80 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қашықтықтан оқыту-ақпараттық құралдар арқылы және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның білім жүйесіне енген бұл процесс кеңінен пайдаланылып келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші ол-адам.

Қазіргі заманның талабына сай, қашықтықтан оқыту, студенттер мен оқушыларға пайдалы. Себебі бұл процесс , Қазақстанның дамушы ел екендігіне ықпал етеді.

Басты мәселе:

 Мұғалім сабақты ғылыми жобада жасай білуі, оқушының жүрегіне жол тауып, сабаққа деген қызығушылығын арттыруы керек.

Мұғалімнің өзара дамуы:

1. оқушыларды мән беріп тыңдау

2. олардың көзқарасын түсіне білу

3. сын айта білу

4. әңгімелесу

5. ұйымдастыра білуі керек.

Қашықтықтан оқыту , осыған бағытталған. Бірақ бұл оқу бағыты барлық жерде біркелкі және  әрдайым дұрыс шешім бола алмайды.

Оның басты себебі еліміздегі техникалық және әлеуметтік жағдайдың әр түрлі болуы. Даму үстіндегі мемлекет болғандықтан, бұл мәселе әрдайым басты назарда болып отырады. Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Аз уақыт ішінде, яғни  бірнеше ай көлемінде болған қашықтан оқыту әдісі өзінің жақсы-жаман жағын анық көрсетуде:

-техниканың жетіспеушілігі;

-интернет желісінің дұрыс жұмыс жасамауы;

-байланыс апараттарының сапасыздығы;

-тым көп ақпарат.

Атап айтсақ, қашықтан оқытудың зиянды жақтары жетерлік бірақ бұл толықтай алып тастауға себеп емес. Зиянынан бөлек пайдасын да көре білген дұрыс сияқты. Әр істен жақсылық іздей білген жөн. Дәл осы оқиғаларға байланысты, яғни COVIT-19 вирусының таралуына байланысты қашықтан оқыту таптырмас әрі жалғыз шешім болды. Оқып жүрген студенттер, магистрант, оқушылар бәрі бос уақыттарын отбасымен өткізу мүмкіндігін алды. Сонымен қатар үйде отырып ақ тапсырмаларды орындап, дәріс берушімен байланысы алды.  Және де қоса кететін жайт, ақшаны үнемдейсіз. Бұл жетістіктердің бәрі ел экономикасының дамып келе жатқанын көрсетеді. Қиын қыстау уақытта ел қамын жасап, қол жетімді шешімдер қабылдағанына біз қуаныштымыз.

Иә келісемін, оқу орындарының компьютерлік базасы әрі қарай толықтырылады, жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан, қолдағы бар құралдарды толық пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу керек. Толығырақ айта кетсем, мен Молдабек Назгүл Бақытжанқызы, Әл-Фараби университетінің 2 курс студентімін, қашықтықтан оқу арқылы, түрлі тілді де үйренуге болады екен. Айтап айтар болсақ, мен болашақ педагог ретінде, Француз тілін таңдадым. Бірақ маған қашықтан оқыту тиімді болды, себебі мүмкіндік көп. Фарнцуз тілі сабағын өтіп отырып, жан-жақтан мәлімет ала аласың.  Француз тілінен дәріс беретін оқытушымыз Айман Камзина білікті ұстаз. Ол кісінің арқасында бізге қашықтықтан оқу да, өте керемет болып көрінеді. Себібі қашықтықтан оқытса да, сапалы білім береді. Осы орайда ҚазҰУ университетінде, француз тілінен сабақ беретін ұстазыма үлкен алғысымды  айтамын.  Пандемияға қарамастан, барлық мүмкіндікті пайдаланып, оқу сапасын түсірмей отырған жайы бар. Қорыта келе айтарым, бұл оқу процесі техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып табылады. Қазақстан дамушы ел болғандықтан, бұның да бір тиімділігі бар екендігі даусыз.

Назгүл Бақытжанқызы Молдабек,

ҚазҰУ-нің 2 курс студенті.

Шымкент қаласы.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика