газет-жорналдар мен баспа ісінде үлкен сұранысқа ие корректор мамандығы да қажетсіз болып барады. Редактор бағдарламалары кез-келген мәтінді қарап, граматикалық, орфографиялық қателіктерін тексеріп, түзеп береді. Сондықтан ендігі арада корректор ұстап, оған жалақы төлеп отырудың қажеті болмай қалады.

Жасанды интелектінің қарыштап дамып кеткені сондай, қазіргі күні кино өндірісінде аса қажетті мамандық саналатын каскадерлерге деген сұранысты да азайтып жіберді. Арнайы  компьютерлдік бағдарлама арқылы кез-келген трюкті компьютерде жасауға болады. Бұл арзан оған қоса аса күрделі трюктерді еш қиындықсыз жасауға мүмкіндік береді.

Нотариус құжат айналымы бағдарламасын енгізу, нотариус мамандарына үлкен қауіп төндіріп отыр. Жасыратыны жоқ, қазіргі күні нотариустер ең жоғары табыс табатын мамандықтар қатарында. Ал осындай компьютерлік бағдарлама олардың қызметіне сұранысты жояды. Бұл бағдарлама арқылы құжаттардың түпнұсқалығын тексеріп, цифрлы қолтаңба арқылы бектіуге болады. 

Жоғалып кететін мамандықтар қатарында кассир мамандығы да бар. Қазір банк операцияларын электрондық қосымшалар арқылы жүзеге асыруға болады және ақшаны карта арқылы банкоматтан шығарып алуға мүмкіндік бар. Бұның өзі кассирлер мен банк операциясын жасайтын банк қызметкерлерінің жұмысына деген сұранысты азайтады.

3D принтерлердің пайда болуы көптеген мамандық иелеріне қауіп төндіруде. Дамыған шет елдерде қазіргі күні 3D принтерлерді пайдаланып, зәулім үйлерді тұрғызуда. Бұның өзі құрылысшы мамандардың қажеттігін азайтады. Ал такси жүргізушілері бағдарламаларын енгізген Қытайдың ірі қалаларындағы жолаушы тасымалы компаниялары такси жүргізетін жүргізушілерді жұмыссыз қалдырды.

Түйін: Жаңа технологияның шарықтап дамуы көптеген мамандықтарды қажетсіз етіп, олардың қызметін жасанды интелектілерге жүктеуде. Бұл болмай қоймайтын құбылыс және осыған орай, әрбір адам өзінің мамандығы болашақта қажет пе, жоқ керексіз болып қала ма? Соған осы бастан назар аударып, қосымша мамандықтар алғаны жөн. Өйткені, бүгін қажет болып отырған мамандық ертеңгі күні мүлдем жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін. Ол кезде қосымша мамандығы жоқ адам қайда барарын білмей қиын жағдайда қалмақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика