
Кеңес заманында мектепте оқып жүргемізде сурет деген пәнде жұмсақ пластелиннен түрлі бейнелер жасататын. Пластелиннен бейнелер жасау сол тұста мектеп бағдарламасына енгізілген еді. Пластелин деген жұмсақ түрлі-түсті батпақ секілді материал, оны қысып сығымдап неше түрлі формаларға келтіруге болады. Бүгінде адамдардың 90 пайызы сол пластелин материал сияқты, яғни оларды айналасындағылар өз қалауларына сай неше түрлі бейнелерге келтіріп, қалаған адамдарын жасап ала алады.
Көп айтса көнді, жұрт айтса болды…
Ұлы Абайдың өлеңіндегі «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» дегеніндей, үнемі айналасындағылардың ықпалында жүретіндер – сондай пластелин адамдар. Оларда өз пікір, ұстаным деген атымен жоқ, өз бастарымен ойлап, ештеңе шешпейді. Шынын айтқанда, бұндай адамдарда мінез деген жоқ. Бар мінезінің өзі айналасындағылардың ықпалымен қалыпасқан және үнемі өзгеріп отыратын бірдеңе.
(далее…)







