41 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Кеңес заманында мектепте оқып жүргемізде сурет деген пәнде  жұмсақ пластелиннен түрлі бейнелер жасататын. Пластелиннен бейнелер жасау сол тұста мектеп бағдарламасына енгізілген еді. Пластелин деген жұмсақ түрлі-түсті батпақ секілді материал, оны қысып сығымдап неше түрлі формаларға келтіруге болады. Бүгінде адамдардың 90 пайызы сол пластелин материал сияқты, яғни оларды айналасындағылар өз қалауларына сай неше түрлі бейнелерге келтіріп, қалаған адамдарын жасап ала алады.

Көп айтса көнді, жұрт айтса болды…

Ұлы Абайдың өлеңіндегі «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» дегеніндей, үнемі айналасындағылардың ықпалында жүретіндер – сондай пластелин адамдар. Оларда өз пікір, ұстаным деген атымен жоқ, өз бастарымен ойлап, ештеңе шешпейді. Шынын айтқанда, бұндай адамдарда мінез деген жоқ. Бар мінезінің өзі айналасындағылардың ықпалымен қалыпасқан және үнемі өзгеріп отыратын бірдеңе.

Бір танысым айналасындағылардың ықпалымен жұрттан қалмайын деп қарызданып-қауғаланып алпыс жылдық мерейтойын мейрамханада дүрілдетіп атап өтті. Бұны ол жетіскенінен, ақшасының молдығынан емес, айналасындағы адамдардың қысымымен амалдың жоқтығынан жасады. Кейін ол «сол тойға жұмсаған ақшамды баламның сынып тұрған автокөлігін жөндеуге немесе жаңасын сатып алуға жұмсағанда бүйтіп жаяу жүрмес едім» деп өкініп жүрді.

Бүгінде адамдар қит етсе той жасайтын болды. Қыздың ұзатылу тойы, жігіттің қалыңдықты түсіру тойы, баланы сүндетке отырғызу, мектепке бару, мектепті бітіру, оқу орына түсу, оны бітіру тойы – әйтеуір той көп. Басқалардан қалмайық деп адамдар банктен пәлен пайыз өсіммен үйлерін кепілге қойып кредит алып, той жасайды. Бұның зиян екендігін, шығыннан басқа еш пайда әкелмейтінін біле тұра, өзгелерден қалсақ ұят болады деген түкке тұрғысыз сылтаумен осындай ұнамсыз істі жасауға мәжбүр болып жатады.

Мына жайға назар аударып қараңызшы: алпыс жылдығын миллион теңге ақша жұмсап жасаған менің танысымды шынын айтқанда ешкім зорлап, осыны жасамасаң атып өлтіреміз деген жоқ. Айналасындағыларды батыл тойтарып, тойды жасамаймын десе, ешкім де оның басын кесіп алмас еді. Бірлі-жарым туыс, таныстар аздап ренжір, дегенмен уақыт өте келе ол ұмытылады ғой. Бірақ, өзгелердің көңілін қалдырмайын деген әлсіздік, таныстарға қарсы шықсам ертеңгі халім не болады деген қорқыныш осындай іске баруға мәжбүр еткен.

Шындыққа тура қарай алмайтындар

Мен қызмет еткен ұжымның басшысы мінезі жаман мақтаншақ, өзімшіл, аса мансапқор, екіжүзді адам  болды. Ол өзіне жағымпазданған бірлі-жарым адамдар мен туыс-жерлестеріне өзгелерден алалап жақсы қызмет, жақсы жалақы қойды. Ал басқаларды қит етсе сыныққа сылтау тауып ұрсып-жекіп, зықысын алатын.

Оның әбден қорлығы өткендіктен бір жігіт бас болып, ұжым атынан  жоғарғы органға наразылығымызды айтып хат, яғни шағым жазуды ұйғардық. Бәріміз қол қойып бердік. Бірақ хатты жіберер кезде  бірнеше адам жалтарып, өздерінің аты-жөндерін хаттан алып тастауды сұрады. Содан хат басшылықтың қолына тиіп, жоғарыдан тексеру келді. Қызықтың көкесі сол кезде басталды.

Күні кеше әлгі шенеуніктен қорлық көріп, әбден ашынып «құрту керек, жою керек» деп жүргендердің бәрін бастық алдап-сулап өз жағына тарта бастады. Олардың бәрі аздап жалақыны көтеремін, басқа да игіліктер жасаймын деген бастықтың сөзіне иланып, кешегі ұстанымдарынан күрт бас тартты. Тексеруші жиын өткізіп, сонда басшыға қарсы шыққандардың бәрі дерлік «бізден қателік болды, басшымыз адал, қабілетті адам, бұл ісімізге қатты өкінеміз» деп шықты.

Өкініштісі сол, бұндай жағдай біздің ұжымда ғана емес, жалпы қазіргі барлық ұжымдарда кездеседі. Шындыққа тура қарайтын, шындық үшін ештеңеден тайсалмай күресе алатын адам аз.  Күні үшін бір-ақ сәтте кешегі көзқарасын өзгертіп, жалт ете қалатындарға жұрттың әбден еттері өліп, көздері үйреніп кеткен. Бұндай әдетті жаман деп те ойламайды.

Ал енді бұның адамға қаншалықты әсері бар? Күні үшін көзқарасы мен ұстанымын өзгертетін, өзгелердің ықпалымен, келер зарбдабынан  қорқыныштан өзіне де, өзгеге де зиянын тигізетін істерге баратын адамдар — бұлар пластелин адамдар. Оларды айналасындағылар, жоғары тұрған басшылар, ақырсында жалпы қоғам илеп-төстеп қалауынша кез-келген форма жасап ала алады. Олар күндері үшін өтірік те айтады, жалған ант та береді, ең жақын дос-жарандарын сатып та кетеді, яғни бәрін де жасайды. Бұндай адамдарда мінез, көзқарас, ұстаным деген жоқ. Олар сыртқы ортаға  сай түрін өзгертіп отыратын хамалеон деген мақұлық сияқты.

Өкініштісі сол, бұндай адамдар өте көп. Жалпақ тілмен айтқанда, адамдардың 90 пайызы СОНДАЙ ХАМАЛЕОНДАР. Егер айналаңызға байыппен ақыл таразысына салып қарайтын болсаңыз, бұның шындық екендігін анық көресіз. Күні үшін өзіне сенген миллиондаған сайлаушыларын алдап кеткен қосанов сияқты саясаткерлерден бастап, қарапайым қызметкерлерге дейінгі пластелин адамдар – бүгінгі қоғамымыздың ащы шындығы осындай.

Өз капиталыңызды жасап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді құрал. Сіз салған ақшаңызды қысқа мерзімде екі есеге көбейте аласыз. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы сайтқа кіріп алауға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика