Қарттық бақыт па, әлде бақытсыздық па?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қартаю – адамға ғана емес, барша тіршілік иелеріне тән табиғи қасиет. Қартаймайтын, мәңгі жас болып қалатын пенде жоқ. Күндердің күнінде шақырусыз қонақтай күтпеген жерден келетін сол қарттық туралы жас күнінде адамдар еш ойламай, алаңсыз жүреді. «Кәрілік келіп қалдың қай жағымнан» деп Біржан сал айтқандай, бір күні қарттықтың қай жағынан келгенін пенде сезбей де қалады.

Бір құбылыстың екі қыры

Қарттықты  адамдардың көбі, тіпті барлығы дерлік жаман және пендеге бақытсыздық пен тауқымет әкелуші ретінде қабылдап жататыны шындық. Шын мәнінде, сол қашып құтыла алмайтын қарттықтың ажғымды, жақсы жақтары да баршылық. Енді соған тоқтала кетейік.


Қарттық адам өмірдің ащысы мен тұщысын татып, біраз тәжірибе жинаған егде шақта келеді. Бұл кезде адам ақыл тоқтатып, өмірдің жақсы-жаман жақтарын ажырататын, нәпсісін тыйып, сезімдерін бақылай алатын деңгейде болады. «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» дегенді қазақ соған қарап айтқан сияқты.

Сонымен бірге, адам бұл кезде материалдық жағынан да өзін өзі толық қамтамасыз ететін деңгейге жетеді. Өмір бойы жұмыс істеп, үйлі-боранды болып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, одан қалды зейнетақысын алып, материалдық мәселелерін түгел шешкен деңгейге жетеді.

Қарт адам «асарымды асадым, жасарымды жасадым» деген көзқараста болып, енді таяп қалған ажалдан онша қорқа қоймайды. Сондай-ақ, бұл кезде жастық шақтағы сияқты өмірден көп жаңалық, игілік күтіп, мансап, атақ, байлық сияқты дүнияи игіліктерге жетсем деп онша құлшынбайды, өйткені, енді ондай игіліктердің өзіне келмейтінін жақсы түсінеді. Сондықтан ештеңеге алаңдамай, алаңсыз тірлік кешеді.

Егер адам адал өмір сүріп, Жаратқанның бұйырғанын қанағат еткен болса, қартайған шағында ештеңеге алаңдамай еңбегінің зейнетін көрмек. Керсініше, нәпсінің жетегіне еріп, өмірдің қызығын көбірек татамын деп жанталасумен тірлік  кешсе, онда қартайған шағында да өзі байланып қалған дүнияуи қызықтардан бас тарта алмай, соның салдарынан «әлін білмеген әлек» дегеннің керімен тауқымет атртады.

Қартайғанда өзінен көп жас кіші келіншекке үйленіп, соның көңілін қалай табамын деп жасына жараспайтын шаруалар жасап, ел-жұртқа күлкі болған адамдарды талай көрдім. Ондай пенделер өле-өлгенше аласұрумен, әлденеге жетемін деп арпалысумен өтеді және өлімнен қатты қорқады. Өйткені, өлім олар үшін жалғыз қызық пен бақыттың ортасы болған тіршілктен аулақтататын жау сияқты сезілмек.

Жақсы қартаю да өнер

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп қазақ текке айтпағаны анық. Жас кезінде еңбек етіп, өзінің уайымсыз, қамсыз қарттығын қамтамасыз еткен адам қартайған шағында алңсыз және уайымсыз тірлік кешеді.

Адам өмірінің төрт кезеңі – жылдың төрт мезгіліне ұқсайды. Балалық, жастық шақ, орта жас, одан кейінгі қарттық кезең – бәрінің өз орны, мәні бар. Балалық шақта адам білім алып, өнер-білімді үйренсе, жастық шақта кәсіп тауып, отбасы құрып, өмірдің қызық-шыжығын татады. Орта кезең ақыл тоқтатып, балаларын өсіріп-жеткізу, уайымсыз қарттығын қамтамасыз ету шағы болмақ. Ал қарттық шақ – дүниенің қызық-шыжығынан бас тартып, жүзіңді мәңгілікке бұрып, нәпсіңді тыйып, даналыққа жететін кез.

Балалық шақты көктемге, жастық шақты жазға, ал орта кезеңді еңбегіңнің жемісін татар – күзге, қарттық шақты қысқа теңеуге болатындай. Егер адам табиғи дамудың осы заңдылықтарына бағына өмір сүрсе, бәрі атап айтқанымыздай болмақ. Ал керісінше болса, яғни, балалық-жастық шағында оқу-білім алмай, қызық қуса, орта кезеңде нәпсіге беріліп, отбасының берекесін алса, онда қартайған шақта да нәпсісін тыя алмай, жасына қарамай әурешілікке түсіп өле өлгенше азаппен өтпек.

Мынаны есте ұстаған дұрыс: өмірдің әр кезеңін табиғи заңдылықтарға сай  мәнді-мағыналы өткізуге тырысқан жөн. Балалық шақта білім алып, жастық шақта жақсы кәсіпке ие болып, отбасынан бақыт тауып, орта шақта ұл-қызға ұлағатты тәрбие беріп, қарттық кезде белсенді жұмыстан қол үзіп, Жаратқанға жүзді бұрып имандылық жолына түскен дұрыс. Міне, сонда адам бақыт ауылының тұрақты тұрғыны болады. Әйтпеген жағдайда өле өлгенше тыным таптырмайтын нәпсіге құл болып, азаппен күн өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика