0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әр адам дүниеге келген кезден бастап, ақырғы демі біткенге дейінгі аралықтағы тірлігінде жүздеген, мыңдаған адамдармен түрлі қарым-қатынас жасайды.  Адамдармен қарым-қатынастың адамзат өмірінде үлкен мәні бар. Ол пенделердің осы өміріндегі тірлігінің жақсы-жаман, ауыр-жеңіл болуына ғана емес, сондай-ақ, өлгеннен кейінгі тірлігі мен келесі өміріне де айтырлықтай әсерін тигізеді. Осыған орай, дәстүрлі діндердің бәрінде адамдармен қарым-қатынас жайына айрықша көңіл бөлінеді.

Бір сахаба Мұхаммед пайғамбардан бірде “маған көрші тұратын әйел өте тақуа адам, бес уақыт намазын қаза жібермейді, бірақ ұрысқақ, көршілерімен үнемі ұрысып-керісіп жүреді, соның о дүниедегі жайы қандай болмақ?” деп сұрайды. Сонда пайғамбар ойланбастан бірден “оның о дүниедегі орны тозақ” деп жауап береді. Бұл сөздің астарында Жаратқанның алдындағы діни парыздарын қанша жақсы орындағанмен, айналасындағы адамдармен дұрыс қатынас жасамаған жанның тағат ибадаттары далаға кетіп, тозақ нәсіп болатыны жатқаны анық.

Веда ілімінде де адамдармен қарым-қатынасқа қатты көңіл бөлінеді. Інжілде Иса пайғамбар “Жақыныңды сүй” дейді және жақын сөзін өзіңе жылы пейіл танытқан жандар деп түсіндіреді. Яғни, бұдан өзіңе жылы ниет танытқандардың бәрін сыйлап, қадірлеу, олармен жақсы қатынаста болу қажеттігін түсінуге болады.

Егер ақыл таразысына салып қарайтын болсақ: адамдармен қарым-қатынасты бірнеше топқа бөлуге болар еді: бейтарап қатынас, дос-жаранмен, туыс-бауырлармен қатынас, отбасының ішіндегі етене қатынас, жаулық немесе дұшпандық қатынас. Дегенмен, бұның бәрі қарым-қатынастың сыртқы бөлінісі, көрінісі ғана, ал негізгі қатынас сезім, ақыл, зерде сияқты адамның “менін” құрайтын ішкі нәзік қуаттардың деңгейінде өтеді. Енді осы жайына назар аударайық.

Ең үстірт, уақытша және жеңіл қатынас сезім деңгейінде болады. Жақсы көру, жеккөру ғана емес, нәпсі құштарлығы да сезім. Сезім деңгейіндегі қатынаста адамдардың өмірлік ұстанымы, көзқарасы басқа болуы мүмкін, бірақ белгілі бір себептермен уақытша қатынасқа түседі. Мәселен, бірге арақ ішетін бөтелкелес достар, немесе нәпсі жетегіне ерген еркек пен әйелдің зинақорлық байланыстары, бірге қызмет істейтін адамдардың арасындағы байланыстар — бәрі сезім деңгейіндегі уақытша және үстірт қатынастар. Ол адамдарыдң арасындағы қатынас кез-келген сәтте үзіліп, одан әрі мүлдем жалғаспауы мүмкін.

Ал ақыл деңгейіндегі байланыс барысында адамдардың қатынасы бршама терең және тұрақты болады. Ондай қатынастарға шығармашылықпен айналысатын адамдардың, өнер адамдарының, ғылым саласындағы бір бағытта қызмет ететіндердің қатынастары жатады. Ал зерде деңгейіндегі байланыс ол өте терең болады. Өмірлік көзқарастары, ұстанымдары, мінез-құлықтары бір-біріне ұқсас адамдардың ара қатынасы зерде деңгейінде болады және ол тұрақты. Бұндай байланыс өмір бойына созылып, тіпті келесі өмірге кетуі мүмкін.  Одан әрі рухани байланыс, яғни жан деңгейіндегі байланыс. Ол мәңгілік. Рухани көзқарастары бір-біріне ұқсас және рухани деңгейде қарым-қатынас жасайтын жандар өте сирек кездеседі. Ол негізінен рухани ұстаз бен шәкірттің және діндес бауырлардың арасындағы байланыс болады.

Қазақ “тең теңімен, тезек қабымен” дейді. Яғни, әрбір адам өзі теңдес, ақыл-санасы өзімен дәрежелес жандармен қарым-қатынас жасағанды ұнатады және сондай жандарға жақын жүреді. Бір данышпанға баласын әкелген адам оны сынап беруін сұрайды. Сонда данышпан оған “балаңның достарын әкел, сонда оның кім екендігін айтамын” деген екен дейді. Арақ ішуге құмар адам өзі сияқты маскүнемдермен  жақын жүрсе, зинақорлар да бір-бірімен сырлас болады, сол сияқты оқу-білімге құштар ғылымға ынталы адамдар да өзі сияқты жандарды іздеп, солармен араласуға тырысады.

Дейтұрғанмен де, адамдардың басым көпшілігі өзіне не нәрсенің ұнайтынын, қандай іске бейімділігінің барылғын білмейді, олар әйтеуір бұйырғаны осы деп, кездескен жұмысты жасап, кездейсоқ жолығысқан адамдармен араласады. Ондайлардың араласатын адамдары тұрақты емес, үнемі ауысып өзгеріп отырады. Айналасындағы адамдардың ықпалымен түрлі шаруалармен айналысып, еш жерге тұрақтамай, өмірден нақты орындарын таба алмай жүретін жандар көп.

Осы жайлардан түйеріміз: қоғамдық, әлеуметтік жағдайыңызды жақсартып, осы дүниеде орныңызды тауып, бақытты өмір сүргіңіз келсе, онда ең алдымен өзіңізге не ұнайтынын, өмірге көзқарасыңызды нақты айқындап алыңыз және сол көзқарасыңыз бен ұстанымыңызға сәйкес келетін адамдармен ғана араласыңыз. Сонда жан-жақты дамисыз және жақсы нәтижелерге жетесіз. Әйтпесе, жел айдаған қаңбақтай өмір ағысымен бірде анда, бірде мында қарай ағып, өмірден орныңызды таба алмай, соған сай тұрмыс тауқыметін тартып, қиындық көретін боласыз. 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика