Қазақстанда ұлтаралық қатынас мәселесі бар ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Феисбукте соңғы кезде қазақ еліндегі қазақ тіліне қатысты мәселеге байланысты видеолар жиі көрініс беруде. Өткенде  Батыс облыстардың бірінде бір грузин басқаратын мейрамханаға барған қазақ жігіті қазақша қызмет ала алмай содан қақтығыс туған еді. Күні кеше биллиард клубына барып, билет алып, қазақ тілінде қызмет сұрағаны үшін қуып шығарылған жігіттің видеосы жұртшылық арасында қызу пікір туғызды.

Асын ішіп, аяғын теппе

Мынадай мәселені ешкім де, ешқашан да теріске шығара алмайды: ұлттық мемлекет саналатын Франция, Германия, Грузия, Литва сияқты мемлекеттерде тұрған әрбір адам сол елдің мемлекеттік тілін білуі МІНДЕТТІ. Егер мемлекеттік тілді білмесеңіз, тіпті дүкеннен барып нан алып жеуіңіз мүмкін болмайды. Қазақстан да сол Фрация, Германия, Грузия сияқты унитарлық тәуелсіз мемлекет. Бірақ әлгі елдердегі  мемлекеттік тілге байланысты талап Қазақстанда жоқ.

Қазақстанда туып өскен, осы елдің нанын жеп, суын ішіп жүрген өзге ұлттың, оның ішінде орыс ұлтының өкілдері қазақша тіл білуді міндет деп санамайды және жастары 40, 50, тіпті 80-90-ға келгенше бір ауыз қазақша білмей өмірден өтіп жатады. Ал Қазақстанның Конституциясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі» деп аққа қара жаққандай анық жазылған. Қазақ елінде жалғыз ғана мемлекеттік тіл бар, ол – қазақ тілі. Бірақ та, ұзақ жылдар ұлыорыстық шовинизм деген дертпен ауырған пенделер мемлекеттік тіл мәртебесін алған қазақ тілін әлі күнге дейін қажетсінбей келеді.

Ал енді осы жайлардың бәрі елдегі басым ұлт болып саналатын (жалпы халықтың 70 пайыздан астамы) қазақтардың намысына тиетіні айдан анық. Шеттен көшіп келген қазақ бауырларымызды былай қойғанда, Оңтүстік облыстарда қазақ тілінде оқыған, орысша бір ауыз сөз білмейтін қалың қазақ жастары өсіп келеді. Олар орыс тілін білмегені үшін өз елінде жүріп ЕКІНШІ СОРТТЫ АДАМҒА  айналуда.

Өткен жылы дүнгендермен болған қақтығыс, оның алдында Қарағандыдағы армяндарға қатысты оқиға, биылғы жылғы  Ақтаудағы грузиндермен болған жай – бәрі де осы тіл білмеуден және қазақ тілін сыйламаудан туғандығы айдан анық. Орыс тілділердің (олардың арасында қазақша білмейтін қазақтар да көп) айтатын уәжі: біз орысша оқыдық, сондықтан тіл білмейміз. Ал сонда қазақша оқыған жастардың құқығы неге тапталуы тиіс? Неге қазақша оқыған жастар орыс тілін үйренуге тиіс те, орысша оқығандар мемлекеттік тілді меңгеруі міндетті емес.  Соңғы жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қақтығыстардың басты себебі – қазақ тіліне деген құрметтің жоқтығы болып отырғаны дау туғызбас шындық.

Мемлекеттік тілді білу міндет

Жүзден астам ұлттар мен ұлыстарға мекен болып  отырған қазақ елінде ұлтаралық татулық орын алсын десек, ең алдымен халықтың басым бөлігін құрайтын негізгі, яғни байырғы ұлт – қазақ ұлтының мемлекеттік мәртебе алған тілін заң жүзінде сол мәртебеге лайықты ету қажет. Ол үшін Ата Заңның 7 бабындағы орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей қолданады деген тармақты алып тастап, қазақ тілін білуді міндеттейтін жаңа тіл заңын қабылдаған жөн.

Қазіргі ұлтаралық жағдай мынаны көрсетіп отыр: ұлтаралық қақтығыс туа қалса оған ең басты және жалғыз себеп – қазақ ұлтының мемлекеттік мәртебе алған  ана тілін өзге ұлттардың мойындамауы, сыйламауы, үйренбеуі болатыны қазіргі жайдан анық көрінуде. Тұрақтылық, татулық еліміздің басты байлығы дегенді биік мінберлерден саясаткерлеріміз жиі айтып жатады. Бұл – дұрыс. Бірақ сол ұлтаралық татулықты сақтау үшін қажетті ең бірінші және негізгі шаруа – ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ екендігін  неге естен шығарамыз.

Аяқ асты болып тапталған қазақ тілі – бұл ең алдымен, аяқ асты болған қазақ ұлтының намысы екенін, ал намысты таптаудың жақсылыққа жеткізбейтінін әрбір ақыл-есі түзу адам түсінуі тиіс. Ортақ үйіміздің түтіні түзу ұшуын, татулық пен бірліктің болуын бәріміз қалаймыз, бірақ бұл татулық қазақ ұлтының, оның ана тілінің аяқ асты болып тапталуы негізінде жүргізілмеуі тиіс. Егер бұл мәселе елімізде заң жүзінде нақты шешімін таппаса, ұлтаралық кикілжің осылай одан әрі де жалғаса бермек.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика