Қарғыс пен алғыс

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тамұқ«Алтын алма, алғыс ал, алғыс алтын емес пе» деген сөз бар қазақта. Шынында да, алтын бұл дүниеде ғана құнды зат саналатын темір болса, алғыс екі дүниеде де игілік әкелетін дін тілінде – сауап болып табылады. Дегенмен де, адамдардың көбі алғыстың адамға қанша игілік әкелетінін, ал қарғыстың қаншалықты тауқымет тарттыратынын түйсінбейді.

Алғыс арқалаған жүргізуші мен қарғыс арқалаған ұры

Жаңа жыл қарсаңында кешкілік жұмыстан қайтып келе жатып 14-ші бағытпен жүретін автобусқа міндім. Жүргізуші орысша-қазақша ағып тұрған адам екен және қу тілді болып шықты. Ол жолаушыларды жаңа жылдарымен құттықтап, жәй құттықтап қоя салмай «таныстарыңызды, туыстарыңызды мерекемен құттықтаңыздар» деп еске салумен болды. Әр аялдамада «асықпаңыздар, бір біріңізге жол беріңіздер, жастар қарттарды сыйлап, орын беріңіздер» деп көпшіліктің көңілінен шығатын жылы сөзді аяған жоқ

Аялдамадан түсіп қалған жолаушыларға «жолдарыңыз болсын, сау болыңыздар» деп тап бір халықаралық ұшақтың ұшқышы сияқты аузы тыным таппай сөйлеп отырды. Ара-тұра қалжың айтып, жұртты күлкіге қарық қылып қояды. Бір сөзбен айтқанда, жұмыстан шаршап, автобусқа қабақтары түсіп енген адамдар сәлден соң-ақ жадырап, шопырдың жылы сөздеріне көңілдері көтеріліп, кәдімгідей қуанысып қалады.

Автобуста адамдар көп еді. Тығылысып түрегеп тұрдық. «Бурабай» спорт сарайынан өткен соң ғана автобус іші аздап босай түсті. Бір кезде жас мөлшері отыздарға келген келіншек кәшөлегім жоқ деп өңі қашып абыржып қалды. Билет сатушыға ақшасын берейін деп қол сөмкесін ашқанда кәшөлегінің жоқтығын байқапты. Өңі қашып, қатты абыржыған келіншектің бейнесі айналасындағыларға да әсер етпей қоймады. Билет сатушы «кәшөлекті кім алды, қайтарыңдар, ұят болады» деп жатыр, дегенмен, еш пенде мен алып едім демеді. Ақшасынан айрылған келіншек салы суға кетіп аялдамасынан түсіп қалды.

Дәл жаңа жыл қарсаңындағы осы екі оқиға маған біраз ой салды. Өзінің жұмысын адал атқарып, отбасын асырап жүрген, жұртты жылы сөзімен қуантып, көпшіліктің алғысын арқалаған автобус жүргізушісі мен мереке қарсаңындағы абыр-сабырды пайдаланып, жұрттың қалтасын қақшып, сол арқылы адамдарға қайғы-қасірет әкелген және осы қылығы үшін адамдардың қарғысын арқалаған ұры – ақ пен қара сияқты бір-біріне қарама-қарсы адамдар секілді.

Алғыс – бақытқа бастайды, қарғыс құрдымға құлатады

Алғыс алып жүретін ақкөңіл, адал ниетті адамның екі дүниеде де игілікке кенелері анық. Қасиетті Құранда «Кімде кім біреуге жақсылық жасаса, өз пайдасына, жамандық жасаса өз зиянына. Жақсылық жасаған адамға соншалықты жақсылық бар, жамандық жасаған адамға да соншалықты жамандық тиесілі. Әр нәрсеге Алланың күші басым» деген аят бар.

Құранның осы аятынан ұғарымыз: алғыс арқалаған адам міндетті түрде сол жақсы әрекетінің сыйлығын Алладан алады. Жамандық жасаған пенде де сол жамандығының өтеуін Алладан табады. Бұл – Жаратқанның айнымас заңы. Бұны буддашылар «карма заңы» деп атайды. Адамдар ойлап тапқан шалажансар заңдар сияқты емес, Алланың заңы мүлтіксіз жұмыс істейді.

Мына ақиқатты 100 пайыз сеніммен айтуға болады: қарғыс арқалаған ұрлықты кәсіп қылған пенде екі дүниеде де ОҢБАЙДЫ. Ол адам фәни дүниеде осы теріс әрекеті үшін қырсық, бақытсыздық, ауру-сырқау, жақындарынан айрылу, басқа да түрлі жамандықтардан көз ашпай өтеді. Ал, өлген соң баратын орны – ТОЗАҚ болады. Бұл 2х2=4 дегендей АҚИҚАТ.

Адамдардға жамандық жасап, жұрттың қарғысын арқалау арқылы екі дүниенің де бақытынан құр қалатын болсақ, онда пенделер өзіне пайда әкелмейтін мұндай әрекетке неге барады? Бұның жалғыз жауабы бар, оның аты – НАДАНДЫҚ. Иә, надан адам жұртқа залалын тигізу арқылы қарғыс әкелетін жаман әрекет жасайды. Өйткені, ондай надан адам бұл әрекеттің екі дүниеде де тауқымет тартқызатын жаман әрекет екендігін білмейді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика