Қағаз басылымдардың келешегі бұлыңғыр

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Таяуда ғана еліміз Ұлттық абсылым күнін атап өтті. 1913 жылы 2 ақпанда тұңғыш  ұлттық басылым «Қазақ» газеті жарық көрген екен. Жасыратыны жоқ, кеңес заманында қазақ тілді газеттер біршама дамыды, таралымы өсіп, ұлт мүддесін көздейтін басылымдарға айналды. Сол тұста шыққан «Л«ниншіл жас» газетінің таралымы 300-400 мың дана болды. Аудандық, облыстық басылымдар да біршама жақсы таралыммен шығып, өз оқырмандарының сүйікті газеттеріне айналды.

Дегенмен де, нарыққа көшкеннен кейінгі жылдарда газет-журналдардың жағдайы жақсарған жоқ, керісінше кері кетті. Бұрын жүздеген мың дана болып таралған «Білім және еңбек», «Мәдениет және тұрмыс» , халықтың сүйікті жорналы болған «Ара» журналдары  нарық талабына жауап бере алмай жабылып қалды. «Жұлдыз», «Жалын», «Қазақстан әйелдері» жорналдары аз данамен әупірімдеп шығып жатыр. Аймақтық басылымдардың да жағдайлары мәз емес, ал аудандық газеттердің газет деген аты ғана.

Мен 1988-90 жылдары екі жылдан астам уақыт бұрыңғы Қима ауданының «Дала таңы» атты аудандық газетінде қызмет істедім. Орыс және қазақ тілінде шығатын аудандық газетте 20-дан астам адам еңбек еттік. Газет төрт бет болып аптасына 3 рет шығатын. Таралымы да жоғары болды. Шығармашылық еңбек жолымды бастаған сол газетте  барлық дерлік жанрларға қалам тарттым.  Қысқа хабарлар мен мақалалаларды былай қойғанда суреттеме, очерк, әңгімелерім жарық көрді. Тіпті, фельетон да жаздым. Ол кезде газетті жұрт бір әріпін қалдырмай  оқитын. Облыстық газеттер үлкен форматпен төрт бет болып аптасына 5 рет шығатын. Онда 50-ден астам адам еңбек етті. Аудандарда меншікті тілшілері болды.

Ал қазіргі жағдай қандай? Өзім зейнет демалысына шыққанға дейін қызмет істеген Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде бүгінгі күні  5-6 шығармашылық қызметкер ғана істейді. Таралымы мыңнан сәл ғана асады. Аптасына екі рет шығады. Бұрын кеңес заманында жұрт сүйіп оқитын суреттеме, очерк жанрлары деген атымен жоқ. Хабар, қара мақаламен газет шығып жатыр.

Аудандық газеттердің жағдайлары тіпті, ауыр. Ол газеттердің көбі жекешелендіріліп, жеке меншіктің қолына өтіп кеткен. Төрт бет болып аптасына бір-ақ рет шығатын газетте оқылатын дүние мүлдем  дерлік жоқ. Редакторды қосқанда 4-5 адам ғана істейді. Аудандық газеттердің таралымы  өте төмен.

Біз өмір кешіп жатқан нарық заңы бойынша – сұранысқа ие тауарлар ғана өндірілуі тиіс. Сұраныс жоқ екен, онда ондай тауарларды өндіру тиімсіз. Газет те тауар. Оған деген сұраныс уақыт өткен сайын азайып барады. Бұрыңғыдай газет-жорналға бюджеттік мекеме қызметкерлерін зорлықпен мәжбүрлеп жаздыра алмайсың. Өз еркімен жазылып оқитындар қатары күн санап азаюда. Негізінен газетті  кеңес заманынан қалған аға ұрпақ өкілдері оқиды. Жастар арасында газет оқитын адам табу қиын.

Ресейлік бір талдау мекемесі жүргізген зерттеу қортындысына сай, таяудағы онжылдықта жойылатын мамандықтар тізімі жарияланған еді. Сол тізімде журналист мамандығы да бар. Яғни, енді бірнеше жылдардан соң журналист деген мамандыққа сұраныс мүлдем жойылады дейді әлгі ұйым сарапшылары. Егер қазіргі жағдайға назар салып, ой елегінен өткізе қарайтын болсаңыз, газет-жорналдардың болашағының бұлыңғыр екенін бағамдау еш қиын еиес. Оқырман саны азайып, қоғамдағы салмақ-беделі жыл санап кеміп бара жатқан қағаз басылымдарды енді қанша әспеттесең де, сақтап қалу қиын болатын түрі бар. Сонда не болмақ?

Қазір елімізде 13 млн-нан астам  интернет пайдаланушы бар екен. Интернетті мектеп оқушысынан бастап, зейнеткерге дейін пайдаланады. Осыған орай, газет-жорналдардың орнын сайттар мен әлеуметтік желілер басуда. Қазір оқырманы қалың блогерлердің айтқаны жүріп тұр. Жүздеген оқырманы бар газет-жорналдарға мақала бергенше, мыңдаған, милиондаған оқырманы бар сайттар мен әлеуметтік желілерде жұмыс істейтін блогерлерге мақала жариялатсаңыз, оның тиімділігі өте жоғары болады. Бұны қазір есі дұрыс әрбір жан жақсы біледі. Мемлекет бюджеттен қыруар қаржы бөліп әзірге оқырманы мардымсыз газет-жорналдарды ұстап отыр, бірақ түбі тиімсіз  қағаз басылымдардан бас тартып, интернет ресурстарға көшері анық. Бұл болмай қоймайтын құбылыс.

Әр заманның өз ерекшелігі, өз талабы болады. Өткен ғасырда қарыштап дамыған  қағаз басылымдардың дәуірі өтіп барады. Заман ағымына ертерек бейімделген ұтады. Ақпарат ғасыры атанған қазіргі заманда уақыт көшінен қалып қоймаймыз десек, онда заман ағымына сай ақпараттық жүйеге жылдамырақ көшіп алғанымыз дұрыс болмақ. Ұлттық басылым күнін тойлаған дұрыс қой, дегенмен де қағаз басылымдардың дәурені өтіп кеткенін түсініп, интернет ресурстарды игеруге жылдамырақ ден қойсақ, ақпарат ғасырында көш соңында шаң қалып қалмасымыз анық.

Қалкөз Жүсіп.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика