136 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қазір еліміздің барлық өңірлерінде университеттер мен кәсіби мамандық беретін колледждер жетіп артылады. Мемлекеттік грант есебінен оқисың ба, қалтаң көтерсе ақшасын төлеп оқисың ба, қалауың біледі. Қалаған мамандығыңды таңдауыңа мүмкіндік бар. Дегенмен де, әлгі жоғары оқу орындарын бітіргендердің өз мамандықтары бойынша жұмыс табу көрсеткішіне, олардың алатын жалақы деңгейіне қарасаң, аты дардай оқу орындарының жастарға беріп жатқаны көп еместігін аңғарасың. Сонша жыл уақытын, қанша ақшасын, күш-қуатын сарып қылып оқып алған дипломы қаржылық жағынан қысылмай өмір сүруіне мүмкіндік бермесе, ондай мамандықтың қажеті қанша?

Небары 9 айда сұранысқа ие мамандық аласың

Бес жыл оқып, мыңдаған теңге ақшаңызды төлеп, өз мамандығыңыз бойынша жұмысқа тұру-тұрмау кепілдігі жоқ және жалақысы да мардымсыз болатын мамандық алғанша, 9 айда еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандық алып, жалақысы аса жоғары жұмысқа тұру мүмкіндігін пайдаланған тиімді емес пе. Ақыл-есі дұрыс әрбір адамның екінші жолды таңдары анық.

Ал енді сондай оқу орындары бар ма, болса қайда, қалай оқуға болады және ол қандай мамандықтар? Енді осы жайына кеңірек тоқтала кетейік. Жыл өткен сайын бұрыннан қалыптасқан үйреншікті дәрігер, мұғалім, инженер, құрылысшы, заңгер, экономист сияқты мамандықтарды өмірімізге барған сайын терең еніп бара жатқан интернет мамандықтары ығыстырып барады.

Мынаған назар аударып қараңызшы: С++, яғни интернет программаларын жасайтын программашы маманға деген сұраныс қай жерде болсын жетіп артылады және олардың жұмысы үшін төленетін ақы деңгейі де өте жоғары. Мәселен, қалаішілік автобус маршруттарының жүріс кестесін бағдарламалау жұмысын дайындадыңыз делік. Бұған қанша ақы төленеді? Әрине, 5, 10 мың теңге емес, тіпті 100 мың да емес, қала әкімдігі миллиондаған теңге төлеп жасатады бұндай бағдарламаларды. Ал оны жасайтын адамның, тіпті жоғары білімі де болмауы мүмкін.

Телеграмм, Интаграм, Вконтакте сияқты әлеуметтік желілерге және сайттарға чат-бот жасап беремін. Чат-бот сіздің бизнесіңізді автоматтандырып, клиенттер тартуға, олардың мәлемттерін жинауға көмектеседі. 87013001474 телефоны арқылы (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Ал енді осындай программашы мамандығын қайдан алуға болады? Оны оқытатын арнайы курстарды интернеттен оңай тауып алуға болады. Міне, сондай курстардың бірін назарыңызға ұсынамын. Веб-разработчик, яғни программашы мамандығын алу үшін сізге небары 10 ай оқу қажет екен. Аптасына 15 сағаттан. Қыруар ақшаңызды төлеп, таңертеңнен кешке дейін көз майыңызды тауысып, бес-алты жыл оқитын мамандық сияқты емес, аптасына небары 15 сағат қана оқисыз. Оқу қашықтықтан жүргізіледі.

Сізге видеосабақ жіберіледі. Оны асықпай көріп, қажет болса қайталап көріп, түсініп аласыз. Содан кейін сабаққа қоса үй тапсырмасы беріледі. Үй тапсырмасын орындайсыз, содан кейін екінші сабаққа рұқсат беріледі. Міне осылай 240 сабақты түгел оқып бітірген кезде, веб-разработчик деген мамандықты толыққанды игеріп шығасыз. Оқу бағасы – 110000 рубль, теңгеге шаққанда 600 мың теңгенің шамасында. 600 мың теңгеге сондай еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және жоғары жалақы төлейтін мамандықты алып шығу жаман емес қой.

Тағы бір мамандық: DataScience, яғни түрлі процестерге талдау жасайтын аналитик мамандығы. Оны сіз небары 8 айда меңгеріп шығасыз. Оқу құны – 104000 рубль. Теңгеге шаққанда 560 мыңның шамасында. Бұл мамандықты игерсеңіз орташа айлық жалақыңыз 108 мың рубль, теңгеге шаққанда 600 мыңдай алып отырасыз. Қазіргі кезең үшін жаман жалақы емес. Солай ғой.

Түйін: мыңдаған теңге ақшаңызды жұмсап, төрт-бес жыл уақытыңызды сарып қылып,  ертең жұмыс табуға еш кепілдігі жоқ университеттерде оқығанша, интернет арқылы еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие, жоғары табыс табуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы мамандықтарды алған дұрыс болады. Әрине, қай жолды таңдау әр адамның өз еркіндегі шаруа. Сізді бұл мәселе қызықтыратын болса, мына сілтеме арқылы сайтқа кіріп, интернет мамандықтар туралы толыққанды ақпараттар алуыңызға болады:  https://praktikum.yandex.ru/

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика