Құдай туралы не білеміз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

дінСанасы қасаңданған иегінің астынан әріні көрмейтін көрсоқыр дүлей атеистер болмаса, ақыл-есі түзу әрбір пенде Құдайға сенеді. Мына аса күрделі тіршіліктің өздігінен кездейсоқ жаратыла салмағанын ақылы бар әрбір пенде ұғына алады. Яғни, табиғаттан тыс бір құдіретті күштің барлығын барша әлем мойындайды. Бірақ сол құдіретті күш – Құдай туралы түсінігі шариғат жолымен жүрмейтін қарапайым пенделер түгілі, дін жолын ұстанаты, діни ілімі бар адамдардың өздерінде тым шектеулі болып келеді.

Құдай туралы діни түсінік қандай?

Ислам, христиан және иудейзм діндерінде Құдай формасы, мекені жоқ, ақылға сыйымсыз күш ретінде бейнеленеді. Шындығында, не Құранда, не Інжіл мен Тәуратта Құдай туралы, Оның сипаты жайында ешқандай мәлімет берілмеген. Содан болар, бұл дінді ұстанушылардың Алла жайындағы түсінігі өте шектеулі және бұлыңғыр. Осы түсінікке сай Құдай адамға да, ешбір тіршілік иесіне де ұқсамайтын, ешқандай тұрағы, мекені, сезімі жоқ ақылға сыйымсыз күш болып саналады.

Алланы Мұса пайғамбар Синай тауының басында от түрінде көріп, Одан Тәурат заңдарын алады. Ал Иса пайғамбар көкке қарап Құдай әкемен сөйлескенде, күннің күркірегеніндей дыбыс шығады. Мұхаммед пайғамбар Жәбірейіл періштемен бірге көкке көтеріліп, Алламен бетпе-бет кездесіп, сөйлеседі. Егер Алланың тұрағы, тұрпаты болмаса, онда Пайғамбар Онымен қалай кездесіп, сөйлесті – ол жағы беймәлім.

Буддизм діні Құдай да, тіпті барлық дәстүрлі діндер мойындайтын жан, яки рух та жоқ деп санайды. Буддизм ілімінің түсінігінше, әлем бос кеңістіктен тұрады. Өзін таныған әулие жан мәңгілік және шексіз кеңістікпен бірігіп, өзінің жеке «менін» жоғалтпақ.

Құдай туралы толымды және нақты түсінікті біз индуизм деп аталып жүрген ежелгі веда ілімінен ғана таба аламыз. Шындығында, бүгінгі индуизм діні біршама бұрмаланған ведизм болып табылады. Веда ілімі қайдан, қашан бастау алғаны беймәлім. Оның тамыры өте ежелгі заманға кетеді және бұл ілім түгел санскрит тілінде жазылған. Ал бүгінде санскрит тілі өлі тіл болып саналады. Бұл тілді тек оқыған брахмандар ғана біледі.

Веда іліміндегі Алланың сыйпаттары

Веда ілімінің өзегі, яғни ең жоғарғы мәні болып табылатын – Бһагавад Гита бастан-аяқ Тәңірі Кришнаның патшазада Арджунамен сұхбатына негізделген. Кришна Өзін Құдаймын деп атап, Арджунаның барлық сауалдарына жауап береді. Тәңірі Кришнаның сөздерінен Құдайдың барша сыйпаттары анық танылған.

«О Арджуна, Құдайдың Түптұлғасы ретінде Мен өткенде не болғанын, қазіргі уақытта не болып жатқанын және болашақта не болатынын түгел білемін. Сонымен қатар, Мен барша тірі жанды да білемін, ал Мені ешкім білмейді» (Бһагавад Гита, 7 тарау, 27 өлең).

«О Арджуна бүкіл жаратылыстың бастауы да, соңы да, ортасы да Менмін» (Б.Г.10 тарау, 32 өлең). «Жаратылыстағы ең ғажайып, ең сұлу және ең атақты нәрсенің бәрі Менің қайран қалдырар құдіретімнің ұшқыны ғана» (Б.Г. 10 тарау, 41 өлең). «Мен барлық рухани және фәни дүниелердің қайнар көзімін. Барлығы Менен бастау алады. Осы хақиқатты білетін данышпандар Маған шын жүрегімен беріле құлшылық етіп, табынады» (Б.Г. 10 тарау, 8 өлең).

Осы өлеңдерден көрініп тұрғандай, Құдай барша әлемнің жаратушысы, сақтаушысы және әміршісі екен. Оған тең келер, Одан биік ешкім жоқ. Ол өзінің шексіз құдіретімен барша әлемдерді жаратып, оны сақтап және уақыты келгенде жойып отырады. Таңғаларлығы сол, осындай шексіз құдірет иесі болып табылатын Құдай Өзін жеке тұлғамын дейді.

Құдайдың мекені бар ма?

Ислам дінінде Құдайды мекенсіз деп айтып жүргендер бар. Бұл бір қырынан алып қарағанда дұрыс, ал екінші өлшеммен қарағанда теріс пікір. Дұрыс болатыны, барша әлем Алланың қуатынан тұрады. Яғни, мына көзге көрінетін, көрінбейтін барша дүниеде Алланың қуатынан басқа ештеңе жоқ. Ал, Құдайдың қуаты мен Өзінің арасында еш айырма болмайды. Сондықтан, барша әлемді Алла десек, шындықтан алыс кетпейміз. Егер жер де, көк те Алланың қуаты болса, оның мекені қайда? Осы тұрғыдан алғанда Ол мекенсіз.

Ал, бірақ Бһагавад Гитада Тәңірі Кришна Өзінің мекені – рухани әлем екендігін айтады. Бұл фәни жалғаннан ерекшелігі сол, рухани дүниеде туу, қартаю, өлу деген жоқ. Ондағы барша тіршілік иелері мәңгі жас күйінде өмір сүреді және олардың жалғыз әрекеті – Құдайға махаббатпен беріліп құлшылық ету. Бһагавад Гитада рухани әлем жайында біраз өлеңдер бар және онда нақты сыйпаттама жасалған.

Түйін: Егер сіз өміріңіздің мәнін ұғынып, екі дүниенің игілігіне кенелдірер дұрыс әрекет жасағыңыз, яғни дұрыс өмір сүргіңіз келсе, онда өмірдің ең қайнар көзі болып табылатын Құдай туралы толымды іліміңіз болуы тиіс. Құдайдың сыйпаттарын білмесеңіз, онда сіз ешқашан Құдайға құлшылық етіп, Оны шын жүрегіңізбен сүйе, сыйлап құрметтей алмайсыз. Ойлап қараңызшы: мекені, тұрпаты жоқ, ақылға сыймайтын әлдебір дүлей күш немесе бірдеңені сіз құлай сүйіп, Оған шын беріліп құлшылық ете аласыз ба? Жоқ. Ал Құдай туралы толымды ілімді сіз тек Бһагавад Гитадан ғана таба аласыз. Ондай ілім Құранда да, Інжілде де, Тәуратта да жоқ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика