Қартайғанда махаббат бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

9Ақша билеген қазіргі нарық заманында өзінің немере, тіпті шөбересімен жасты қыздарға үйленіп жатқан бай шалдар аз емес. Өтекен ғасырларда да қазақтардың арасында қалың мал беріп, жас қызды тоқалдыққа алатын шалдар аз болмапты. Қазір адамдардың көбі «шал болса мейлі, күш-қайраты қайтпаса, үйленгенде тұрған не бар» деп санайды. Шындығында солай ма?

70-тен асқан шал мен кемпірдің махаббаты

Таяуда әлеуметтік желілерде жасы 70-ке келген негір шал мен 74 жастағы кемиек кемпірдің тырдай жалаңаштанып құшақтасқан суреті жарияланды. Денелерін әжім басқан сұрықсыз қариялардың жалаңаштанып  түскен суреті тартымсыздығы былай тұрсын, жүрегіңді айнытарлықтай сұмпайы болып шығыпты.

Дегенмен де, ақыл-естен айрылған бейшаралар қартайғанда нәпсінің құлы болған әрекеттерін мақтаныш етіп, жұртқа жариялағанды жөн көрген сыңайлы. Сол суретке қарап «әр нәрсе өзінің уақытында болғаны дұрыс-ау» деген ойға келесің.

Адам өмірінің кезеңдері

Мына өмірге ақылмен байыптап қарап көріңізші, адамның жас деңгейіне қарай өсу жолы тектен тек еместігін, оның астарында Жаратқанның адамдардың көкейіне салғысы келген терең сыр жатқанын бағамдауға болады.

Адам бала шағында алғыр болады, яғни бұл оқып білім алатын кез. Жастық шақта адамның тәні жан-жақты жетіліп, толысады, күш-қуаты артады. Осы кезде үйленіп, отау құруы, балалы-шағалы болуы керек. Махаббаттың қызық-шыжығына берілер кез де осы тұс. Содан кейін орта жас деген кез келеді. Бұл шамамен 40-60 жастың аралығы. Ол кезде адам балаларын өсіріп, тәрбиелеп жетілдіреді.

Содан кейін кексе тартқан шақ деп аталатын кез келеді, бұл 60-70 жас аралығы. Бұл  адамның еңбектен қол үзіп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, ата-әже атанып, немере сүйіп қызық көрер кезі. Ал, 80-нен асқан соң кәрілік жетеді. Ол кезде бұрын адамға қызық пен қуаныш сыйлаған тән керісінше түрлі қиындықтар мен тауқыметтердің көзіне айналады.

Адамның әл-қуаты азайып, әлсіз тартады, түрлі дерттер белең алады. Бетін әжім айғыздап, белі бүгіліп таяқ ұстайтын, көзі  мен құлағы нашар көріп, еститін жағдайға жетеді.

Адам өмірінің осындай кезеңдері тектен тек еместігі анық. Оның астарында Жаратқанның бізге сездіргісі келген астарлы ниеті жатқан сияқты. Адам өмірін жылдың төрт мезгілімен ұқсатуға болатындай. Балалық шақ көктемге ұқсайды, яғни бұл кезде адам бүршік жарып өсіп жетіледі. Жастық шақ жаз секілді, адам бұл кезде  көкке оранып, көз тартып жайқалып өскен ағаштай жетіледі. Орта жас пен кексе жас күз мезгіліне келеді. Адам бұл кезде жастық шағында жасаған еңбегінің жемісін татып, балаларын жетілдіріп, немере-шөбере сүйіп, рахатқа кенеледі.

Ал қарттық шақ қыс мерзімі іспетті. Қыс адамдарға да, жан-жануарларға да қай жағынан да жайсыздық әкеліп, аязымен, боранымен қыспаққа алмақ. Сол сияқты қарттық шақ та адамның күш-қуатын, денсаулығын алып, қиындықтарға ұшыратады.

Қартайғанда ғашық болу – ауытқушылықтың белгісі

Егер жаз айында күн суытып, қар жауса немесе қаңтарда күн ысып, қапырық болса – бұны есі дұрыс адамдар табиғаттың ауытқушылығы деп қабылдайтыны анық. Сол сияқты қартайған адамдар ғашық болып, отбасы құрып, махаббат ойынына берілсе, бұл да табиғи ауытқушылық болып табылады.

Бүгінде еркектің еркекке ынтығуы түріндегі гомосексуализм деген арсыздық көбейіп кетті. Бұл да табиғи ауытқушылықтың бір белгісі. Табиғи жағынан дұрыс дамыған адам ешқашан өз жынысының өкіліне ынтықпайды. Тіпті, хайуан екеш хайуанда да мұндай ауытқушылық жоқ. Ал, адамдарда ол белең алып кеткен.

Бұның астарында адамдардың психикалық жағынан ауытқушылыққа ұшырағандығы жатқаны анық. Егер адам табиғи қалыпта өсіп дамыса ол балалық шағында оқып білім алады, жастық шағында отбасы құрып, балалы-шағалы болады, кексе тартқанда еңбектен қол үзіп, асырап-жетілдірген балаларының қамқорлығына алынады. Осындай табиғи дамуға орай адам физиологиялық, психикалық жағынан да өзгеріп отырады.

Адам жас шағында сезімге бой алдырып, нәпсіге ерік берсе, кексе тартқанда керісінше, күш-қуаты қайтып, нәпсінің оған ықпалы әлсіремек. Яғни, қарт адамда қарама-қайшы жыныс өкіліне деген ынтызарлық өшіп жоғалады. Бұл – табиғи дамудың нәтижесінде болатын табиғи ахуал.

Дұрыс дамыған адам қартайған сайын сезімге немесе нәпсіге берілмей, керісінше ақылға көбірек бой ұрады. Сондықтан қартайған сайын адамда жастық шақтағыдай албырттық, сезімге берілгіштік, жеңілтектік емес даналық, байыптылық, салқын қандылық орнығады.

Қартайған адамды айналасына сүйкімді етіп көрсететін жалғыз қасиет – даналығы. Ал қарт адам керісінше нәпсіге беріліп, қыз-келіншектерге тиышсыз болса, ондай қартты жастар сыйламақ түгілі, мазақ қылады. Бет-аузын әжім басқан, сұрықсыз шал немесе кемпірдің өзінен әлдеқайда жас жігіт немесе қызға қызығып, көзін сүзуі ерсі ғана емес, есуастық. Бұл қылық айналасындағы ақыл-есі түзу әрбір адамға жиіркенішті және күлкілі болып көрінері анық. Сондықтан, әр пенде жасына қарай әрекет жасап, Жаратқан белгілеген табиғи ахуалға сай болуға ұмтылғаны жөн. Әйтпеген жағдайда, негр шал мен мыжырайған ақ түсті кемпірдің сыйқына ұқсап, сұрықсыз тәндерін жұртқа көрсетіп жалаңаш суретке түсіп ел-жұртқа мазақ болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика